Егер қайтадан кездесіп қалсаң?...

Түрікше бір романтикалық кино қарағам. Жақсы кино. Киноның соңғы жағын сіздермен бөлісейін дедім. Оқиға былай: жақсы жүріп жүрген қыз бен жігіт бір күні айрылып кетеді. Бірнеше жылдан кейін кездейсоқ кездесіп қалады. Сол кездесулеріндегі сөздерді қазақшаға аударып, видеоның астына қойдым. Егер осындай оқиға сіздің басыңызға келсе не істер едіңіз?



Жігіттің ішкі дауысы:
— Ешқандай да жақсы емеспін Ада. Сені ұмыта алмадым. Бұлай болады деп ойламаппын. Барлық нәрсе боқ. Сенде қалай, өтті ме әлде менен кек алып тұрсың ба? Күліп тұрсың, шынымен бе? Бұлай болады деп еш ойламаппын. Сенен айрылған алғашқы күндер өзімді құс сияқты сезініп едім. Саған да өзіме де жақсылық істедім деп ойладым. Кішкентай ғана бір нәрсенің менің күл-талқанымды шығарғанға дейін.

Сенен қалып қойған бір заколка мені мазақ қылды. Сол күні мен сені және нелерді жоғалтқанымды түсіндім. Енді ешқашан сен болмайтын едің. Басқа біреумен де бұлай бірге бола алар емес едім. Саған ұқсайтын беттер, иісіңе ұқсас иістер, даусыңа ұқсас дауыстар шығатын еді қарсыма. Әлде маған солай көрінді ме екен? Білмеймін. Білесің бе, қай жерде жоғалтып алғаныңды білмейтін сол заколкаң әлі қалтамда жүр.

Өз дауыстарымен:

— Жақсымын. Өте жақсымын. Сенің дүкеніңді риелтор офисі қылып жіберіпті.

— Aaa иә. Синем айтты.

— Мен де жақында сол жерден өтіп бара жатыр едім. Сол кезде көрдім. Шаруам болып қалып еді сол жақта.

Жігіт ішкі даусымен:
— Жоқ, Ада, өтірік айтып тұрмын. Мен әрқашан сол көшеге барып тұрамын. Бәрі бұрынғыдай деп ойлаймын. Сөйтіп тұрамын сол жерде. Сенің дүкеніңде отырғаныңды, ішінде кішкентай қаһармандар істеп отырғаныңды (Аршат: қыз әр түрлі кейіпкерлер костюмдерін тігетін еді) ойлаймын. Өз өзімді алдаймын. Жұбанамын.

Өз дауыстарымен:
— Мамаң қалай, жақсы ма?

— Жақсы. Немерелерін бағып жатыр. Келіп тұрады анда-санда, мен де барып тұрамын.

— Сағындым Мүзейен апаны. Қонаққа барамын деп едім, бара алмадым.

Қыз ішкі даусымен:
Сенен айрылғанан кейін аз уақыттан кейін мамаңа қонаққа бардым. Сенің туылған үйіңе. Балалық шағың өткен ауылға сүйіктім. Мамаң екеуің сен туралы кішкене саяхат жасадық. Саған айтпасын деп уәде алдым мамаңнан. Өскен үйіңді, ұйықтаған жастығыңды көрдім сүйіктім.
Сені, балалық шағыңды ойладым. Сен сол жерде едің және бір күні менімен танысатыныңды білмейтін едің. Сен тіземе жаттың, мен саған хикая айтым, сен өстің. Ойымдағы бір хикая. Білесің ғой мен жазуды ұнататынмын. Екеуімізге бақытты аяқталатын қылып жаздым. Сол үйде сенімен бірге отырдым. Үндемей отырдық. Сен қасыма келіп тұрдың. Бұл соңы еді. Басқа бір өмір еді. Тек қана біз бар едік. Маған қарадың. Үндемей тұрдық. Басқа өмірдегі басқа бақыт еді. Біз бұған лайық едік. Хикаямыз сол жерде әрдайым менімен қалады. Шыдаудың жалғыз жолы осы ғана. Адамның иісі әрқашан бірдей болып қалады екен ғой. Таң қалдым. Сосын сенің бір затыңды алып кеттім. Кішкентай 45-тік пластинка еді. Арданың ертегілері. Үйіңе барып қарайтын болсаң, сол пластинканы кім алғанын ешқашан біле алмайтын боласың. Білесің бе сол пластинка менде, үйімде. Сен мұны білмейсің. Көзімді жұмсам, құшағымда басқа емес сен барсың. Сен мұны да білмейсің.

