Шебер оратор болғысы келетіндерге 10 кеңес

Көпшілік ортасында сөйлей білу мәнері — жеке бизнесті дамыту, қызметтік деңгейіңіздің көтерілуі, өз мекемеңізді жоғарғы дәрежеде таныта білу және ең бастысы өзіңізді дұрыс таныта білудің басты факторларынан бірі екені даусыз.
Сіз қаншалықты айналаңыздағы адамдарға өзіңіздің дұрыс әсеріңізді қалдырғаныңыз сайын, соншылықты олар сізді қайта тыңдауға құштар болады. Тарихта өткен барша қолбасшылар, президенттер және атақты бизнес адамдары өздерінің қызыл тіл шеберлігінің арқасында өте үлкен нәтижелерге жетіп отырған.
Бұл жазбада өздерін шешендік өнерде мойындата білген ең мықты ораторлардың кеңестері түйінделген. Осы айтылған кеңестер бойынша өзіңізді тәжірибеден өткізсеңіз, біршама уақыттан соң сіз де айтулы ораторлардың қатарында болуыңыз ғажап емес:

1. Сіз сөйлегелі тұрған аудитория
Сіз мінберге шыққанда, өзіңіз тұрған аудиториядағы адамдар үшін шыққаныңызды ұмытпаңыз. Сіздің барлық ойыңыз, түйініңіз, қимыл-әрекетіңіздің барлығы да соларға бағытталуы тиіс. Сізді тыңдап жатқандарға рухани көмектесіңіз, көңілдерің көтеріңіз болашаққа құлшыныстарын арттыруға тырысыңыз.
2. Міндетті түрде сөзіңізден нәтиже шығару мақсатында сөйлеңіз
Айтқалы тұрған нәрсеңізге жетік дайындалыңыз. Сөзіңіз сәтсіз болған күнде, сіздің мәліметіңіз қаншалықты маңызды болғанмен де, ол өзінің құнын жоғалтатынын жадыңыздан шығармаңыз. Әрқашан өзіңізде бар біліктілікті басқалармен бөлісуге дайын болуыңыз шарт.

3. Мәлімет беру арқылы аудиторияны өзіңізге қызықтырыңыз
Айналамызда көпшілік ортаға шығып сөйлеп жүрген талай адамдар бар. Бірақ өкінішке орай олардың барлығы да шебер сөйлей білу қасиетіне ие болмағандықтан, айналасындағы адамдарды тез арада жалықтырып алады. Бұлардың қатарында болуға хақыңыз жоқ деп біліңіз. Сөз ортасында әзіл қосып, өмірден алынған қызық жайттарды айтып отыруды ұмытпаңыз. Бұл нәрселер сіздің айтқан сөздеріңізді жарқын қылып қана қоймай, бойыңыздағы шеберліктің жаңа сатыға көтерілуіне өз кезегінде үлкен көмегін тигізеді. Болашақта сізді тыңдап отырған адамдарға пайдасын тигізе алатын үлестірме материалдар арқылы аудиториямен тығыз жұмыс жасаңыз.

4. Бастан өткендер қызық жайттарды сөзіңізге тиек ете сөйлеңіз(Әрине, өзіңізге ғана қызық болып түйілген нәрселерді емес)
Мұндай оқиғаларды тек қана жастар ғана емес, әсіресе ересек адамдарда сүйіп тыңдайды. Мүмкіндігінше тақырыпқа сай сәтті оқиғаларды жеткізіңіз.

5. Өз бойыңыздағы бар нәрселерден мысалдар келтіруге әрекет жасаңыз
Сөз барысында жеке тәжірибеңізден алынған нәтижелерге сүйене отырып, адамдар назарын аударыңыз. Өйткені, шын оқиғаларға негізделген нәрселер адамдардың есінде қалуы оңай болады.

6. Тыңдаушыны қызықтырыңыз
Жоғарғы оқу орындарындағы, мектептердегі күнде еститін һәм адам жалығатын дәрістер (лекциялар) жайында мүлдем ұмытыңыз. Тыңдаушыларға сұрақ қойып, жауап күтіңіз. Яғни олардың өз ойларын қысылмай жалғастыруына тікелей ықпал жасаңыз. Тыңдарман белсенділігін пайдалану арқылы өзіңіздің және сөзіңіздің потенциалын арттырып, сөз барысында ойыңыздың жаңа нәрселермен өркендеуіне әрекет жасаңыз.

7. Тыңдаушыны өз мақсаттарының орындалуына іштей сенімділік пайда болуына ықпал жасаңыз.
Әлемде өмір сүріп жүрген барша адамда белгілі бір мақсаттар мен жоспарлар болатыны еш даусыз нәрсе. Барлығымыз да ертеңгі күн бүгінгі өткен күннен жақсырақ һәм басқаша болғанын қалаймыз. Адамдар ораторларды тыңдауға асығатын себептерінен бірі — сөз шеберлерінің жеке тұлғаның өз мақсаттарының жүзеге асуына сендіре білуі екен. Оларға шын құлшыныспен істеліп, тұрақты түрде жалғасын тауып отырған әрбір бастама түбінде нәтижесін беретінін ұғындырғаныңыз жөн.

8. Сөзіңіздің барысында адамды жігерлендіретін тіркестерді қайталап отырыңыз
Ең бастысы аудиторияны жалықтырып алмаңыз. Бір рет қолдан жіберіп алсаңыз, оларды қайтару оңайға соқпайтынын естен шығармаңыз.

9. Адам деген робот емес
Сөзіңізді өзіңіз және өзіңіз тектес адамдар ғана түсінетін терминдермен шұбарламаңыз. Көпшілік мұндай терминдерді, сөздің сәнін келтіреді деп ойлайды. Бұл әр ортаға әрқалай әсер етеді. Сондықтан бұларды қарапайым тілдегі сөздерге алмастырыңыз һәм мүмкіндігінше аз пайдалануға тырысыңыз.

10. Сыртқы мәнеріңізге абай болыңыз
Әрине, сіздің айтатын нәрселеріңізді адамдардың қабылдауы, сыртқы мәнерге тікелей қатысты болады. Басқалардан қатты өзгеше болуға тырыспаңыз (Бірақ мұның да өз пайдасын беретін кездері болады). Сөйлеу барысында адамдардың есінде білінбей сақталып қалатындай өзіңізге тән қимыл-әрекеттер болғаны жөн. Сөзіңіз қимылыңызға сай болсын!

Сіз айтатын сөздерді басқалар да біледі. Бірақ оны жеткізе білу асқан шеберлік екенін ұмытпағайсыз. Әсіресе, BlogCampте сөз сөйлейтін қатысушылар оқыса нұр үстіне нұр болар еді. Әр сөзіңізде Алла өзі жар болсын!

(Дамответов сайтындағы мақала негізінде жазылды)
Бөлісу:

2 пікір

Arys_arlany
Садықпысың деген
Arys_arlany
сағат таңғы 5-15 мен Садықтың жазбаларын ары қарай оқысам ба, әлде ұйықтасам ба екен деп отырмын.
ұқтайм ау щщщщщщщщщщщсссссс