Анекдоттар

Оспан Ерланов деген мазохист Абай кизет деген қиын навигациялы сайтты ерінбей ақтарып, мұң, зар, ыза толы қазақтың сорлы, бишаралығы туралы небір мәселелер туралы көлдей мақалаларды рахаттанып, кайф алып оқып отырған кезде қазаққа, қазақ тіліне еш қатысы жоқ, ешқандай мұң жоқ, мәселе жоқ, қарапайым мақала көріп қалып, кайфы бұзылып ішіп кетіпті.

***

Ерініп отырған бір министр байқамай өзінің блогына кіріп, байқамай сұрақ жіберіп алып, лезде жауап алыпты. Өзінен өзіне.

***

Артемий Лебедев қонаққа бара жатыр.
— Қатын менің ана CC0000 жемпірім қайда?
— Ол жемпірің жуылған жоқ, ана FF9900 жемпіріңді кие бер.

***

Екі вебқұрлысшының әңгімесі:
— Slaed ресми сайттарын өзгертіпті ғой.
— Қой ей! Жаңа тема қойған ба?
— Жоқ, Wordpress-пен істепті.

***

Комментерде, форумда флуд істеп, смайлик тастап, тышып жүрген жас инет-дрочерді модератор ұстап алған кезде ана бишара *ұялғаннан жерге кіріп кететін* смайлик таба алмапты.

***

Бір мент өзіне сайт ашыпты, mail.ru-дан. Енді оның сайты бар.

***

Форумда модератор болып жүрген бір қызды қызғанған бір әнші қыз “сука, админмен жатқан шығар модер болу үшін” деп ойлапты. Ал шымкенттік бір олигарх баласын модератор қылып алсын деп әлі күнге дейін админге пара ұсынып жүр.
Бөлісу:

19 пікір

patick
Соңғы екеуіне келгенде кісінеп кеттім :)
sigma
Абай кзтің ондай мақалалар жазатынын (қазақ тіліне еш қатысы жоқ, ешқандай мұң жоқ, мәселе жоқ, қарапайым мақала) білмеппін. Өзімнің оқымайтыныма қуанамын, бұзылып кету аяқ астында екен ғой.
sigma
керекинфода неге модератор жоқ десем… Ешкім бермей жүр екен ғой
sigma
Солар блог ашқанда, өз блогымның форматын өзгерте алмай және мен үшін қарап, жазып, түзетіп отыратын адам таба алмағасын блог атын шытпақ деп өзгертіп едім
sigma
ffffff жемпір кіршең болғасын жақтырмайтыны ғой шамасы
sigma
олардың қасында микрософтта линукс қолданат
sigma
Мал руда менің де сайтым бар :)
omarbirat
Бір мент өзіне сайт ашыпты, mail.ru-дан. Енді оның сайты бар.

Профилімдегі «Сайты:» деп тұрған жер есіме түсіп кетті :)))

Ескерту: Профиліме кіріп, қарамай-ақ қойыңдар — өзгертіп тастағам.
Malimetter
Артемий Лебедев туралы жазылғанды оқып: «Не болды, бұндай да анекдот бола ма? Қандай жемпір ол?» деп отырғандар бар болар :)
patick
Өйтіп өзіңді білімді етіп асқақтатпаш, нақ
Malimetter
Құдай сақтасын!
janarbek
руда менің де сайтым бар (((())))
asaubota
бүгін маған келген бір хат:

клжындарыныз оте унады тек ен биринши сайттан шыккан кажынды тусинбедим сиздерге коп рахмет осы калжындарынызды квнге колданбакшымыз Салеммен Астана каласы 49 мектеп 9 а сынып окушылары
omarbirat
«Не ғой, „Шаншардың Қошан туралы көрінісі қызық шыққан. Соны ойнасаңдаршы. Дайын программа“ деп рекомендеп жіберші оларға
Aldeken
үстінен санағанда екінші анекдот нағыз биатлонның стилінде тұр ғой, қалғандары да, КВН талаптарына келіңкірейді. Келесіде мектеп лигасына барып, осы әнектерді естісем, редакторларға барып, мынау плагиат, қалай өткіздіңдер деп ескерту жасап кетермін… )))))))))))))))
asaubota
бұл анекдоттар ІТ саласына арналғандықтан бәрі түсінуі міндет емес, мен таң қалып отырғаным бұларды 9-шы кластағылар қалай шығаарйын деп отыр КВНға?
Aldeken
Министрлердің блогтары туралы біраз адам хабардар ғой, сосын ондағы сұрақтарға жауап қалай жазылатынын да көбі біледі. Сосын КВН-да «болванка» деген дүние бар, ал, сенің анекдоттарың КВН стиліне келеді, яғни болванка бола алады. Кейде ұтымды болванкалар толығымен бір сезон бойына команданың сценариінен түспеуі мүмкін. Тәкышто, Аршат, бырат, КВН-ға автор болуға толық құқығың да, білігің де бар деп баға беріп қояйын…
asaubota
айтпақшы Ерініп емес Ерігіп болуы керек ана жерде

Ерініп отырған бір министр байқамай өзінің блогына кіріп, байқамай сұрақ жіберіп алып, лезде жауап алыпты. Өзінен өзіне.
a63a1
Комментерде, форумда флуд істеп, смайлик тастап, тышып жүрген жас инет-дрочерді модератор ұстап алған кезде ана бишара *ұялғаннан жерге кіріп кететін* смайлик таба алмапты.