Сайлауалды интернетсіздендіру: іріткі салушыларды құрықтау ма, әлде...

Блог - Nurgisa: Сайлауалды интернетсіздендіру: іріткі салушыларды құрықтау ма, әлде...

Интернетті жаппай қадағалауға қатысты мына бір жаңалықты оқып қалдым (аударуға уақыт тапшы, қаз-қалпында):

В преддверии выборов Президента РК в Парламенте вновь звучат призывы взять под контроль Интернет

Свободные выборы – несвободный Интернет. В преддверии досрочных выборов Президента Казахстана в Парламенте вновь звучат призывы взять под контроль Всемирную сеть. По мнению отдельных мажилисменов, на этот раз угроза может исходить от так называемых социальных сетей. Сегодня депутаты даже обратились в компетентные органы с просьбой уделить особое внимание популярным сайтам.

По словам самой молодой народной избранницы Бахыт Сыздыковой, Министерству информации и связи необходимо срочно создать некую экспертную комиссию. В неё должны войти чиновники, представители неправительственных организаций, общественные деятели и просто уважаемые в стране люди. Всем им, по словам госпожи Сыздыковой, нужно будет провести анализ и мониторинг всего, что пишут пользователи на форумах, в блогах и комментариях. После определённых выводов, сделанных экспертами комиссии, к Интернет-ресурсу могут применяться санкции. Правда, какие именно, госпожа Сыздыкова не пояснила.

Бахыт Сыздыкова, депутат Мажилиса Парламента РК:

— Понятно, что этот ресурс необходим неким силам, для того чтобы иметь проверенный инструмент дестабилизации политической обстановки и манипулирования общественным сознанием. Например, по египетскому. Вспомните недавние события в Каире, в России на Манежной площади, жасминовую революцию в Тунисе.

Александр Трухачёв

Мақала сілтемесі:
www.zakon.kz/kazakhstan/199225-v-parlamente-vnov-zvuchat-prizyvy-vzjat.html

Бақылаудың шамамен не формада болуын қиналмай жобалауға болады. Екі ел ауызға бес ел қақпақ болса да, тұтас интернетті тізгіндеймін деу ауыр міндет. Мысырда ереуілдер кезінде интернетті мүлдем өшіріп тастауға 90 млн. долларға тарта қаржы жұмсалғанын оқып едім кеше www.lenta.ru сайтынан.

Интернеттегі кезбе турист көп. Бәріміз қонағымыз. Тек, әлдебір әккілердің жымысқы пиғылынан күнделікті керегіне пайдаланып жатқандар зәбір көруі көңілге кірбің ұялатпай қоймайды екен.
Бөлісу:

14 пікір

Nurgisa
Интернетті шектеу арқылы кері әсерге душар боларын білулері керек. Шектеу неғұрлым жойқын болса, кереғар резистанс та соншалықты серпінді болатын сияқты.
asaubota
баяғыда біреу айтқан екен: «маңызды бір шешім қабылдамастан бұрын әйеліңнен ақыл сұра, сосын соған қарама қарсы істе» деп. :)

жоғарыда Нұрғиса айтқандай ең дұрысы, интернетке тимеу. одан сайын өршітіп алады.
Abilakim
Сайлауға түсем деген (ойыншық ) үміткерлердің қазақша сауатты жазуын не үшін қадағалап жатыр? Біздің елде қазақ тілі үстемдік құрып тұрғандай, Мырзатай Жолдасбеков тыныс белгілеріне дейін шұқылап отыр ғой.Әлде біреулердің тынысы тарыла бастады ма? Қазақ тіліне ондай құрмет көрсеткені жақсы ғой әрине, тек Елбасымыз шетелдік сапарларында немесе ел ішінде жүргенде де көп қолданбайтыны болмаса.
urimtal
оппа! уордпреске тиіспесе жарар еді. Өткен жылы қаңтарда уордпресс жабылып қалғанын әлі ұмытқан жоқпын. Көкейімде күні кешегідей сайрап тұр!
gunner
Бізде инеттен соншалықты қорқатындай, депутаттар үрейленетіндей билік саясатына қарсы агитация жүріп жатқан жоқ, меніңше. Көп қолданушыларға интернет — агент, мой мир, вконтакте.
asaubota
вот солар арқылы ақпарат тез тарайды ғой, содан қорқып отыр олар.
asaubota
менің ойымша жабатын болса жабады, қанша ақша кететіні маңызды емес.
urimtal
сайлау қарсаңында небір бүлікшілер табылады ғой. Бірдің кесірі мыңға тиіп кетпесе деңіз.
Zilola
бүлік шығарамын десе инетсіз де шығарады ғо олар.
Реалда абщаца етуге уақыты жоқ, виртуалда демалып қалатын мен үшін инет болмаса қиын екен. Айтпақшы сонда неше айға жабылат кен, менде наурыздың басында отпуск, шетелге кетіп қаламын есчо :)
Nurgisa
Меніңше жапса фейсбук, ютуб сияқтыларды ғана жабады.
saken
әсіресе шетелге кететіндерден сақ болу керек дейді. Сол жаққа барып мына жақта қалғандарды үгіттеуі мүмкін екен :))
Zilola
өзбектерге бәрібір ғо, мен Самаркандқа кетпекшімін демалуға :)
Zere
Ювижндіктерге сақ болу керек сияқты. Соңғы кездері олар саясатты тым ашық айтып жатыр.
saken
меніңше сайттарды жаба қоюы екіталай. Бақылау күшейтіледі деп ойлаймын. Мысалы осы сайтқа ҰҚК-нің агенттерін ендіріп қойса жетіп жатыр (кімнің кім екені, не жазып жатырғаны белгілі ғой.). Админімізге тиіспесе болғаны.