"Мазганы шертетін" терминдер
Бұрын компьютерді жаңадан танып жүрген кезімде «click», «щелкнуть» деген сөздердің қазақшасы қандай екеніне бас қатырмаған екенмін. Компьютерге отырған адам тышқанның түймелерін шыртылдатып басып отырғанға «басу» деп аударылады екен деп жүре бергенмін ғой. Солай аударып жүргенмін де. Кейін жұмысқа кіргенде бір қызыл терминологиялық сөздік болды. Соның ішін қарасам, «шерту» деп қойған екен. Шынын айту керек, сол аударманы еш қабылдай алмадым. Оған негіз жоқ та емес еді: орысша-қазақша сөздікте бірінші кездескен аударма нұсқасын ала салған ғой.
Кейін «click» сөзін «нұқу» деп те бекітіп тастады. Оған да қолды бір сілтеп жүре бергенмін, бірақ…
Өткен айда «31-арнадан» алда болатын фильмдердің анонсы жүріп жатыр екен. Сонда «Щелкунчиктің» болатыны хабарланып жатыр. Астына мультфильмнің қазақша атауын "ШЕРТКІШ" (!) деп аударып қойыпты (Ом мане падме хуум)!
Көрген кезде кәментім болмай қалды, опшым (әзіл-шыны аралас: содан бері бұл туралы үндемей жүргенімнің де себебі сол еді :))
Болашақта «СЕМЕЧКИ НЕ ЩЕЛКАТЬ — ШЕМІШКЕ ШЕРТУГЕ БОЛМАЙДЫ» деген қос тілді ескерту көріп қалатын болсам, таң қалмауға қазірден бастап психологиялық тұрғыдан дайындалып жатырмын, құрысын :))

— Ата магазин деген сөздің орысшасын айтайынба?
— Айта ғой балам
— Дүкен :-)…
Көп нәрсе өзімізге байланысты екені осыдан көрініп тұр емеспе? Осы күні магазин дегенді қойып тек дүкен сөзін қолдануға тырысамыз(бұл тек бір ғана мысал)
«Балмұздақ» деп аударған сол кісі. Орысшасынан да сәтті шыққан. Сладколед — дегеннен алған ау шамасы. Бірақ бұл қай тілде екенін білмеймін.Болгар ма бірдеңе…
«Креслоны»- орынтақ деп аударған екен.Бірақ бұл сөз қолданылмайды неге екенін. Ол кісінің аударған сөздері кәзір сіңісіп кеткен негізі.
Опшым, «батырмашылар» өз терминдерін нге негіздейтінін әлі көрмедім. Кнопканы батырмайды, басады ғой :)
*Сырғанақ* деп оқыдым «Медеу мұз айдыны» әкімшілігінің ескертепсінен :)))
Әскери қызметкер болып істейтін досымның айтқаны:
Бөлімшеде солдаттарға киім-кешек, керек-жарақтар сатып алу болып, соның тізімін жасаған екен. Тізіммен бірге, керек заттардың қазақша аудармасын да жасатқан. Жұмыс бабымен жаңағы қағаз досымның қолына түскен ғой. Әлгі тізімнің ішінде «трусы» (іш киімнің бір түрі) деген сөзді "қорқақтар" деп аударып жіберіпті дейді :))
кісінеудемін, лажым жоқ :)))
Сосын, аударған кезде тек орыс тлден емес, сонымен қоса бірнеше тілден аудару керек сияқты. ИМХО