Енді есте жүрсінші...

Кеше мына бір видеоны көріп, Ердоғанның ісіне риза болып қалып едім:

Көрдім де, «Ердоған красивчик» деп қойып, әрі қарай өз шаруаммен айналысып кете бердім. Мүмкін, тіпті оны көргенімді ұмытып та кетер ме едім, МойМирден мына бір мақаланың сілтемесін көрмегенімде…

Сілтеме берілген мақаладағы жағдай не себеппен орын алғанын білмеймін, бірақ бір нәрсе есте жүрсін деп шештім: алда-жалда жерде жатқан ту көрсеңдер, көтере салыңдар. Қиын нәрсе емес қой.
Бөлісу:

39 пікір

asaubota
Эрдоған емес кез келген түрік солай жасар еді деп ойлаймын, өйткені оларда шынымен бар патриотизм деген нәрсе.
Nurgisa
Мақала сілтемесін ашпадым, біздің хоккейші шығар деп жобалап отырмын…
Елбасылар мен үкіметбасылардың мынау тәріздес протоколды суретке түсуінде шынымен байрақты жерге жабыстырып қоюлары ыңғайсыздау екен… Нағыз жапсырудан өзге жол жоқ болса, бір жазба жазып, солай нұқыса болар ма еді. Ал Ердоғандыкі шынымен сүйсінетін тірлік екен! +1! Омекең арқылы Ердоғанға :)
omarbirat
Иә, сол хоккейшілер. Жер дауына енді ту дауы келіп қосылған сияқты.
Nurgisa
Бізде ұлттық рәмізге дейін жалпыұлттық бір құрмет, патриоттық берілгендік жетіспей тұратын сияқты. Патриоттық десең басқаларға бір түрлі көрініп қалатының тағы бар. Сондайдан тартыншақтайтын сияқтымыз. «Ой, осы маған ғана керек пе» деген немкеттілік те бар мұнда. Қынжылтады.
gerakl
Ұят болған!
Негізі бұл жерде ұлты басқа болғандықтан солай істеді деп айту қажет емес сияқты. Қазақтардың арасынан да ондай оқиғалар кездестіріп жүрмін (спортқа қатысы жоқ).
Nurgisa
кез келген түрік солай жасар еді
мен
ұлты басқа болғандықтан солай істеді
дегеннен өткендегі Сидельниковтің бұрмаланып берілген сөзі есіме түсіп кетті.
Qojeke
Ультра ұлтшылдар солай айтады. Ал туымыз тек қазақтың қазақстандықтардың барлығына ортақ болып саналады. Ұлтшылдар осындай болмашы ұлттық ерекшеліктерден де данышпансығысы келетіні бар.
asaubota
шынымды айтсам туды жерге тастаған хоккейші туралы мақалаға тек күлдім де қойдым. менің ойымша бұл мақала ұлтшылдарға біраз уақытқа жететін тамақ.

тек қана хоккейшілер емес басқа спорт түрлеріне қатысқандардың көбі Ресейден шақырылғандар. олар не үшін біздің туды қастерлеу керек түсінбеймін. ана жерде ту ту ретінде емес, артық зат ретінде тұр олар үшін. каскаларын, қолғаптарын, клюшкаларын бәрін лақтырып тастаған. медаль тапсыру кещінде қолдары бос болсын деп.

сосын тіл де ту, елтаңба сияқты рәміздеріміздің бірі деп есептеймін. тіпті ту жоқ болған күнде де бір ұлттың ең алдымен тілі болады ғой. ал сол тіл жерде жатад күнде және паспортында қазақ деп жазылғандар тарапынан.
omarbirat
Жерге тастаған хоккейші қазақ болғанда, бүйтіп жазбауы да мүмкін еді, бірақ кім біледі.

Мен де туды бүйтіп жерге тастауға немесе онымен қоқыс тасуға болмайтыны туралы білмегенмін, ойламаған да едім. Үйретпеген ғой. Қазір де солай ақыл айтып жатқан ешкім жоқ. Басқа енді тиіп жатыр.
saken
… тіл де ту, елтаңба сияқты рәміздеріміздің бірі деп есептеймін…

