Бокстан Қазақстан чемпионатына бардым.

Азанда ұйқыдан тұрғаннан соң, жуынып шайынып алып, алдынан бері көре алмай жүрген киномның бірі "Әлеуметтік желі" (Фэйсбук ком сайтының негізін қалаушы жайлы) фильмін көріп тастадым. Содан қасыма көмекші баламды шақырып алып, машинасымен жұмыс жаққа барып, шамалы жұмыстарды ретке келтіріп қойдым.
Түстен кейін қасыма достарымды ертіп алып Балуан Шолақ спорт сарайын бетке алып шықтық. Қазір өтіп жатырған Қазақстан Республикасының бокстан өтіп жатқан 20-шы чемпионатының жартылай финалдық жекпе жектерін көруге. Біраз халық жиналыпты барсақ. Атақты боксшыларымыздан Біржан Жақыпов пен Данияр Елеусіновтың қатысуымен өткен жарыстарды көрдік. Қызылордалықтардың жекпе жектері кеше өтіп кетіпті. Ертең жексенбі күні өтетін финалдық жарыстарда тек бір жерлесіміз Рүстем Сыбаев қана бар екен.
Спорт сарайында қазақ спортының жарық жұлдыздары Ермахан Ыбрайымов, Болат Жұмаділовтерді көріп қуанып қалдым. :))
Жарыс күнінің ең қызықты жекпе жегі ең соңынан болғандай болды. Соңынан шыққан 91 келі салмақ дәрежесіндегі Шығыс Қазақстан облысының өкілін Алматы облысының боксері есінен тандырып тастады :)
Опшым ертеңгі финалдық ойындар қызықты болатын түрі бар. Алматылықтардың барлықтарына жарысқа келіңіздер демекпін. Кіру тегін.
Бөлісу:

12 пікір

ushkin
Сағат қаншада болады екен ертең???
saken
«сағат түскі он екіде басталады» — деп хабарлады спорт сарайындағы диктор. :)
saken
айтпақшы, ол жақта Оралдықтар өте жақсы өнер көрсетуде.
janarbek
Былтырғы іріктеуде шыққан мықтылармызы әлемді алаңда топ жара алмады.Быиыл соған қарсы қандаи әрекет қолданады екен!
saken
Қызылордалық Рүстем Сыбаев еліміздің бокстан 2011 жылғы чемпионы атағын жеңіп алды.

Жалпы бүгінгі (20 ақпан) жарыста төмендегі боксшылардың бағы жанды:
49 келі салмақ дәрежесінде Азамат Исақұлов (Жамбыл облысы).
52 келі салмақ дәрежесінде Әли Байбозов (Манғыстау облысы).
56 келі салмақ дәрежесінде Мәди Шолақов (Ақтөбе облысы).
60 келі салмақ дәрежесінде Ғани Жайлауов (Жамбыл облысы).
64 келі салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов (Астана қаласы).
69 келі салмақ дәрежесінде Рүстем Сыбаев (Қызылорда облысы).
75 келі салмақ дәрежесінде Данабек Сужанов (Шығыс Қазақстан облысы).
81 келі салмақ дәрежесінде Арман Рысбек (Солтүстік Қазақстан облысы).
91 келі салмақ дәрежесінде Василий Левит (Астана қаласы).
91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Иван Дычко (Қостанай облысы).
Мені таңдандырғаны Алматы қаласының бірде-бір өкілінің финалға шыға алмауы??
omarbirat
Жалғыз өзім қайсы біріне үлгерейін :)))))))))))
gunner
49 да финалда ұтылып қалған Біржан Жақыпов та Қызылорда ғой? Соңғы Олимпиадаға сол қатысқан қателеспесем.
saken
Біржан Шымкенттік.
Қызылордалықтардың қоржынында Бекболат Жүсіповтың салған қола медалі бар.
omarbirat
Қазақстан чемпионаты кезiнде айтарлықтай дау тудырмаса да, пыш-пыш әңгiме болған тағы бiр жайтты байқадық. Ол – кейбiр боксшылардың басқа облыстың атынан шығуы. Мұндай жайтты бiз көп кездестiрдiк. Мәселен, 81 келi салмақта “су жаңа” чемпион атанған Арман Рысбек – алматылық боксшы. Алайда, Арман Алматы қаласының бапкерлерiне керексiз болып қалғандықтан Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғауға бел буған.

Алматылық бапкер тұз жалап жатқан шығар :)
omarbirat
Үзіндіні «Жас Алаштан» алдым. Сілтемесін ұмытып кетіппін: www.zhasalash.kz/sport/3932.html