Асыл ұстазымнан естелік……
Жымиясың сен неге?
Жолымыз болып оқуға түстік. Кеше мектеп партасында отырған біз бүгін университет студентіміз. Кеудені қуаныш кернейді. Алып ұшқан көңіл атқақтап уақыттың сыйына мәзбіз. Аудиторияға келген оқытушыларды мектептегі ұстаздарымызбен салыстырамыз. Ұқсастық көреміз. Деңгей алшақтығын аңдаймыз. Алғашқы күн болған соң бәрі дерлік танысу, ақыл-кеңес айтумен шектеліп жатыр. Бірін шығарып салып келесісін тағатсыздана күтеміз. Бірінен-бірі өтеді. Осалы жоқ сияқты. Кезекті сабаққа кіретін қоңырау соғылғанда аудиторияға оқытушының өзінен бұрын дақпырты жетті. «Өте жақсы ағай екен», «бұрын республикалық телевизияда, радиода жұмыс істепті». «Сатирик көрінеді». Құрбыларым бір-біріне ол кісі жайлы естіп білгендерін жарыса айтып жатыр. Сол сәтте жұрт мақтаған адамды тезірек көруге құмарттым. Көп кешікпей есік айқара ашылды да орта бойлыдан жоғары, жазық маңдай, қыр мұрын ақ-сары жігіт жымиып кіріп келе жатты. Орнымызда үдере тұрып ізет көрсеттік. Басын изеп отырыңдар дегенді қабағымен ұқтырды да сөйлей берді. Қоңыр даусы әуезді, құлаққа жағымды екен. «Қадамдарың құтты болсын! Әуелі жақсылап танысып алайық»,-деп әрқайсымызың ныспымызды сұрады. Ал өзін «Мартбек Тоқмырза деген болам. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдағам, үйленгем, бір әйелім екі балам бар»,-деп қысқа ғана таныстырды. Сәлден кейін «қане, кімнің журналист болғысы келеді қолдарыңды көтеріңдер»,-деді. Жапатармағай жарыса қол көтеріп жатырмыз. Ағай жымиып қарап тұрды да: «Енді сендер журналист болғым келеді дегенді ұмытыңдар. Болам деп алдарыңа нық мақсат қойып соған қалайда жетуге ұмтылуларың керек. Дарынсыз адам болмайды. Жаратқан иеміз әр адамның бойына қабілет дарытады. Өзінің барын дамыта алмаған адам ғана дарынсыз»,-деп бір түйді. Одан соң журналистің қоғамдағы ролі туралы әңгімелеуге кірісті. Бұрын тек аздаған хабарымыз бар сүйікті мамандығымыздың қыр-сырына қаныға түстік. Өзгелерді қайдам өзім журналист жүгінің ауырлығын сезіндім. Өмірден түрлі мысал келтіре мәнді де мағыналы сөйлеген сайын ағайымыз баурап алып барады. Аудиторияда құлаққа ұрған танадай тыныштық орнаған. Құрбыларыма жағалай көз жүгіртіп шықтым. Бәрі де ынтыға тыңдап отыр. Кенет шыр етіп қоңырау соғылды. Уақыттың қалай өткенін аңдамай қалдық. Ағай «келесі кездескенше амандықта болайық»,-деп шыға жөнелгенде бәрінің қимай қалғаны байқалды. Жүгіре басып ұстаз соңынан дәлізге шықтым. Осы кезде төртінші курста оқитын таныс қыз кездесті. «Ағайдың сабағы болды ма?»,-деп сұрады ол. «Иә тамаша мұғалім екен, бізге қатты ұнады»,-дедім мен әсерімді жасыра алмай. «О, ағай мықты ғой. Ол біздің кураторымыз. Идеясы, көрген-білгені, айтар ойы көп. Әттең денсаулығы қинайды әйтпесе»… деп ол сөзінің соңын жұтып қойды. Өне бойым дір ете қалды. «Денсаулығы қинағаны қалай, қай жері ауырады»,-деп бастырмалатып сұрап жатырмын. «Ол кісінің екі бүйрегі жұмыс істемейді. Аппаратпен өмір сүреді»,-деді танысым мұңая. Мен аң-таңмын. Япыр-ау жаңа ғана алдымызда дені сау сөзі де, жүрісі де ширақ жан тұрды емес пе?
