54 пікір

omarbirat
:)))))))))
Көшенің аты жазылып тұратын тақтадан «Мәметов көшесі» деген жазу көріп едім бір рет.
sammita
сотқа берсе ғой кондукторларды. «Абаядан шығатын бар ма?», «Мұңайтпасова дайындаламыз». Бәрі үйреніп қалған, тып-тыныш тыңдап тұра береміз. Бір жылдары Астанада «Амангелді Иманов» аялдамасын 10,25,23 автобустың хабарлағышынан «Армангелді Иманов аялдамасы» деп хабарлап жүрді.
omarbirat
№35 автобус бұрынғы Софья Ковалевская көшесіне жақындағанда, ішіндегі хабарлағыш диктордың даусымен: «Нұрғиса Тілендиев атындағы көшесі» дейтіні бар. Бірдеңе артық боп тұрған сияқты: не «көшесі» сөзіндегі "-сі" жалғауы, не «атындағы» деген сөз. :)
Қалған көшелерді "Өтеген батыр көшесі", «Тұрғыт Өзал көшесі» деп қатесіз айтады.
patick
Негізі байқадым «сі» жалғауын қажетті-қажетті емес жерлердің барлығында қолданады. «Кафе-бар» дегенді «Кафесі-бар» деп, "Қонақ үй" дегенді "Қонақ үйі" деп жазып жүргендерді көріп жүрк :)
Arkosh
Бір рет 92-ші маршруттағы автобусға отырдым. бүкіл аялдамалардың тізімін жазып қойыпты. Бір жағынан күлкіден өле жаздым. бір жағынан сауатсыздығына жаным ашты.
Тізімде көрген кейбір аялдамалар:
Фанфилов, Байтұрсынова, Пажарка, Жержинский,
Nurgisa
автобусға
күлкіден өле жаздым
бір жағынан сауатсыздығына жаным ашты

:)
Arkosh
???
Nurgisa
Жаныңыз ашығанына менің де жаным ашып отыр…
Arkosh
түсінбедім сені
Nurgisa
Арқалық, әлгі пікіріңде аз-кем жазу қатесі кетіп қапты. Жазғандарыма назар аудармай-ақ қой.

АвтобусҚа
күлкіден өле жаздадым
жаным ашыды

деп жазсаң, дұрыстау көрінеді.
Arkosh
асығып отырып жазғандарым ғой! Біреудің қатесіне күлем деп өзің қате жазасың демекшісің ғой! қатесіз жазуға тырысамыз келесі жолы :-)
Abilakim
Сіздің де жаныңыз ашып кетіпті ғой
patick
Сондай қолжазба туындыларынан «Роза Бакиева» дегенді де көргем. «Розыбакиев» деген түрлері. :)
patick
Кондукторлар сөздігі:

Шевченко — Чипченко
Розыбакиев — Роза Бакиева
Gastarbaiter
))))) Бастысы қазақша білмейтіндер емес, қазақшаға судай ауылдың жігіттері солай айтады ғой!
Менің бір курстасым Чіпченкі, Гогля, дегенде өшіп қалатын едім күлкіден.))))
omarbirat
Шевченко — Чипченко
Біздің ауылдың жүгермектері шығар, «Чепшеңкі» деп жүрген :))
omarbirat
«Мамышұлы» дейтін қазақтарды да көз көрген әрі солай айтқанын құлақ естіген кездер де болып еді :)
Nurgisa
Олжасты Алжас дейді…
omarbirat
Иә, ондайлар жетеді. Кілең қазақ істейтін ортаға түскенге дейін «Амар» аталып келдім мен, мысалы. Дұрыс айтпайсың дейін десем, оным «Неге футбол ойнамайсың?» деп, аяғын сүйретіп әрең басатын ақсақ балаға сөйлеп тұрған дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің әңгімесіне ұқсап кететін сияқты боп көрінді.
Ал мына «Мамышұлы» дегенді кәдімгі қазақша сөйлейтін қазақтан естіген едім :)
Zere
«Зиленый базар» осы жерден шығамыз! ))))
saken
Көк базардың жан жағын біраз ретке келтірді ғой әйтеуір, Азиаданың арқасында.
Zere
Сатушылар бүлік шығарып жатыр ғой, егер рұқсат бермесе көшені жауып, көтеріліс жасаймыз деп. Негізі ақша табу керек, бірақ заңға да бағыну керек қой. Мысалы, олар отырған жерлер қоқыс болып жатады. Пайдасынан гөрі зияны көп. Халық болып біз де қарсы екенімізді көрсетуіміз керек сияқты.
omarbirat
Есікке жақын тұрсаң, «Шығасың ба?» деп гүр етіп еңгезердей біреулер зәре-құтыңды қашырады. Кейде көзінде әшкиі бар, ілмиген арық біреу «Шығасыз ба?» деп сыпайы түрде жекпе-жекке шақырғандай болғанына қарап күлкің келеді. «Жоқ, түспеймін» деп құтыламын ондай кезде. Бәлесінен аулақ… :)))
sammita
:)))) бірде айдалада терезеге қарап тұрған маған біреу «Шығасыз ба?» дейді.
Nurgisa
«Жоқ, мен соңғы аялдамада шығам» деген шығарсыз?
sammita
есімде жоқ, шығып кеттім-ау;)))
omarbirat
Жолаушылар да осындай қызықтардан кенде емес :)
Nurgisa
Шымкентте:
«Бекжан базар, приммоойй! Свободны миста йесть!». Жұрт апыл-ғұпыл шауып келеді. Бос орын болмай шығады. Сонда: «Брат, прахади. Апай, аздап сығылысып отырайықшы, мына кісіні сыйыстырып жіберіңіздер араларыңызға».

Атырауда:
«Юностьтан мінген екі адам, запрайез жалғап жіберіңіздер...». Мүлгіген тыныштық. Автобус Абай аялдамасына таяйды. Онда Х.Досмұхамедов университетінің студенттері қаулай мінеді. «Юностьтан мінген екі адам, запрайез жалғап жіберіңіздер»… Мүлгіген тыныштық. Салонда жүргізуші мен кондуктордан өзге екі жолаушы болады.
bazuka
бізде салон пустой, масламер холостой деп айқалап тұрады отыратын орын болмасада)))).
saken
«кейбір» Алматылықтардың құлағына алтын сырға:

Ташкентский Райымбек даңғылы
Ленин Достық даңғылы
Октябрьская Әйтеке би көшесі
Советская Қазыбек би көшесі
Комсомольская Төле би көшесі
Киров Бөгенбай батыр көшесі
Виноградов Қарасай батыр көшесі
Калинин Қабанбай батыр көшесі
Мира Желтоқсан көшесі
Дзержинский Наурызбай батыр көшесі

omarbirat
— Бәррәхолка атижжайым, бәрррахолкааа!
— Месты бар ма?
aktobe88
Kalinina degende esime tusip ketti. Menin bir dosym taxi ustady. Konservatoriyada okiytyn ozi. jatakhanasy da sol jerge jakyn goi deim. Kabanbay batyr jane bir koshenin(esimde jok) kiylysy dep. Sonson taxist: Kabanbay batyrdyn oryswasy ne?-degende, dosymnyn: Kabanbay batyra,-degenine abden kulgenim bar.
Abilakim
Бізде «көгілдір тоғандар» (голубые пруды) деген аялдама бар.Сол аялдамада жүргізуші мен кондукторлар «Голубые есть» деп сұрайды.«Есть-есть» деп апталдай азаматтардың түсіп жатқанын да көрдік…
sammita
:)) бізде де «Кладбище» деген аялдамада «Кладбище бар ма?» деген сұраққа небір тапқыр жауаптар шығып жатады прикол ұстаған))
alisha
Баяғыда ағайым айтушы еді: «Осы жұрт қызық. Абайдан түсем, Сәтбаевтан түсем дейді. Абайдың мойнына мініп келе жатқандай»,-деп…
bazuka
студент кезімде 26 маршрутта масломер болып жүретін бір апайды білетін ем аялдамаларды таза қазақша және орысша ерінбей қайталап айтатын.
Nurgisa
Осы кондукторлардың аялдамаға жетпей жатып жүргінгішілерге «бол да бол» деп, анау есігін ашпай жатып түсіруін өтіне талап ететіндері ұнай бермейді. Одан соң міне берсең бірден «віңңң» ете зуылдай жөнеледі ғой, көргенсіздер. Жас-кәріңе пысқырмай. Кейде жолаушы байқаусызда тұрақтылану рефлексі сыр беріп қап, ыңғайсыз жағдайға тап болып жатады.

