Минус бір

Осы сайтты ластамай салихалы әңгімелер жазсақ қайтеді?
Не болса соны талқылауға әуеспіз, қарап отырсам.
Шіли офтопик, утір нүктеге ілініскен жастарым ұсақталып кеткен бе деймін.
Жазылған мақаланың пікірлерінен бір-бірімен жарысып санасудан басқаны көру мүмкін емес
Осы төңіректе ойланып көрейікші.
Бөлісу:

20 пікір

Qydaibergen
Әрине, ұнамаса келмей-ақ қой деулерің мүмкін, бірақ отырған жерімізге тышпай-ақ қояйықшы.
AKY
Утір — нУктелерге ілініспей отырайық.
nurbergen_makym
[Осы сайтты ластамай салихалы әңгімелер жазсақ қайтеді?]
Салихалы әңгіме деген қызылтіл қыздырмасының қандай категориясы?
[Не болса соны талқылауға әуеспіз, қарап отырсам.]
Енді, өмірдің өзі не болса сол ғой. Бәлки, сіздің пәнидегі әр күніңіз салихалықтың салмағынан сықырлап сыңғалы тұрғандай болар. Хош делік. Бірақ, сайып келгенде мен үшін де Сіздің пікір не болса, сол!
[Шіли офтопик, утір нүктеге ілініскен жастарым ұсақталып кеткен бе деймін.]
Сіздің аса бір ірілік байқап тұрған жоқпын. Ірілігіңіз минустау болса, шілдей тірлігіңізден жастар қайдан пілдей бола қойсын.
[Жазылған мақаланың пікірлерінен бір-бірімен жарысып санасудан басқаны көру мүмкін емес]
«Күлтөбенің басында күнде жиын» шақтарда да, осылай болып ед. Осылай бола береді.
[Осы төңіректе ойланып көрейікші.]
Ойланып көрдік: не болса соны жазыпсыз.
Qydaibergen
Нұреке, бүгін келген кімсің дегеннен туған пікір олар деп отырмын.
Минусты әдейілеп қойғам, ол да бос қалған жоқ, админ де бандаған жоқ. Бір бос жолдыбай әңгімеге арналған, жүгенсіз сайт па деп қалдым. минусталғандар зарплата туралы мақалаға барды да осы минустарды талқылады. Кіріп көр. Сатыбалдыға малсың деп едім ол да талқыға түсті сол жерде. Сонда деймін оффтопик пікір жазушылар көзіне қарамайды ма? Өйтетіндерің бар екен, неге админге сәйкес бөлім аштырмасыздар/ ашпайды.
Malimetter
Ластамайық деп, көрінген жазбаған минус қойып жүргенің қалай?
qisyq
"+" қойып үйреніп қалған қайран басым-ай… қолым қалт етіп, қу тұрмыстың жетегінде, қырт әңгіменің етегінде кеткен жастарымыз жайлы салмақты, салихалы жазбаға "-" басамын деп "+" қойып тастаппын… Кешіре гөр, Құдайберген… Сенің «ах» дегенде көрінер ақ пейіліңді бұл құрғыр қазақ, сатқын қазақ, дарақы қазақ, алды-артын ойламайтын қазақ түсінбейді-ау, түсінбейді… Өз дәуірінің алау оты болып Абай да өткен қан жылап, халқын ойлап, Ақан сері де өткен арқырап, Бұқар да өткен буырқанып… Кім біледі, жылдар өтер, ғасырлар кетер, біздің балалардан тараған ұрпақ өзіңнің осы бір алтын жазбаңды, астарлы сөзіңді интернет қойнауларынан тауып алып, ұлағат көрсетер, ұлықтар… «Бұл қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің жамандықтан аманы жоқ» демекші біз секілді өңшең көрсоқыр, мысықтілеу, майда тірлік, қыбырлаған пенделер дәл осы сәтте, нақ осы шақта сенің самал желмен ілесе жеткен саналы ойларыңды қадірлемейді де, қастерлемейді де… Сондықтан біздің «шіли офтопик, утір нүктеге ілініскен» кейпімізге, «не болса соны талқылауға әуес» түрімізге, «жазылған мақаланың пікірлерінен бір-бірімен жарысып санасуына» алтын жүрегіңді ауыртып, асқақ пікіріңді айтып, жүйкеңді жүндей тоздырып қайтесің…
Әй, бірақ, табиғатынан тобырдың жайына көз жұмбай тұра алмайтын теңдессіз мінез тайсын ба, осы жолдағы күресіңді жалғастыратыныңызға бек сенімдімін. Артық-ауыс айтқан сөздерге сендік кең пейіл, дархан көңіл өзіне тән ақсүйектікпен мойын бұрмасы анық.
Оффтоп сөз айтып, жырқ-жырқ күлген өңкей қыртты атам заманнан бері алапат ой иелері мен ақиқат үшін жан алысып, жан беріскен қаһармандар түзей алмаған, ендігі кезек, ендігі үміт өзіңде, Qydaibergen… «Дүниедегі ең қиын күрес — надандықпен күрес» деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, сенің еншіңдегі бұл жанталас әркім-әркімнің маңдайына жазыла бермесі хақ…
"+" қойғаныма тағы да бір мәрте кешірім өтінемін…
nurbergen_makym
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Түгел ағып кетті, сболыш!
satibaldi
Ішекқұрт тығылатын жер қалмады ))))))))))))))))
Onlasyn
Өлтіріпсің...:):):)
qisyq
Qydaibergen қайда айтқандай?
Ottegin
Мін жерде соққыға жығылып, хал үстінде-ау дим:-)))
Qydaibergen
Әйтәуір, тебуге мәстірсіңдер ғой, кеттім ертең келем.
Abilakim
Құдайберген-Құдайдан минус сұрай келген-деп не болса соны жазып отыр дид)))
Gastarbaiter
Шыныға бер)) Бұл жерде өзіндік атмосфера мен жиілік жылдар арқылы қалыптасқан. Сенің жиілігің сәйкес келмесе, алдымен «Гуру»-лардан. Содан кейін қолшоқпарлардан, және ең соңында көтқұмандардан звезды жеп қайтасың. Не қарайсың аларып??Өмірде де солай емес пе?
KILYZAMAN
Пиғылың өте дұрыс! Ендігі жерде пейіліңді түзесең — еш ренжімей барымызға разы болып, біз сияқты қисықтарды түзеуге тырысасың бауырым :-) Ырылдарсың-қаппассың…
ken
Пiкiрлер мен минустерге караганда…