Кәрібай Кастанеда. «Талант»

«Ақзере құшті. Ғұә» ©СаянҮш

Менде бір керемет сюжет бар...: Кәрібай Кастанеда. «Талант»Қадыр О’Делл жаңа қызметкеріне разы. Енді ше: әуелде заңгер қызметіне алғанымен, кейін басқа да таланттарына тәнті қылуда. Тәнті қылған үстіне тәнті қылуда.
Міне, бүгін біртуар адам екенін тағы дәлелдеді. Кабинетіне кіріп барса, салық комитетіне претензияларды бұрқыратып жазып отыр екен.
— Жұмамұрат! – деді ақырын.
— Иә, кіре беріңіз – деді Жұмамұрат қағаздан бас көтерместен.
— Жұмамұрат, сен корпоративті салықтың бланкісін толтыру білесің бе? – деп еді.
— Сол да сөз боп па! – деп, қолынан қағазды жұлып алып, сол қолымен толтыра бастады! Екі қолымен бір уақытта — екі жұмыс істеп отырған адам қалай ғана таң қалдырмайды?
Сол сәтте электрик кіріп келді де:
— Ептібайымайд қытайдың трансформаторы! Компенсаторының дросселін есептеп-есептеп дал болдым, шықпайд, Жұмамұрат-ау! Реактивін баса алмадым: іштегі шамдардың барлығы жанып кетеверед дәнекерлеп бастаған кезде. Тәлібтер!
— Бері кел! – деді Жұмамұрат екі қағаздан да бас көтерместен. Сосын сол аяғымен калькуляторды алды да, шұлығын шешіп жіберіп, башпайларымен сартылдатып есептей бастады: электрик жазып алып та үлгіре алмай жатыр.
Қос қолдап, бір аяқтап жұмысты жапырып жатқаны аздай, қолында карбюраторы бар Құлжұмыр Форд кіріп келіп еді, Жұмамұрат басын көтермесе де, мүңкіп кеткен бензиннің иісінен соның келгенін шырамытып:
— Тағы ма? – деді.
— Тағы… – деген Құлжұмыр Форд, карбюраторын үнсіз оң аяғының қасына апарып, шұлығын шешіп, башпайларына отверта қыстыра салды. Соны күтіп тұрғандай башпайлар карбюраторды өшпенділікпен жөндей бастады.
Екі қол, екі аяғымен төрт жұмысты қопарып жатқан Жұмамұратты тамашалап тұрған есік алдындағы топты бөле жара, директор кіріп келді.
— Жұмамұрат! – деді директор, — мынау 12 калибр «Чарльз Ланкастер» деген мылтығым. Өткен жылы жиырма бес мың долларға алып едім. Әкімнің туған күніне берейін деп едім, жігіттер «ішін майлап бер, су жаңа сияқты көрініп тұрсын» деватыр! Оны немен майлайд, қалай майлайд, қойым біліп пе! Сен болмасаң енді…
— Ааа, әкеліңіз, алдыма қойыңыз, еш қиындығы жоқ – деді Жұмамұрат Саймон міз бақпастан. Директор мылтығын апарып, ұстелдің үстіне қойды. Жұмамұрат шалбарын шешіп жіберді де, әбүйірін шығарып жіберіп, мылтықтың оқпанын майлай бастады.
«Басқа жерде істесе баяғыда байып кететін адам ғой, шіркін...» деп күбірледі О'Делл Қадыр. «Иәәәә...» деп күрсінді директор…
Бөлісу:

7 пікір