Осы күннен бастап мен ұстазымыз жайлы бар жайды толық білгім келді. Өзімше оның шығармашылық жолын зерттей бастадым.
Ол 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дың журналистика факультетін бітіріп Қарағанды облыстық телевизиясына келген. 2001 жылға дейін сонда табысты еңбек етіп бірнеше авторлық бағдарламалар дайындайды. Атап айтқанда «Біз жанбасақ», «Білгенге маржан», «Езу тартар» хабарлары Қарағанды телевизиясындағы үлкен жаңалық болған. Оның айғағы автордың осы дүниелерінің негізінде университетте курстық және диплом жұмыстарының жазылуы. 1999 жылы халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып өзінің әзіл-сықақ әңгімлерін оқып лауреат атанады. Ал 2001 жылы Мартбекті «Қазақстан» телерадио корпорациясы Астанаға жұмысқа шақырады. Алғашында телеарнада жаңалықтар қызметінде кейіннен қазақ радиосында жұмыс істейді. Өкінішке қарай Мартбек Тоқмырзаға 2003 жылдың күзінде денсаулығына байланысты қызмет мансабынан қол үзуге тура келеді. Өмір ағысы кілт басқа арнаға бұрылып бұрын шапқылап жүрген жігіт төсекке таңылады. Жыл бойы аяқ астынан жабысқан дертпен алысып ақыры аппаратсыз өмір сүре алмайтын халге жетті. Міне бес жылға жуықтады ол аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ауруханада болады. Бір күні арнайы барып жасанды бүйрек бөлімінің бас дәрігеріне жолықтым. Ол маған осы дертті арнайы зерттеп жүр едім деген соң мән –жайды толық түсіндірді. Ұстазым жатқан гемодиализ бөлмесінің есігінен сығалап көруге рұхсат етті. Бір қолынан аппаратқа таңылған ағай кітап оқып жатыр. «Осылай төрт сағат жатады. Бүйректің жұмысын осы аппарат атқарады. Қанды тазалау арқылы адам өмірін ұзартамыз. Бұл процесс өте ауыр. Сырқаттар қатты әлсіреп шығады. Бірақ қазіргі күні бұдан басқа тәсіл жоқ. Донор табылса шетелдерге барып бүйрек салғызуға болады. Бірақ оған мол қаражат керек»,-деді дәрігер.
Мен ұстазымның ауруханадан шығатын уақытын сұрап білдім де далаға беттедім. Аурухана алдындағы шағын баққа барып орындыққа отырып күттім. Біраздан кейін ұстазым сүйретіле басып шығып келе жатты. Қабағы сәлең. Көзі кіртиіп кеткен. Жүзінен шаршағандығы байқалады. Аудиторияда жымыңдап тұратын ағайымызға мүлдем ұқсамайды. Байқап қалмасын деп ағаштың тасасына жасырына бердім.
«Ол әскер қатарында жүргенде суыққа шалынған. Бұл дерт содан пайда болды оған»,-дейді ұстаздың досы Омар ағай менің сұрағыма. Арнайы тапсырмамен қыстың күні жаяу шыққан бір топ жауынгер адасып кетіп тау ішінде қонып қалған…
Сабақта отырмыз. Ағайдың сабағы. Ол әдеттегідей арқаланып сөйлеп тұр. «Адам дегеніміз-кешегісін сағынатын, ертеңгісін армандайтын ал бүгінгісіне көңілі толмайтын пенде»,-деп жымиып қояды. Мен оның неге былай дейтінін түсінемін. Айтпақшы жақында ұстазымның әзіл-сықақ әңгімелері кітап болып шықты. Үмбетбай Уайдин аға алғысөз жазып, Көпен Әмір-Бек жоғары баға беріпті. Кітап «Жымиясың сен неге?» деп аталады. Өмірінің әр күнін ауыр дертпен күресіп өткізіп жүрген ағайымның мықтылығы, төзімі осы жымиыста екенін түсіндім.

7 пікір