Реалда түк бітпеді бүгін...

***
Бастыққа болашақ сайттың концептін айттым. Қолдарымды ербеңдету арқылы болашақ баннерлердің кейпін бейнелегендей болдым. Ұзақ айтқаным соншалық: аздан соң сайт өзіме ұнай бастады.

***
Өте-мөте қымбат көліктерді жөндеумен нәпақа табатын жігіт, диагностикалық аппаратурадағы «00200010: Short circuit» деген хабарламаның «не қыхуйня» екенін білуге компьютерге отырайық деді. «Кароткий замыкание ғо» дедім. «Аха, вапще то дұрыс э! Вот сукі парктроник...» деп, машинаны зорлауын әрі қарай жалғастырды. Ішке барғасын «аудармама» сенімсіз болып, компьютерден бәрібір қарадым (ұялған күлегеш).

***
«Бүйтетін, сүйтетін программа істеу мүмкін бе?» деп сұрады басшылық. Екі аптада жасауға болад дедім. Негізі бір апта да жарайд, бірақ білем мен бұларды, артық айтып қоймасаң болмайды.

***
Экзотикалық ақауды көріп, таң қалдым. Очм былай: жөнделген комп, бірақ алып кетсе — "қосылмайд!" деп жылап, қайта әкеліп тастайд. Ішке әкелсе — істеп кетед. Ақыры өзім барып, розеткаға тестерді тығып, шошыдым: 290 V. UPS арқылы қосып кетіп құтылдым. Электрикке «рекомендеймін» рухындағы хат жазып қалдырдым.

***
Лифтідегі екі қыз тап мен кіргенде мырс етіп күліп жіберді. Шыққасын он бес минут бойы айнадан: арқамда, шалбарымның ауында жыртық жоқ па екенін қарап-қарап, көңілім орнына түсті.

***
Үстелден менен бұрынғы үш қызметкердің жазып қойып, басшылыққа апаруға бата алмай қалған арызын тауып алдым. Біреуі «диспенсер и чайные принадлежности» сұрапТ. Екіншісі «жұмыстан үйге апарып тастау мүмкіндігін қарастыруды» өтініпТ. Үшіншісі «не мои обязанности» сарынындағы «мақала» жазыпТ. Бастық рас айтқан екен: элементар сөздерді қате жазад деп, кейіп отыр еді.

***
Gastarbaiter -дің осы қауымдастығын көріп қалып, өзінің жазбасын оқып, күпәйкемен елестетіп ыржалаңдадым.

***
Mail.Ru-дың… гендік деңгейде сіңіп кеткен пошта екенін түсіндім!
Өте-мөте қауіпті қаржылық құжаттармен жұмыс істейтін жігіттің поштасын біреулер тағы «айдап» әкетіпті. Өзі соншама маңызды адам құсап, «сол, мен әлдекімдерге маза бермей жүрмін» деп қояд құпияланып. Аздаған тергеу нәтижесінде, өткен аптада демалыс күні поштасына компьютер салонынан кіргені анық болды. GMAIL-ді мақтап-мақтап, "әсіресе Сіздікіндей қауіпті жұмыстарға керемет шифрлеу жүзеге асырылған құтты сервис бұл!" деп, көпшікті қойып-қойып, пошта ашып бердім. Біраздан соң, таныс «фішт!» деген дыбыс шықты. Шыдамай қайтадан Майл.Рудан пошта ашып, Агент қосып алыпты. Бұрынғы қимастарымен қайтадан достасу үстінде екен. Айтатын ештеңе жоқ, тек эмоциялар келді.

***
Үйге қайттым. Ертең демалыс деген ойдан, үсті-басымның қутың-қутың етіп қуанып отырғанын байқадым. Адам тән деңгейінде де қуанады екен-ау деп, таң қалдым. Осы автобустың кондукторы сұлу-ау айтпақшы, сөз жоқ, тіфә-тіфә…
Бөлісу:

7 пікір

sigma
Бір-аз шапқылаған екенсің ғой. Еңбегің Алладан қайтсын
1806
Күнімен зайбалың шығып жүрген екенсің
asaubota
түнде үйде бір «жыныстық қатынас» болыпты ғой, не істеді сантехник ертеңіне? қанағаттандырды ма?
sigma
Фума орап, контр гайкамен тартып тастаған болар
Gastarbaiter
Осындай ерекше стильмен жазылса, біреудің ұйқыдан тұруы да өткір сюжетті триллерден артық болады. Іш пыстырып жазатындарға артын ала сын болсын:))))))
«Gastarbaiter -дің осы қауымдастығын көріп қалып, өзінің жазбасын оқып, күпәйкемен елестетіп ыржалаңдадым.»
Елестетіп қажеті жоқ. Ертең жұмыс киім киіп, тачкамен ауладағы топырақты тасыған ұсқынымды көресің:))))
ПЫСЫ; Бұтыңа памперс киіп қарарсың, ағасы!
janarbek
Түсінікті сияқтты