Ұятсыздықтан заң да ұялады

Жарайды, әңгіме бұл жайында емес. Сол шоу бітісімен, “Private” кинокомпаниясының жұқа шәлімен абыройын жапқан әйелі шыға келді. “Private” десе, порно дей беріңіз. Себебі, бұл кинокомпанияның аты Американың ең анайы, яки ХХХ жанрындағы фильмдерін түсірумен шыққан-ды. Содан “ Клеопатра ІІ” деп, киноның титрлері жүре бастап еді, мына ескерту атып шықты. Сондай қуанбасым бар ма? “ Алматинкиге”, көше бойындағы жезөкшелерге, жол жиегінде сатылатын дискілерге шамасы келмей, шаршап жатқан заңның кабельді ТВ-ға әлі келеді екен. Керемет емес пе?
Бірақ, бұндай мазмүндағы хабарды бақылап отыратын адам бола ма, әлде бәрі автоматты түрде іске аса ма, ол жағын білмедім. Әйтеуір Ресейдің “ Рен ТВ-ісінде” фильм басталғанына бес секунд болмай жатып, қазағымның қырағы зәконы күшіне енгеніне қуандым.
Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/06/%d2%b1%d1%8f%d1%82%d1%81%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%b7%d0%b0%d2%a3-%d0%b4%d0%b0-%d2%b1%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8b/
4 пікір