Тағыда АЗИАДА
Қазақстандық спортшы Дмитрий Вабенко елордадағы Конькимен жүгіру стадионында өткен ерлер арасындағы 10000 метрлік жарыста күміс жүлдеге ие болды.
Ал байрақты бәсекенің алтын медалі Азия рекордын жаңартқан корей спортшысы Сюнг Хун Лиге бұйырды. Ол аталған жарыс жолын 13 минут 9,74 секундта бағындырып, 7-Қысқы Азиада ойындарының чемпионы атанды. Ал екінші орын 10000 метрді 13 минут 30,28 секундта жүгіріп өткен Дмитрий Бабкенконың еншісінде. Жеңімпаздар үштігін 13 минут 34,97 секундтық көрсеткішпен жапон спортшысы Хироки Хирако тұйықтады.
Айта кетейік, бұған дейін елордада өтіп жатқан 7-Қысқы Азиада ойындары барысында конькишілер 7 мәрте Азия рекордын жаңартқан болатын. Ал бұған дейінгі ерлер арасындағы 10 000 метрге конькимен жүгіруден Азия рекорды корей спортшысы Сюнг Хун Лиге тиесілі еді. Яғни бұл спортшы Астанада өз рекордын жаңартуға мүмкіндік алды.

1 пікір