Блог құрылтай өтетін орын

Жұма күні KIMEP-тегілермен кездесеміз деп уәделескенбіз. Олар Блог құрылтайға арнап 7 аудитория бөлінгенін айтты. Сосын кофе-брейк үстелдерін шайға арналға дастарханды қайда қоямыз жаямыз, оған удленитель қайдан аламыз үлкен шәйнекті қалай қайнатамыз, баннерді қайда ілу керек, оны кім, қалай іледі, қабырғаға плакат жабыстыру үшін кімнен рұқсат алу керек, аудиториядағы комптардың паролін кім береді, инет қосатын болсақ оны кіммен нақтылаймыз т.с.с. елене бермейтін бірақ маңызды жайттарды талқыладық.



Бізге білінбесе де сыртымыздан үлкен көмек көрсетіп жүрген Фредерик пен Жаннаға үлкен алғысымды білдіремін!!!
Бөлісу:

8 пікір

talgatjez
Еліміздің қарлы өңірінен келетін қонақтарға пойызға қайтар билетін 21-не алған дұрыс па, жоқ әлде 20-cына сағат 17.00-ке ала берейін бе? (Күніне бір-ақ рет осы уақытта ғана жүреді екен пойыз)
urimtal
Талғат, Алматыда тоқтайтын жеріңіз болса, 21-іне ала бергеніңіз жөн болар.
talgatjez
ОК! Жауабыңызға рахмет!
talgatjez
Біреуден ноутбук алып оған проектор жалғасам қалай болады?
urimtal
презентация жасайтын аудиторияларда проектор, комп болады.
talgatjez
оны білемін, программа орнатуға болмайды дедіңіз ғой. презентация барысында Java мен GeoGebra бағдарламаларын қолдану керек.
urimtal
алдын ала ескерткенің жақсы болады. Бір амалын қарастырамыз, инш!
talgatjez
Проблема емес, Алматыдағы достарымнан тауып алармын. Кимепте проекторды ноутбукқа жалғауға рұқсат берсе болды.