Азусыз "Арландар"

«Астана Арландары» алдыңғы күні «Баку Файырстан» тағы да 4:1 есебімен ұтылып қалыпты :(. Азияда бокстан қазақтарға өзбектен мықты қарсылас жоқ деп ойлаушы едім. Басқа клубтарды осы уақытқа дейін таза жеңіп жүріп, Бакулік боксшыларға тіс батыра алмағанына таңмын. Опшым, төртінші кездесулерін өткізбей-ақ қойса болатын сияқты ма, қалай өзі, былай?
Бөлісу:

21 пікір

asaubota
турнир кестесін қайдан қарауға болады? дым шанс жоқ па енді?
omarbirat
Былайынша шанс бар сияқты, егер көп ұпай жинап жатса :)
24: 16, айырмашылық 8 ұпай боп тұр әзірге.
omarbirat
Кесте мына жерде: www.worldseriesboxing.com/schedule/asia.aspx

Бір конференциядан екі команда шығатын болса, қорқыныш жоқ еді. Бір команда ғана шығады ғой деймін, өкінішке орай. Осы «Баку файырс» болмаса, басқа командалардың бәрін қиналмай жеңіп жатыр. Оны да мойындап қою керек.
asaubota
www.worldseriesboxing.com/standings/teams/standings-for-the--season-2010---2011.aspx

әр топтан бір командадан және ең үздің екінші команда шығады екен. әзірше ол позицияда Dolce & Gabbana Milano Thunder
omarbirat
Еее, онда мүмкіндік бар екен ғой. «Арландар» екінші боп тұр. Сонда да «за державу обидно» :))
TOTY
«Баку файырс»-тан осымен үшінші рет жеңілді. Алдыңғы жеңіліс себептерін ескеріп, алдын ала дайындықты күшейтіп, не мықтыларды апару жағынан «Астана Арландарының» жаттықтырушылары салғырт қарай ма деймін. Сен айтқандай, төртінші кездесуде мына түрлерімен тағы жеңілетін сыңайлы. Осы жолы Қанат Сләмнан үміт күтіп едік, ол да жеңіліп қалды. Бір жағы, әділқазылар тарапынан сәл артқа тартушылық байқалды, Қанаттың соққыларының кейбірін есепке алмады.
Abilakim
Біз кезінде әлемдегі үштікке енетін ел едік бокстан.Қазір Азиядағы үштік мұң болып тұр.иә, қазылар тарапынан Қанатқа деген бұрмалаушылық болғаны да рас.Бірақ айқын басымдылық танытса дәл солай бұрмалай алмас еді. Қазақ боксында екі адамға көңілім толмайды. Біреуі Шүменов, екіншісі анау «арланыстағы» Марат деген. Бұл да өңкиген денесі болмаса қауқары шамалы екен. Кішкене ойын тәсілін өзгерту деген жоқ қой.Апперкот жасау жоқ.Дегенмен төзімді екен.Біраз соққыны көтерді.Бірақ Әлидің ерлігін қайталайтын заман емес.
ержан Мүсафиров өзінің осы спорт түрінен тума талант екенін таныта білді. Ісләмнің кездесуінен бастап тамашаладым.
ПыСы.Мүсафиров жайлы айтқан себебім, оның жеңіске жеткендігін естіп білдім.алдыңғы ойындарында көріп көзайым болғаным тағы бар.
saken
меніңше жарыстың «престижі» онша болмай тұрған сияқты. Әйтпесе әлемдегі Кубадан кейінгі ең мықты бокс құрамасы болып саналатын Ресейдің «Кремль аюлары» командасының нәтижесі біздікіне қарағанда анағұрлым нашар болуы соның дәлелі сияқты.
saken
опшым Арландар жартылай финалда!!! :)
omarbirat
Әзірбайжандардан қайта-қайта жеңіліп, өтетін жартылай финалдарына адамды ішкізіп, шеккізбей өтулеріне болатын еді. Жартылай финалда болатын жөндері бар, былай :)
saken
басы қатты болса, арты тәтті болар деген ойдамын.
omarbirat
Енді 8-9, 15-16 көкекте «Лос Анджелес Матадорспен» шығады екен.
saken
барлық жарыс Қытайда болады деген рас па екен?
omarbirat
Бұрынғыдай "үйде-түзде" форматында, түсінуімше.
saken
екі күнге бөліп қойғаны неге екен?
бес салмақты екі күнге бөліп қойды ма екен, әлде екі күнге екі команда жасақтайды ма екен?
не болса да Арландарымыз Матадорларды шайнап тастайды деп сенейік!!!
omarbirat
Арландар бірінші күні француздарды 3-2 есебімен жеңіп еді, екінші күні француздар 4-1 қылып айырып кетіпті. Сонымен, француздар — чемпион!
Zilola
кеше көрдім, әлгі алдында осы керекте бір сурет жүр еді ғо, ауыздары түртиіп жылайын деп тұрған нәзік жанды жігіттердің (бұлшық еттері болса да, әлсіз етіп көрсеткен) суреті. Тап сол суреттегідей тым нәзік болып көрінді кешегілер.
Beytanis
Негізі бірдеңе біледі екенсің, Зизола! Сол жолы бекер айтпапсың.
Zilola
бәлкім сол пікіріммен көз тигізіп алған шығармын :)
saken
не де болса ең алғашқы ұйымдастырылған жарыстың финалисттері болды біздің команда. Және де ойсырай ұтылмады да. Тең түскенімізде ұпай санымен біз ұтып кетер едік.
Команда 80 пайыз қазақ жігіттерінен құралған. Басқа ешбір қатысқан команда бұлай мақтана алмайды. Сондықтан да келесі жарыстарда жігіттерімізге сәттілік тілейік!!!
Beytanis
Әлі де талпыну керектігін білдіретін «белгі» болды. Тактика мен спорттық «агрессия» жағын қарастыру керек сияқты.