Тағы да 48 сағат
Осындай фильм бар, Эдди Мерфи ойнайтын.
Бірақ айтпағым ол емес еді. Айтайын дегенім — суботы күні дүкеннен тәтті-пәттілер алып, қайтадан ауылға тарттық.
***
Ертесі күні, тойыс кеше, дәлірек айтқанда жексенбі күні көршілерді жинап, құдайы шай бердік. 1 наурызда тәтеміздің (шешеміздің) туған күні еді. Отыз жылдай араласып-құраласып жүрген көршілеріне әке-шешеміздің жоқтығын білдірмеу ғой біздікі. Түстен кейін әке-шешеміздің басына барып, Құран оқып қайттық.
***
Қалаға қайтар жолда Бәйтерек (бұрынғы Новоалексеевка) ауылына жете бергенде, мәшинемнің өткен аптадан бері қатты кірлегені есіме түсіп, жолдың бойында тұрған Роял Петролдың заправкісіндегі мәшине жуатын жерге бұрыла кетейін дедім. Өшіретте үш-төрт мәшине тұр екен, екі мәшине бес минуттан кейін кіріп кетті. Содан жаңағылар қашан шығады екен деп күтіп отырдық… Бір сағат! Нербі сыр бере бастады: кіріп кеткен мәшиненің бірі құртақандай ғана «Фольксваген-Гольф» еді. Ішінде оны қалай жуып жатқанын білмеймін. Қараңғы батып барады. Содан «кішкентай Гольфты бір сағаттан ұзақ жуса, менің мәшинеме қанша уақыт кетеді екен, құрысын» дедім де, мойкіні жақсылап сыртынан бір боқтап алып, тас жолға қайта шықтым.
Бір шетінен бір сағатым босқа кеткеніне ішім ашыса, екінші жағынан олар көлікті жуып біткенше күтуге кететін тағы бір сағатымды үнемдегеніме шүкіршілік еттім. Сонда да көңілде негатив басым: сол жерге бұрылмай кете берсем, екі сағатымды үнемдер едім!
Опшм, жаңағы мойкіге екінші бұрылудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Құлжа тас жолымен жүретіндеп, мекенжайын естеріңе сақтап алыңдар. :)
***
Қалаға келісімен, үйге азық-түліктерімізді алдық та, үйге келдік.
Бітпеген істер әдеттегідей осы аптаның аяғына қалды тағы.

Бұрышта бір бала жылап тұр. Жолай өтіп бара жатқан біреу: «Балақай, неге жылайсың?». Бала: «Шешем 1 сом берген, соны жоғалтып алдым». Әлгі кісі: «Е, жылама, балам. Мә, мен -ақ, берейін 1 сомды. Ала қой». Бала жылауын үдете түсті. «Мен 1 сомды жоғалтпағанымда, сіздікін қосқанда 2 сомым болуыш еді»)))