Өз дауыстарымен:
— Сағат 7 болып қалыпты.

— Иә. 7-дегі сеанс басталды. Кешігетін болдың ғой.

— Жоқ, кірмеймін мен. Балаларға арналған фильм ғой, ішім пысады. Басқа шаруаларым бар еді. Сол шаруаларыма қарайын.

— Хммм… Күтіп отырған біреу бар ма әлде?

— Иә, бар.

— Тамаша. Қуандым бұған.

Жігіт ішкі даусымен:
— Жоқ, ешкім жоқ. Саған өтірік айтып отырмын.

— Білемін сүйіктім. Ешкім жоқ, болмайды да. Басқа біреулердің балаларын, өмірлерін, денелерін кейін қайтарып беруге қарызға сұрап алатын боласың. Осылай әрқашан жалғыз қаласың.

Өз дауыстарымен:
— Рұқсат болса кетейін.

— Жарайды. Сау бол.

— Сау бол.

— Ааа маған сәбіз кексінің рецептін берем деп едің ғой, есіңде ме?

— Ааа иә иә.

— Таптым рецептін. Бір кітаптан. Істеп, жедік. Сенікі сияқты тәтті болмады бірақ та. Бірақ, болады, үміт бар.

— Браво.

— Істеймін әлі дұрыстап.

— Қазірден құттықтаймын.

— Сау бол…

— Сау бол…

Жігіт ішкі даусымен:
— Шіркін уақыт осылай тұрып қалса, сен сол жерде тұрсаң және маған қарасаң, осылай қалсақ екеуімізде, еш бітпесе бұл сәт… Бұларды саған айтқым келер еді… Саған айта алмаған көп нәрсем бар… Жарайды…

Сау бол Ада
Сау бол сүйіктім…

Фильмнің толық нұсқасы (орыс тілінде)
Бөлісу:

93 пікір

Nurgisa
Ішкі дауыстары неліктен өз дауыстары боп айта алмай отыр сонда?

Фильмнің басын көрмегесін бе, аздап түсініксіздеу боп тұрған сияқты мына шарықтау шегі. Аударма мықты жасалыпты, нюанстарды ескере отырып…
asaubota
бірнеше жылдан кейін кездесіп қалып, сезімдері әлі өзгермесе де соны айта алмай бір біріне өтірік сөздермен сөйлеп тұрғандары ғой. ал шын айтқысы келгендерін ішкі дауыстары айтып тұр.
Nurgisa
Онысы түсінікті ғой… Жарайды…
Бүгін есіңе бір нәрселер түсіп отырған шығар. Әдеттегіден сезімтал боп отырған сияқтысың… :)
asaubota
көптен шығарам деп жүр едім, соны түскі үзіліс кезінде шығара қойдым. ал былай бүгін бәрі бір қалыпты. сол баяғы жұмыспен жыныстық қатынас…
TERISKEI
өте тамаша екен, ағасы! Риза болдық, кино үзіндісіне де, АУДАРМАҢЫЗҒА да! қазақша тамаша сөйлете біліпсіз! Көруге тиісті (өзім үшін) фильмдердің ісписөгіне қосып қойдық!
blackbeard
Мен қазір ғана көріп болдым!
asaubota
рахмет, әйтеуір кішкене болса да еңбек қой. соны бағалағандарыңа рахмет.
Abilakim
«Біз көженің сұйығын сұйық деп бетке айтатын жігітпіз»-депті жұмысқа көзі көгеріп келген жігіт әріптесіне.
sammita
жұма ертең емес пеД:)
asaubota
что то көп ешкім пікір жазбапты, соған қарағанда «больная тема» ма деймін :)
kuat
дұрыс айтасың быратан :))))
Жоғарыдағы уақиғаға байланысты менің де есіме бірдеме түсіп кетті.
… ол жағдайдың әсері әлі бар негізі…
бірақ айтқым келмеді :). мұрнын сүртіп, жыламсырап отырған, әлжуаз ботаник болмай ақ қояйынш дедім :)
19852407
ххех!...))) бәрі де мүмкін…
sammita
видеоны қарау мүмкіндігім шектеулі. Аудармасы мықты, түскі тамақтан соң оқып, біртүрлі күй кештім. Әдемі жазыпсың (ерінбей).
asaubota
рахмет. бөліскім келіп, бірақ ерініп жүр едім. бүгін ерінбей шығара қояйыншы дедім.

