"Қаламгер" сайты ашылды.

Ашып жібердім. Ішіне шығарманы салу үшін тіркелу керек. Сайтқа логинмен кіргеннен кейін жоғарғы мәзірлер қатарында "Өз шығармаңды қос" деген батырма пайда болады. Сол арқылы мәтін енгізесің. Мәтін енгізу формасының астында бөлімін, дәрежесін таңдайсың. Мысалы, әңгіме енгізгің келсе «Шығармалар» бөлімін, "Әңгіме" дәрежесін, мәдениетке қатысты жаңалық енгізгің келсе «Жаңалықтар» бөлімі, «Мәдениет жаңалықтары» дәрежесін таңдайсың.

Жәй оқырман ретінде бас сұғып, пікірлер жазуға да болады. Ол үшін мақаланы толық ашып, астына жазасың. Баға беру функциясы да бар.

Мақсат: Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің келбетін көрсету, даму бағытын анықтау. Шығармашыл жастардың белсенділігін арттыру, олардың шығармашылығын көпшілікке таныстыру.

Сайт: qalamger.idhost.kz
Бөлісу:

3 пікір

sigma
«Жас қаламгер» сайтының жалғасы деп түсініп отырмын. Құтты болсын!
balenti
жас қаламгер, Қаламгер болса, болашақта кім болады екен?)))
patick
Қарт қаламгер болады :)