"Музей звуков" немесе Юрий Аравин қайда жүр?

Әбіләкімнің  ауылы: Музей звуков немесе Юрий Аравин қайда жүр?
Біздің бала кезімізде ұмытпасам "Қазақстан" арнасынан «Музей звуков» деген бағдарламаны беретін. Орыс тілінде, жүргізушісі де орыс. Қазақ музыкасының қамын жеген Юрий көкеміздің қаншама жастың өнерге деген құлшынысын оятқаны рас. ол бағдарламаны біздің отбасымыз қаншалықты деңгейде тамашалайтыны есімде жоқ, тек «мына орыстың біздің өнеріміз жайлы айтып отырғанын қараш» деп атамның сүйсініп отыратыны есімде. Кезінде арғы аталары жер ауып келген екен деген сөз бар.Әкесі Құрманғазы консерваториясында дәріс берген профессор болған, кейін өзі де «Русская музыкадан» сабақ беріпті. Қазақтың мәдениеті мен өнеріне қала берді тіліне қазақтың жаны ашымай жатқан осынау күндері бұл ағамыз қайда жүр екен?!

Суретті мына сайттан алдым.
Бөлісу:

8 пікір

sigma
«Музей звуков» осы бағдарламаны есім кетіп қарайтын едім. Керемет баяндайды, әрбір аспаптың ерекшелігі, шығу тарихы және аспапқа арнап жазылған шығармалар. Өзі де аз-мыз шертіпқоятыны бар ед. Бір сауатты да, сапалы жасалған бағдарламалардың бірі еді.
sammita
даа, қайдағыны еске түсіріп жібердің ғой:))
meirzhan
Расында да жақсы бағдарлама болатын.
asaubota
кеше ғана осы кісіні еске түсіріп едім :) 2002 жылғы газеттерді сканерлеп отырып, сол кісімен интервьюді көріп қалдым. 2002-де 60-қа толған екен. сонда қазір 69-да.
omarbirat
Юрий Аравиннің аты аталған соңғы датамен белгіленген мақаланы мына жерден таптым.
Gulistan
Мен достарыммен Алматыдағы орталық бассейге барып жүргенде осы Аравин сонда жиі келетін, «неғып жүр» десек, әйелі ме, қызы ма, не де болса өзіне әлдеқайда кіші келіншекті шығарып салып, күтіп алып жүрді.
technosyndrom
Есте, есте ғой. Сондай бір керемет бағдарлама еді. Бір есімде қалғаны:
«Есть замечательный казахский обычай „Эстэрту“ дегені ))) Не деп отыр десем, естірту екен )))
Айтпақшы, Бекболат Тілеухан осының бағдарламасында жүретін еді ғой? )
1806
Дамбра, жетыгэн, шанкабыз, деп жарықтық