Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал.



Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары бүгін жалғасады. Хабар мен Қазақстан каналдары тікелей көрсетеді.

23.02.2011 01:45 Лион — Реал Мадрид ХАБАР
23.02.2011 01:45 ФК Копенгаген — Челси ҚАЗАҚСТАН
24.02.2011 01:45 Марсель — Манчестер Юн ХАБАР
24.02.2011 01:45 Интер М — Бавария ҚАЗАҚСТАН

Бүгін ең қызық ойын лион мен Реалдың ойыны. Өткен жылы Лион өткен болатын, биыл Реал реванш алуға тырысады. Келесі жұптың фавориті Челси болып көрінгенімен, олар биыл ойындарымен мәз қылып жүрген жоқ. Копенгаген өз алаңында жақсы ойнайтын команда, бүгін Челсиді ұтса таң қалмау керек.

Ертеңгі ең қызық ойын Интер мен Баварияның ойыны. Бұл жолы Баварияның жолы болады деп ойлаймын. Ал Манчестер Марсельді қиналмай өтуі керек.
Бөлісу:

22 пікір

Nurgisa
Лионның былтырғыдай азуы жоқ сияқты биыл. Реалың ішкі біріншілікте талай мәрте омақаса құлады. Роналду Мессише шіренгісі келеді бүгін. Әйтеуір осы португал бозбаласынан бір таңсық күту орынды. Бұл ойын меніңше қорғаныс редуттарын мықтап ұстаумен дарақыланатын ойын болады. Екеуден артық гол соғылмайды. Реал өзі соқпаса да, жеңілмейді.

Ал Челси қанша жерден премьер лигада асығын алшысынан түсіре алмай жатса да, чемпиондармен лигаласуда құлашты кеңге жаяды. Есеп 0-2 болады, немесе екі доп айырмасымен Челсидің пайдасына шешіледі.
asaubota
өткен аптада букмекерлер бәрін алдап кеткені белгілі. бүгінгі ойындарда да солай болады. фавориттер жеңбейді. үйлеріне барып жеңеді :)
Nurgisa
Реалың үшін бүгін букмекер екен, реванш маңызды бола ма деймін. Дегенмен, қонақта тең ойынды місе тұтып, өзіміздікінде көсіле шабармыз деулері де мүмкін-ау…
Erkekyz
Бәрібір Челсиға болысамын. :)
akpatscha
Реал жеңілмеуге тиіс, ең болмағанда бір гол айырмашылығымен жеңеді.
qisyq
«Реалға» Зиданның кезінен қалған ұнатудың қалдығымен жанкүйер боламын. Интер-Бавария… тағы Баварияға жақтасармын, мүмкін ұтып кетер:)))Ал қалған екі ойын қызық өтсе болды.
asaubota
бүгінгі ойындарда гол көп болатын сияқты. 4 команда да бір біріне гол соғады деп ойлап отырмын. ал ертеңгілер голға қысыр.
Nurgisa
Копенгаген соқпайды Челсиге.
huanysh
өзінде Барсаға соқса Челсиғада соға алатын секілді.
huanysh
Лион — Реал Мадрид 1:1
ФК Копенгаген — Челси 1:3
Nurgisa
Кешегі айтқан жорамалымның бәрі дұрыс шыққан секілді. Реал Лионнан жеңілген жоқ және ойында екі голдан көп соғылған жоқ.
Копенгаген Челсиге соқпады, есеп 0-2, Челсидің пайдасына.
asaubota
ол енді оңай болжамдар ғой. кірпіге де белгілі ғой Реалдың жеңілмейтіні, гол соқпау ықтималдығы әрине Копенгагендікі жоғары болды.

Қуаныштың болжамдары дұрыс шыққан. Челсилардың разницасын тауыпты.

Бүгінге қандай болжам бар?

мен Марчестер анық жеңеді деп отырмын, ал Миланда 1-1 тең ойын болатын сияқты.
huanysh
Марсель 0 — 1 Манчестер Юн
Интер М 2 — 2 Бавария
Nurgisa
Марсель — Манчестер Юн
Интер М — Бавария

МЮ өткендегі Рунидің голынан кейін баяғы пәрменімен қайта қауышқан сыңайы бар. Марсельдікі бірде олай, бірде бұлай. Көп гол соғы маңызды болмайды бұл ойында, меніңше. МЮ өз алаңында еркін көсілерін біледі. Сыртта маңыздысы өз қақпасын дін аман сақтап қалу. Манчестер жеңілмеді, Марсель 1 гол артық соқпады. Меніңше, 0-0 болады таблодағы есеп.

Келесі жұп, сөзсіз, десерт. Иә, Интер баяғы Интер емес. Баварияң да, мысалы, оңып тұрғаны шамалы. Бірақ аттары дардай. Және сол дардай ат бүгін стадионды лық толтырады. Ал есеп 1-0 болады, алаң иелерінің пайдасына.
Nurgisa
Марсель — Манчестер Юнайтед арасындағы ойынның есебі дәл шығыпты.
Интер М — Баварияның есебін, қанша гол соғыларын жорамалдағаныммен, кім ұтарынан жаңылысыппын. Бұл ретте Әбіләкім тапқан сыңайлы, Баварияның бір доп айырмасымен ұтып кететінін.
huanysh
Жақсы тауған екенмін. Л-Р дәл шықты! 6-7 коэф. )
Бүгінге МЮ қолда келгенше өткізбеуге тырысады,
мүмкін бір гол соғып кетер, егер Нани, Руни н/е Бербатов бағы ашылса.
Миланда ашық ойын болатын секілді.
Марсель 0 — 1 Манчестер Юн
Интер М 2 — 2 Бавария
Nurgisa
Аршат мына пікірімді оқи алмаған секілді:

Лионның былтырғыдай азуы жоқ сияқты биыл. Реалың ішкі біріншілікте талай мәрте омақаса құлады. Роналду Мессише шіренгісі келеді бүгін. Әйтеуір осы португал бозбаласынан бір таңсық күту орынды. Бұл ойын меніңше қорғаныс редуттарын мықтап ұстаумен дарақыланатын ойын болады. Екеуден артық гол соғылмайды. Реал өзі соқпаса да, жеңілмейді.

Ал Челси қанша жерден премьер лигада асығын алшысынан түсіре алмай жатса да, чемпиондармен лигаласуда құлашты кеңге жаяды. Есеп 0-2 болады, немесе екі доп айырмасымен Челсидің пайдасына шешіледі.

Екеулетіп екі ойынның да дәл есебін жорамалдаппыз :)
Abilakim
Марсель 0 — 1 Ман. Юн
Интер М 1 — 2 Бавария
asaubota
Баварияға сендім, ал Манчестер сенімді және тігілген бәсті ақтамады :(
Nurgisa
Жазып жатырмыз ғой екі күннен бері есі дұрыс форкасттарды…
huanysh
Гомес соғадау деп отыр едім… соңында ақыр соқты.
Этоны Тимощук құлатқанда пенальти бермеді (