Никита Ливада – бильярдтан ең жас әлем чемпионы
Қазақстанда өткен орыс бильярды аралас пирамида (комбинированный пирамида) түрінен әлем чемпионатында он бес жасар Ресей бильярдшысы топ жарды. Жартылай финалда әлемнің үш дүркін чемпионы болған отандасымыз Қаныбек Сағындықовтың жолын кесті. Ақтық сында Никита Ливада украиналық бильярдшы Александр Паламармен кездесіп, 6-3 есебімен жеңіске жетті. Финал өте тартысты өтті. Никита салқынқандылық танытып, өзіне деген сенімділікпен тамаша шебер ойыншы екенін дәлелдеді. Әсіресе, соңғы партияда Паламардың 7-0 қылып тұрған есебінен асып түсіп, 7-8 нәтижесімен ойынға нүкте қойды.
Никита Ливада — бильярд ойындары тарихындағы болашағы зор ең жас чемпион.
Ливаданың ойыны туралы «Адам еес, робот па дерсің. Ешқандай қатесіз, мүлтіксіз ойнады» деп таң қалысып жатыр ғой.