мен бұрын жүрген 2 қыз мені көріп теріс айналып кетті. ал ең ұзақ жүрген қызбен кездессем ана кинодағыдай болып қала ма деп қорқамын :) күлмеңдер, шын айтам. ол да солай ойлайды деп ойлаймын.
sammita
мен де танымағандай бұрылып кетер ем.
VKM
zhengei kyzganbaidy ma?
men kyzganar edim)
nurbergen_makym
Мектепте бір қызбен жүргендей болып едім.Шынымен ұнады енді :)
Со жақында көріскенбіз, голландықпен тұрмыс құрайындеватр екен.
— Балықбас па? — деп сұрап қалдым.Күлді…
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Gastarbaiter
бізде оларды қатықбас дейд)
bazuka
толығымен көргім кеп кетті мына киноны
asaubota
толық қарағың келсе міне ағылшынша жазуларымен:

www.youtube.com/watch?v=NoefM1d8AZc&p=B99A2E7A45465F53

ескерту: фильм ішінде андай жерлері көп. балаларсыз қараған жөн.
blackbeard
vkontakte.ru сайтында бар!
bazuka
рахмет! ютубтен қарадым, бүгінше жартысын, қалғанын ертен қарайым.
asaubota
кеше осыны бұрын жүрген бір қызыма көрсетіп едім. ана пікірлерде жазған қыздарыңның бірі менмін ба деді.

жоқ, ол емес еді :)
alisha
ішкі даусың «жоқ, сен емес еді» деп тұрғанымен, «Иә» дей салған боларсың;)
asaubota
жоқ, жоқ деп айттым.
AKY
қатыгез, озбыр екенсің)
AKY
жоқ, жоқ деп екі рет айтып))
alisha
ол?
asaubota
пікір жазайын деп едім, түсінбедім дейді. тіркеле алмаған сияқты.
alisha
туһ, бізге көрсеткен тәлімгерлігіңді оған да танытсаңшы енді..қызық болатын еді пікір жазса… анау-мынау пікір емес, ішкі даусын…
konvict
жоқ, жоқ деп айттым.
Ішкі дауыс не деді???
Djina
бұрынғыңызда,қазіргіңізде үнемі жаныңызда жүретін неткен бақытты адамсыз..:)))
asaubota
интернет бар ғой :)
AKY
Кездеспеуге тырысам…
TERISKEI
"… келеді кездескім" дегені ән жолдары бар еді, кездессек қой, шіркін-ай!!!;)
VKM
кейін кездессе романтика болмайтын сияқты, аяныш,өкініш көбірек болатын сияқты(
satibaldi
аяныш,өкініш көбірек болатын сияқты
ық-ық: егер сен ойлағандай ішіп-шегіп кетпей, бай боп кетсе — қызғаныш та болатын сияқты…
VKM
енді болмай,қызықсыз сатыпалды…
Altygradus
мына постты бұрын көрмеген екем, линк бергенің жақсы болды:)
konvict
Осындай посттарды оқыған сайын жаман болып қаламын
Beytanis
Осы мелодрамаларыңды…
asaubota


осы фильмдегі керемет ән. бүгін ФБда Сымбат бөліскен екен.
Dinara
Күшті фильм, күшті ән!
Жігіт психопат бірақ ))
Simona


