Kcell тренингін қалай ұйымдастырдық?
Блог Құрылтайдың бас демеушісі GSM Kazakhstan/Kcell компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүріп, кеңселеріне жиі бас сұғуға тура келеді. Сондай кездесулердің бірінде Еркін Үдербайға (Kcell Жобаларды басқару бөлімінің маманы): “ҚазҰУ журналистика факультеті студенттеріне арнап, бір кездесу ұйымдастырсақ” деген ойымды айтып едім. Былтыр осындай бір шараны Nokia компаниясымен бірлесіп өткізген едік.
Оларға оқу орындарымен байланыс жасап, өздеріне насихат керек, ал бізге жас журналистердің осы бастан телекоммуникация нарқындағы ойыншыларды іштен тани бергендері керек. Сөйтіп, өткен сенбіде бір күндік тренингтің бағдарламасын әзірлеп, ұйымдастырдық.
Биылғы семестрде менің ҚазҰУ-дағы курсымды 14 студент таңдағанымен бәрі бірдей жаңа медиаға қызыға бермейді. Сондықтан 3 студент маған белгісіз себептермен тренингке қатыспады. Есесіне қатысқан студенттердің төртеуі құр қол қайтпай бірі SonyEricson телефонын, екеуі Kcell USB-Modem және бірі жұбаныш сыйлығына ие болды.
Жас журналистермен тәжірибесін бөлісіп жүргендер үшін пайдалы болар деп, тренингтің қысқаша сипаттамасын ұсынып отырмын.
Танысу. Студенттер бір-бірін жақын білгенімен, жаңа қызметкерлерді көргенде комплекс пайда болуы мүмкін. Сондықтан бірден теориялық дәріске көшпес бұрын лекторлармен бірге ойын ойнаған жақсы. “Жеміс салаты” ойынын қолдандым.
Контент. Негізінен тақырып телекоммуникация болғандықтан әр студенттің алдында интернет қосылған компьютер болғаны дұрыс. Жалықтырмас үшін барлық мәліметтер визуалды түрде слайдтармен көрсетілді. Презентациялар 30 минуттан аспай, уақыттың көбін аудитория сұрақтарына жауап беруге пайдаланған қолайлы.
Спикерлер. Бізде тек екі спикер болды. 30 мин сайын ауыстырып отырдық. Түске дейін теория болды да, түстен кейін практикалық тапсырмалар орындады.
Түскі үзіліс. Ауыр тамақ беретін болсақ, қатысушылар түстен кейінгі практикалық тапсырмаларды орындауда ұйықтап қалуы мүмкін Сондықтан дәмді пицца жақсы шешім болды. Есесіне тренигті ертерек аяқтап, соңынан дастархан басында күнді қорытындылауға болады.
Практикалық тапсырма: Тренингтің қаншалықты сәтті өткенін межелеуге болатын кезең. Kcell компаниясы өкілі бір апта бұрын орын алған кейсті (компанияға қатысты бір жағдай) түсіндірді. Студенттерге қосымша мәліметтерді қайдан алуға болатынын, мақала құрылымына қатысты кеңестер айтылды. 40 минуттан соң қатысушылардың жұмыстары тексерілді. Мұндағы мақсат көптеген журналистер телекоммуникация нарқын сараптағанда жіберетін қателіктерді саралау болатын. Қатысушыларға PR бөлімінің маманың мақсаты компания атына кір жуытпау екенін, сондықтан бір ғана спикердің сөзіне сүйенуге болмайтыны ескертілді.
Марапаттау: Ең үздік деп тапқан жазба иелеріне сыйлық (SoniEricson телефоны, 2 USB-modem) берілді.
пысы. Бұл тектес шараларды әлі де болса қолға алып дамытқым келіп жүр. Себебі универдегі білім көбіне бүгінгі нарық сұранысынан көш кейін қалып жатады.
Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/28/kcell-%d1%82%d1%80%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%bd%d0%b3%d1%96%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%9b/

4 пікір