сонымен қатар билікте. Билігіміз жақсы болса кез-келген рәмізіміз жоғарыда тұрар еді. Олар туды аяқ асты қылған жоқ, бүкіл билігімізді аяғымен таптап кетті деп ойлаймын. Одан кейін спортшы ретінде де өзіне үлкен ұят келтірді. Сырттан спортшы шақырып отырған жалғыз біз емес, бірақ туын аяқасты қылдырып отырған бізден басқа еш ел жоқ шығар.
Qojeke
дәл солай, намыз.кз мен маса.кз үшін Хотньюс болды.
Qojeke
ТУдан қапшық жасағанды заңмен шешу мүмкін болса да, бүкіл елді даурықтарғанын түсіне алмадым.
Abilakim
Айттың не айтпадың не… Біздің зиянды қауымға бәрібір.
Nurgisa
Нан қоқымын шашпаңдар.
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар!
деген тақпақ еске оралып отыр.
Abilakim
Туды торғайларға тастайық па?
Nurgisa
Бұл сөзің үшін әшәуіңді тастаймыз торғайларға… Тым болмаса қорек болад.
Abilakim
ана тақпақтың клипін елестетіп айтқаным ғой, сенің есіңе түсуіне байланысты. "Өзіңнен тумай ұл болмас" деген осы да.
asaubota
Эрдоған шетелдік жиналыстарда да өз тілінде сөйлейді (кейбір елдің басылары сияқты емес :) )

тек бір рет «Ван минут, ван минут» деп Давоста Израиль басшысының сөзін бөлгені бар

Nurgisa
Бұны көріп едім. Осы жердегі ісіне тәнті боп ем.
omarbirat
Фамилиясына движениясы, тойыс атына заты сай жігіт қой :)
Abilakim
Бізде Ақтамбердіше айтсақ
«Мұртымыз көкке шаншылып
Мұрындап сөйлер ме екенбіз?»
Nurgisa
Жарқын дауыстар жаншылып,
Қырылдап сөйлер ме екенбіз.
Abilakim
«Таңғы қаланың»орындаушысы секілді ме?
urimtal
оффтоп, Таңғы қаланы кешелі бері тыңдап отырмын. Басқа шығармалары бар ма екен?
Qojeke
Бірақ оның елдегі істеріне риза болған түріктерді танымайды екенмін.
saken
басқа жақтан шақыртқанымыз рас шығар. Бірақ сол споршыларда Қазақстан деген мемлекетке клубтық деңгейде де патриоттық сезім болмағаны ма екен?
Әйтпесе солар «Барыстың» туын солай аяқ асты ете қоймас еді-ау.
urimtal
Хоккейде туды қай қыз жерге қалдырғанын білмедім, бірақ хоккейші қыздар марапатталғанда «Менің елімді» шын қуанышпен айқтанын көрдім. Азиадада барлық спорстмендер Әнұранды айтып еріндерін жыбырлатпағандарын есептегенде хоккейші қыздардың бұл ісіне де ой жүгірту керек сияқты.

пысы. түрік интернетшілерінің осындайына ризамын. Бізде де жүректі селт еткізер осындай оқиғалар болмайды емес, болады. Бірақ біз позитивитен гөрі негатив жинағанды жақсы көреміз. Дабайға позитив үшін рахмет!!!
Nurgisa
Ана мұзда клюшкаға оралған жалау ерлердің хоккейінен кейін болған жағдай.
urimtal
бәсе, хоккейші қыздар ұқыпты сияқты еді :)
asaubota
хоккейші қыздар туралы бапкерлері Мальцевтің интервьюін оқығам, Францияға барған кездерінде ойын алдында гимн ойналатын кезде біздің гимнның файлы ойнамай қалыпты. біраз уақыт күтіп қалғасын біздің қыздар өздері өз дауыстарымен гимнді орындапты!
Nurgisa
Біздің хоккейші қыздар мықты ғой.
mirss
Масқара… олар жұмыс істеп жүрген жандар ғой… зарплаттары да жетерлік… содан болар біздің байрақты жер қылып жүргендері…
mirss
Сол мұзда Кәрім де жүрді емес пе… ол байғұс тіпті бір шетін жыртып бауырларына носовой плоток ретінде таратып беруге дайын жүр…
Abilakim
Карим Бензаме ма?
mirss
Мәсімді айтам
mirss
қаным басыма шауып кетті ананы коргенде…
omarbirat
Жаңа еске түсіп отыр:

Күзде Жамбыл облысында әскери жаттығулар өткенін білетін шығарсыздар. Сол жерде ту тіккенде, қытекеңдер елден ерекше болып, туларын басқалардан биік қылып қойған екен. Сондағы қол басқарып жүрген бір ағамыз соны көргесін, "Ұрқия себе. Біздің туды жығыңдар" деп бұйрық беріпті. Туды жыққасын, ту ұстайтын бағанға тағы бағандар жалғатып, қайтадан қытайлардың туынан да биік қылып тұрғыздырған екен.

Осындай позитив, міне.

П.С.: Бұны дәлелдейтін не видео, не сурет жоқ. Әскери салада қызметте жүрген бір досым маған айтқаны болмаса. Оған өз кезегінде сол жаттығуларға қатысқан кәлегілерінің бірі риуаят етіпті. :)
Abilakim
онда бұл әңгімең сахих әңгіме екен.
omarbirat
Әскерилердің сөзін сахих деп әскерде болғандар растап отырса, сенбеске шара жоқ :)