Сіз кімсіз, Николай петрович мырза?
— Жәке, осы сен кім болып істейсің?
— Николай петрович болып істеймін. Жайша сұрадың ба?
Елден ерекше болып тұрған аталмыш Коля ағай тізімдегі қызметтердің һәм қызметкерлердің қайсысына жататыны мен үшін бір жұмбақ болып тұр. Елден ерекше дегенім — тізімдегі жалқы есім сол кісіде ғана. Басқаларда кәдімгі қала телефон болса, бұда — қалта телефоны. Не кім болып істейтіні, қай мекемеде істейтіні де жазылмаған екен. Әкесінің аты «петрович» деп кіші әріппен жазылғаны тағы бар. Опшым, жоғарыдағы диалогтан басқа кәментім болмай қалды.
Содан, осыны суретке түсіріп алып, сендердің «ПрожекторПэрисХилтондарыңа», тойыс талқыларыңа ұсынып отырмын :))

Әйтеуір ноқалай емес екені анық…
[Бұрыннан бері тұрып (пәтерге қожайындық өтілі 5 жылдан кем емес) келе жатқан, мен сияқты пәтер жалдамайтын көршілерден сұрасам, олар да білмейміз дейді]
Бес жыл ішінде ешкім елемесе, "Ұстатпас Джо" секілді, біреу да…
Ал, бірақ, былай, тізімдегі ұйым мен мамандықтардың орналасуына қисынына қарап, «Николай петрович» — сантехник не слесарь деуге болатын шығар.
Бірақ та бір рет ваннаны жөндеуге қазақ жігіттер келген. «Николай петрович» болып жұмыс істейтін жігіттер болса керек, сірә :))
Жоқ, олар Петр Николаевичтер шығар… Петрович қол астында жұмыс істейтін
Жақында еліміз кинотеатрларынан көрмей-ақ қойыңыздар:)