Мaғaн тaғы мынa екi клип ұнaйды!
Gastarbaiter
Білә, менімен жүрген әрбір қызға өстіп езіле берсем, түгім қалмас еді.
Мой мирімде жүр ғой бәрі в друзьях. Жүргендерім бар, сүйгендерім бар, жатқаным бар, жата алмай қалғаным бар…
Ешкімге мұқтаж емеспін. Бақыттымын. Оларға да соны тілеймін.
Gastarbaiter
И ішімнен:
-О, Жәмилә, сені ғана ұмытқам жоқ! Жәмиля, эх Жәмилә…
— Жо-жоқ! Мадина, Сенің орның бөлек еді… Ерекше ешкімге ұқсамайтын қарым-қатынас олды бізде..Әттең сол күнді қайтарса!
— Жанна, тормоз болдым кезінде кешірші мені, әттең сол күнді қайтарса, сен үшін соңына дейін күресер едім!
— Мақпал, сол таңда такиге отырғызып жатып, телефоныңды да алып үлгермеппін ау, кешір мені…
— Есіңде ме, сен мені Кореялық жігіт деп ойлап қалғаның, ал мен ағылшынша сөйлеп, Ия Кореядан келген оралманмын дегенім… Сол бір сәтті ұмытпаймын, ешқашан.
— Сука, пидаразка сені де ұмытқан жоқпын, Бағила! Құры нақ, прошмондовка, есіме түссең жыным құрысады...Ұрлап кеткен 20 000 теңгең садақа білә…
TERISKEY
көрем деп жүріп, ұмытып кеткен ем осы фильмді. Кеше Улак деген фильмді іздеймін деп отырып, осы фильмге кез болдым. Көрдім. Ұнады ващеее, супер. Жігіт не үшін айырылысатындығын ашып түсіндіре алмады ма дейм. Не де болса, айырылысқандары дұрыс болд, соңындағы керемет оқиғаның тууына себеп болды. Көрмегендер көріңдер
asaubota
жігіт просто іш пысқаннан айрылысайық деп қалды, кейін соған өкінді.

