Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Қош келіпсің, оқырман!

Сайттағы контенттің алуандығына үлес қосу мақсатында осы қауымдастықты ашып отырмын. Бұйырса, осы жерді енді хип-хоп туралы мәліметтермен толықтырып тұратын боламын, жалқаулығым ұстап қалмаса :)
Хип-хоп дегеніміз рэп қана емес екенін бірден айта кетейін. Оның ішіне граффити, брейкданс, эмсилік, диджейлік сияқты төрт элемент кіреді. Битбоксты да хип-хоптың бесінші элементіне жатқызып жүр. Негізсіз де емес, негізі :)
Көп сөзді қайтемін — опшым, блог осылар туралы болмақ :)

Блогтағы алғашқы жазбаны Жақаудың жақында шыққан «Соңғы таңдау» клипінен бастайын:

ҚАЗАҚША ГАНГСТА РЭП! Жақау — Соңғы таңдау (2010)

Боевик фильмдердің саундтрегіне сұранып-ақ тұрған ән сияқты.

Видео туралы біраз мәлімет:
Продюсер: Ибраев Парасат
Қоюшы: Сейітқалиев Бағдат
Актерлер: "Құлсары" КВН командасы
Клип 2011 жылы Орал қаласында түсірілген
екен :)
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
іске сәт құрдас! қауымдастық ашқаның дұрыс болды, енді сенің жинақтарыңды осы жерден оқитын боламыз.

жақаулар күшті түсірген екен клипті, мағынасы да жақсы. Орал әдемі қала :) Ақжайықтың стадионы да әдемі.
alisha
Құлсарының жігіттері де...әсіресе Парасат;) әзіл, көре алмай отырмын, бірақ "Құлсары" КВН командасы жүргенде оның болмауы мүмкін емес… игі жақсы ағалар! Орта бойлы жұқалтақ сары бала бар ма ішінде????
omarbirat
Жаңаөзендік рэппердің әніне Құлсарының жігіттері Оралда түсірген клип болып шыққан екен.
Клиптегі Жақаудың өзі ме, әлде соған ұқсайтын басқа біреу ме деп күмәнданып отырмын. Бірақ басқа біреудің өлеңіне клип түсіретін жігіттер жынды емес шығар.
Клип маған да ұнады. Әуесқой түсірушілер үшін бес қоюға болады. Актерлердің де ойыны жақсы.
omarbirat
Клиптегі Жақаудың өзі ме, әлде соған ұқсайтын басқа біреу ме деп күмәнданып отырмын

деген екенмін. Өзі екені расталды :)
asaubota
клиптегі жігіт алдымен досының кегін қайтарады да сосын болдым енді деп намазға жығыла ма? :)
omarbirat
Иә, по ходу сондай. Былай қарасаң, екеуі, спортсмендігі болмаса, онсыз да ешкімге секірмей, тыныш жүрген жігіттер сияқты.

Х сияқты, В номерлерінің де жүрмейтін жерлері жоқ екен. Алматы қайда, Орал қайда :))
asaubota
араққа тойып алып, ертеңіне намаз бастайтын Гастарбайтердің персонаждары сияқты болып тұр ғой :)
chimaq
qauymdastyqqa mushe bolugha kushim jetbaidi ali...))))
MickThatsMyNick
жаман емес шыққан клип, Жақаудың қырылған дауысы ұрып тұр.