Қытай қазақ ақындары...
Балапан Рабатов
АРМЫСЫҢ ҚЫНАЛЫ ҚЫР, БӨРТЕ БЕЛЕҢ
ӨЛЕҢ МЕНІҢ ЕМЕС ЕДІ ЕРМЕГІМ
Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма,
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.
Толғанамын, тобықтайдан түйем сыр,
Қолда барым поэзия, ием – пір.
Көңіл қошын бөлісерге пенде жоқ,
Менің қосым өзгелерден иен тұр.
Сыр айтады сынықсыған дос маған,
Бір айтағы – үргенімді қостаған.
Елжірейді өп-өтірік жүрегі,
Мөлдірейді шарап толы тостаған.
Жауым да жоқ, танымаймын оны мен,
Қауым да жоқ қауқылдасар жөнімен.
Сабаз дарын сарқылуға айналды
Таяздардың талғамына көніп ем.
Көне алмадым, жиіледі толғаныс,
Көп алдадым, болмағандай болған іс.
Бұғамын көп, әбзелімді әзірлеп,
Шығамын деп ширығамын жолға алыс.
Өлең-өнер, азық емес таусайтын,
Шөберелер кетпеңіздер аусай тым.
Ата қазақ сөз сүйектен өткенде
Аса ғажап салауатпен қаусайтын.
Табылғанмен тілімізге көп тиек,
Табынғанмен жарытпайды тақ сүйеп.
Бөз қадырын бағалауға бар дағы,
Сөз қадырын бағалауға жоқ сүйек.
Өлең, сені құшар екен қашан бақ?
(Тілім аман, болғанменен бас алмақ)
Қорқыт куә болмасына мәңгі өмір,
Жер ұйығы жоқтығына Асан хақ.
Айналайын ақ туыңнан ар-намыс,
Шығам деумен шалқыдың-ау жолға алыс.
Қарынға да қам қылатын заманда
Дарынға да керек болды қолғабыс.
Дамылда сен, қалғыма тек, шаршадың,
Түйгенім сол: қалжыратты қанша мұң?!
Әкімі боп өте шығу оңай да,
Ақыны боп қалу қиын баршаның.
АРМЫСЫҢ ҚЫНАЛЫ ҚЫР, БӨРТЕ БЕЛЕҢ
ӨЛЕҢ МЕНІҢ ЕМЕС ЕДІ ЕРМЕГІМ
Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма,
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.
Толғанамын, тобықтайдан түйем сыр,
Қолда барым поэзия, ием – пір.
Көңіл қошын бөлісерге пенде жоқ,
Менің қосым өзгелерден иен тұр.
Сыр айтады сынықсыған дос маған,
Бір айтағы – үргенімді қостаған.
Елжірейді өп-өтірік жүрегі,
Мөлдірейді шарап толы тостаған.
Жауым да жоқ, танымаймын оны мен,
Қауым да жоқ қауқылдасар жөнімен.
Сабаз дарын сарқылуға айналды
Таяздардың талғамына көніп ем.
Көне алмадым, жиіледі толғаныс,
Көп алдадым, болмағандай болған іс.
Бұғамын көп, әбзелімді әзірлеп,
Шығамын деп ширығамын жолға алыс.
Өлең-өнер, азық емес таусайтын,
Шөберелер кетпеңіздер аусай тым.
Ата қазақ сөз сүйектен өткенде
Аса ғажап салауатпен қаусайтын.
Табылғанмен тілімізге көп тиек,
Табынғанмен жарытпайды тақ сүйеп.
Бөз қадырын бағалауға бар дағы,
Сөз қадырын бағалауға жоқ сүйек.
Өлең, сені құшар екен қашан бақ?
(Тілім аман, болғанменен бас алмақ)
Қорқыт куә болмасына мәңгі өмір,
Жер ұйығы жоқтығына Асан хақ.
Айналайын ақ туыңнан ар-намыс,
Шығам деумен шалқыдың-ау жолға алыс.
Қарынға да қам қылатын заманда
Дарынға да керек болды қолғабыс.
Дамылда сен, қалғыма тек, шаршадың,
Түйгенім сол: қалжыратты қанша мұң?!
Әкімі боп өте шығу оңай да,
Ақыны боп қалу қиын баршаның.
3 пікір