былай ауыр фильм негізі.
ademi_alem
жігіт просто іш пысқаннан айрылысайық деп қалды, кейін соған өкінді. (( кейін не болды? екеуі екі жолмен кеткеннен кейін қыз өзгемен отбасын құрды ма? Егер құрған болса, мына жігітті бір кездері просто іші пысып айрылысып, қызға өзін бақытты етуге мүмкіндік бермей, өзгеге жіберіп қойғаны үшін кешірмеуге болады… (Фильмді толық көрмегендіктен, пікірімде орынды емес болуы мүмкін. Дегенмен себепсіз айрылысып, тастап кеткен адамды кешіру қиын). Ал отбасын құрмаған болса кешіруге де, бәрін қалпына келтіруге де мүмкіндік беруге болады.
asaubota
орысша аудармасын таптым, осыны қарашы vk.com/video-33722680_165059653?hash=d9b86c679fc88577
ademi_alem
Аршат аға, көріп болдым, міне. Бір сәттік сезімді ермек ететін, жан дүниесіне ешкімнің үңілгенін қаламайтын, жалғыздыққа үйреніп қалған жігіт. Оған не болса да қол жеткенге дейін ғана қызық. Ал қыз — мінезді қыз. Жігіт оның мінезіне ғашық болды, бірақ оңай қол жеткізгендіктен оңай тастай салды. (( Арада жылдар өткеннен кейін көріскендегі көрініс…
мына жігітті бір кездері просто іші пысып айрылысып, қызға өзін бақытты етуге мүмкіндік бермей, өзгеге жіберіп қойғаны үшін кешірмеуге болады…
ҚОРҚАҚ ЖІГІТ!!! Қыздың рухы биік екен.
asaubota
жалпы ұнады ма фильм?
ademi_alem
Ұнады. Қыз алаңсыз әңгімесін айтып отырғанда жігіт айрылысатынын айтқан сәт… ((((((( Кездесуін, хабарласуын сиретіп, аралары суығанын қыздың өзі де түсінетін уақыт жеткенде айтпай ма, аяқ астынан айтқан қандай жаман! Отыз жас ғұмырында шынайы сезім болғаны үшін қуанғаннын орнына, қорқақтық танытып… Не үшін қорқатынын ақтайтын бір эпизод болса ғой (бұрынғы қызы себепсіз тастап кеткен болса немесе сенімнен айрылатындай бір оқиға болса), ал мынау себепсізден себепсіз… ((
asaubota
кәдімгідей есеңгіретіп тастайды сол айрылу себебін айту сәті. еркек болсам да оны ақтай алмаймын, дәл осылай қызын тастағандарды көрмедім.
Пікір өшірілді
asaubota
өкінішті… кешір, егер осы тақырып арқылы жараңды тырнаған болсам
jigit
Әдемі Әлем негізі жігіттер жаман болғандықтан айырылыспайды Жігіттер тура мағынасында жалығады Осыдан 1 ай бұрынғы керемет қыздың қазір түгі жоқ қызықсыз
не істейсің?үнсіз кетесің.
Gastarbaiter
МТВ -да любовь на четверых деген типі реалити бағдарлама бар.
ЭКС көңілдестер бүгінгі көңілдестерін ертіп бір қонақ үйінде екі күн тұрақтауы керек.
Бұрыңғы көңілдестерін жалғыз қалдырып, бүгінгі көңілдестері сырттарынан камера арқылы бақылап отырад.
Әжесс-ай, экс-көңілдестерін былай бір көруге ешқайсысы кетәрі емес қарап отырсаң, «Ах, ты кобелина» десе ренжиміз.
ruben
бізді оңайжетімді «махаббат» қой құртқан. әйтпесе түріктердің романтикасын жатырқамаушы едім
asaubota
шынында солай ғой, Қазақстанда қыздар тез сынады. секс әрине романтиканы өлтіретін үлкен қару.
temir1986
Қайдағы -жайдағының бәрін еске түсіріп… Мұңайтып жіберді ғой!
dark_nazgul
әйтеуір бірдеме жаза салғым келіп отыр
zholantai
жаңа жүктеп алдым, өткізіп-өткізіп қарадым, музыкасы зор екен, сындым, құладым. Жалпы Түркиялық фильмдердің әуені айбат болад ғо.
asaubota
кейбір фильмдер болады, ұнайды бірақ тек бір рет қана қарайсың. мынау да сол, екінші рет қарауға шыдамас едім. өте ауыр фильм.
zholantai
үйге барған соң, көрем. соңғы көрген түркиялық кино- «Anadolu avi» еді. артхаус фильм болатын. бір беделді кинофестивальдің жүлдесін жеңіп алд, есімнен шығып тұр.
Екінші рет қарауға мәжбүр еткен фильм-күшті, үшінші рет болса-шедевр. мен үшін киноға берілетін баға-қайта көрілетін, көрілмейтін боп бөлінеді. бағамды ертең айтам енді)))
asaubota
қарадың ба?
zholantai
иә, қарағанмын, расын айтсам ұнамаған еді, тек осындағы үзіндісі ғана әсер ете алды,
онда да соңғы екі минуты есеңгіретіп кетті,
bizbike
Негізі «көзден кеткен көңілден де кетеді» деген бар ғой.
aza
2011 жылдары қандай романтик болғансыңдар, қасқалар…
Gokha
Кеше көрдім осы фильмді, керемет, әлі әсерінен шыға алмай жургенім, рахмет авторға
nurshat-alimkyzy
көптен драма көріп, жыламап едім, мына киноңыз дәл тиді. Әйел заты қандай болса да өзінің табиғи миссиясын орындап кетеді ғой, тіпті жап-жақсы отбасыға айналады. Ал жігерсіз иттер бақытқа лайық емесін біледі, тәнімен қоса жаны да өмір бойы қаңғыбастың күйін кешеді.
asaubota
қайтадан бір қарадым мына фрагментті
Saniya
Киноны көріп шықтым…
Жігітке ұқсайтынымды түсіндім, өкініштісі сол ((
kozildirik
Қарамадым…
MeihuaZheng
Әдетте ың-шыңсыз сыйластықпен айырылысатындықтан, еш эксыма өкпем жоқ. Оларды көрмеймін де былай. Көбісімен әлеужелде байланыстамыз. Сондықтан кездесе қалсақ — амандық саулық сұрасып тарқаймыз. Басқалай болуы мүмкін емес
asaubota
маған 2 қыз бұдан былай бір бірімізді еш көрмейік деді. көрмеуге тырысамыз. бірақ маған бәрібір. ТВлардан көретін шығар :)
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Saniya
А вы вообще любили их?
asaubota
бәрін емес. көбіне қыздар мені жақсы көретін, ал олай маған қызық емес болатын. қыз ұнатып тұрса да маған ұнамаса болмайтын
Saniya
Онда кинодағыдай сезімді сезіну бұйырмаған екен ғой))
asaubota
болмады. бірақ жақсы нәрселер де, жаман нәрселер де болды. оларды жазбаймын, тек айтып бере алам :)