Бір-бірімен жан алысып, жан берісіп шумахерлесулері өз алдына бір төбе. Озғаныкі мәртебе. Мәжбүрлі тәуекел тобы — сіз бен біз…
patick
Осылай деп наразылық айта бастасаң, "Ұнамаса таксимен жүр" деген жауаптары тіптен шалқадан құлатады :)
sammita
"өтіне талап ететіндері"
«асықпай тез-тез түсіңдер» дей ме:))
omarbirat
Автобус айдаушылар мен кондукторлар жүріп бара жатқан автобусқа қарғып мінетін, толық тоқтамай жатып секіріп түсетін каскадер жолаушыларды ерекше жақсы көреді өзі :))
bazuka
масламерлер сыймай қалған жолаушыны итеріп жібереді сосын, біррет бір қыз күздің қарасуығында шалшық суға былш ете қалды, ол кісі өлі ма тірі ме шаруалары жоқ тайып тұрды аялдамадан.
bazuka
біррет осылай шумахер болғысы келген автобустың жүргізушісін бір джипте келе жатқан жігіттер қатырды, сазды аялдамасынан шыға бере автобустың жүргізушісі жанында келе жатқан джиптін алдына түспекші болып жанталасып еді, джиптегілер жол берді. жүргізуші рахмет айтып өте шығудың орнына аналарға басын шығарып бірдеме деп айқаласып еді олар ерегісіп алдына түсіп алды да жәй жылдамдықпен жүрді де қойды, 12 шағын ауданнын аялдамасында тап алдына келіп тұрып алды)) не алдыға не артқа жүре алмай зығырданы шықты шопырдың))) мен 11ш.а түсіп үйге кетіп бара жатқанда әлі джиптегілерді жүргізби бара жатқанын көрдім. шопырдың жым болғанын көріп джиптегі жігіттерге жарайсындар дедім ішімнен.
alisha
барлық жақта осылай екен-ау… сосын біздікілер «Анау бір жерден түсіріп кете қоясыз ба?» десе, тәртіп сақтағыш бола қап: «Болмайды. О жерде астанопкы жоқ» дейді. Ал, сол жерде біреу — міреу тұрып «ала кет» деп, қол көтерсінші… тоқтайды… мінгізеді… Тәртіптері құрсын…
bazuka
Алиша негізі Оралдың қоғамдық көліктерінде тәртіп жақсы сақталады. газельдерде орын жоқ болса жүргізушілері болмайды деп артық кісі отырғызбайды.
alisha
Ой, біздікілер бір 45 теңге үшін басын бәйгеге тігуге дайын! Сосын мына 45 теңге бәле...«5 теңге бар ма? 5 теңге болса, қосып бер» деп қақсайды кондукторлар. Кейбіреулері үндемей салып алады да, сдача қайтармайды. Басында жұрт көп сұрамайтын. Осы күні «50-ден сдача» деп айқайлайды. Содан үнем көреді кондукторлар. Соларға 40 теңге беріп көрші, ақшаң жетпесе неге міндіңге салады. Кейбіреулері сдачаның болмай жатқанын айтады, кейбіреулері вообще тұра береді ғой, салып алады да… Обшым, бізде 5 теңге құнды қазір!
sammita
бізде автобус 60, маршруткалар 65 теңге. Бес теңге проблемасы біз де бар.
meirzhan
Қазір қанша болды жол жүру ақысы?
sammita
мына суретті автобус парктеріне жіберу керек.
edige
«Баня бар ма түсетін» дейді Райымбек батыр көшесінде кондуктор…
dark_nazgul
ой құдай, Мәншүкбай Маметовтың көшесінде жұмыс істеймін өзім.
AL-ASTER
Almatida 4 ret avtobuska tolemei kettim, 1 apta avtobuspen tuda-obratno peresadkamen katinap. Bari algashinda goi: Astanada konduktordin kelgenin kutip turamiz, Almatida olai emes eken.
Sosin 1 aptadan son Astanani saginip kettim, Almatida jolda dvijenie katti eken. )))