Жаңа фильм: Несиеге махаббат. Трейлер.



Кинотеатрдан 10-ақпаннан бастап көріңіздер!

Қазір несиеге бәрін де алуға болады. Тұрғын үйді де, автокөлікті де, тіпті, киімді де. Тек банк қарызын уақтылы өтей алсаңыз болғаны. Ал махаббат атты құдіретті сезімді несиеге алуға бола ма? Бұл сұрақтың жауабын режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың «Несиеге махаббат» («Любовь в кредит») атты кино-комедиясынан таба аласыз /Ақтөбе газеті/



Режиссер: Сәбит Әбдіқалықов
Рөлдерде: Қайрат Домбай, Салтанат Жұмабекова, Сафуан Рысбай, Гүлшат Тутова
Шығарушы: "Қазығұртфильм", 2010 ж.
Жанр: комедия

Трейлер:
Бөлісу:

26 пікір

ErNur
Бұыйрса көрерміз бұл киноны да!
alisha
Ет асса, нан қалмайды деп… Сафуан жүрсе әйтеуір дядя Васясы қосақталып жүреді екен...Қайрат — мықты жігіт қой! Өзіміздің балаға телиміз оны!
Abilakim
Байсақалов мырзада бар ма?
sammita
бәрін иемдене береді екенсіз де әйтеуір:)
alisha
қайтейін енді, әңгіме ылғи біздің өңір төңірегіндегілер туралы өрбиді, мақтануға тамаша себеп туындап жатыр, соны мүлт жібермеу керек қой!
ErNur
Орысшалағандағы «фильм Сабита Абдыхалыкова» дегендегі Сабита дегені қызық екен айтылғанда :)
alisha
орыс тіліндегі жазбамен алғаш ұшырасып отырсыз-ау, шамасы… таң қалғаныңызға қарағанда;)))))
omarbirat
Ертең біреуі мұны «Сабита Абдыхалықованың фильмі» деп аударып шығаратын шығар :))
omarbirat
Саундтректегі гитарашы — Лұқпан, домбырашы — Мейрамбек шығар деп отырмын. Жалпы, кімнің музыкасы болды екен?
Zilola
Ой бару керек, Отандық тауарға қолдау көрсету мақсатында. Ұнап жатса, нұр үстіне күн болар. Опшым не болса да әбизөк ойымды жинақтап жазармын :)
Huan
онлайн көру, түсіріп алуға?
Zere
Бәрін қойып, постерға келгенде ақша жетпей қалған ба?
sammita
Күтеміз. "Қазығұрт фильмнің" «Ханталапайы» сәтті шықпаған меніңше. Мынаған да түсіпті ғой Сафуан мен Қайрат. Таланттарына сөз жоқ. Айтпақшы Талғат да қылт етер деп үміттенемін бір жерінен. Әлгі «Сказ о розовом зайце»-де Сәбиттің сөздеріне ішім ашыды, қазақша ұрыса берсе де болар ма еді.
Gulistan
«Сказ о розовом зайцеде» боқтаған адам Сәбит екенін кейін білдім, ауылдан алдыртқан біреу ме десем, Голливудтан екі айлық режжисер курсын бітірген өзіміз Сәбит екен ғой. "Ғашық жүректен" кейін алабұртқан көңіліміз бұл фильмге де басыла қоймас, премьерасын күтіп отырмыз.

Алиша, қосыласың ба?
sammita
«Алиша, қосыласың ба?»
ақша жинап жатырсыңдар ма;)
saken
Қазығұрттықтар мәләдес екен!!!
Gulistan
Алиша, келістік! Бірге барамыз. Мен анонсты күтіп жүрмін, біздің жаққа енді біраз кештеу келетін болар…
alisha
біздің жақ дегеніңіз біздің жақ па?
meirzhan
Осы киноны көруге құмартып жүріп ем, мұнда сөздер атйылмайтынын естігенде көңілім басылды. Әйтеуір саундтрегі күшті екен. Yerden — Өмір-көктем.
orazbek
Осы фильмди кай сайттан алуга болады немесе онлайн режимде коруге болады соны айтсаныздар екен. жауаптарынызды ramazan_80@mail.ru электронды адресине жиберсениздер екен халайык