Референдум болмайтын шығар



Конституциялық кеңестің Атазаңға 2012 жылғы сайлауды референдуммен алмастыру туралы өзгеріс енгізуді көздейтін ұсыныстары конституцияға томпақ келеді деп ұйғаруы парламенттің тарауына әкеліп соғуы ықтимал деп жатыр саяси эксперттер. Жұма күнгі халыққа жолдауында Елбасы «жемқорлықтың сойылын соғушылар» (лоббисты коррупции) осындағы сіздердің араларыңызда да бар дегенін тікелей таратылымда есіттік. Ақыр соңы неге ұласар екен?

Жалпыұлттық сипат пен идеяға айнала жаздаған кампанияға ұйысқан, ұйыcтырылған бес миллион қол керексіз қап қалайын деп тұр. Орт.сайлау комиссиясы үш айға жеткізер-жеткізбес қол қойылған парақшаларды жоямыз деген пәрмен білдірді. Кейбіреулер, керісінше, ол саяси һәм тарихи құжат, келер ұрпаққа мирасталсын деген ниет білдірісті. Шытырмандар өңкөй.

Кейбіреулер ауқымды осынау кампанияны банк термині саналатын «лизинг» ұғымымен ұштастырыпты. Ұштасар сипаты да жоқ емес сияқты, бақсақ…
Бөлісу:

11 пікір

Nurgisa
Осыдан он минут бұрын Елбасының арнайы сөзі беріліпті телеуізірден. Референдум болмай, есесіне «Сайлау туралы» заң заманауиландырылып, ол көп ұзамай өтетін көрінеді. Байлам.

Қайткенмен, әлемдегі анау-мынау жағдайлар дүрліктірмей қоймайды-ау. Мынандай аласапыранда ұлтарақтай ғана жерімізде іріткі салушылардың ығына өзімізді жыққызбай, ауызбірлік пен келісіміміз ғұмырлы болса ғой… «Фәшис» деу қатты кеткендік шығар. Миноритарий ұлттардың өзін-өзі сақтау инстинктіне жүгінуі қалыпты жағдай сияқты бүгінгі әрқилы өлшеммен өмір сүріп келе жатқан шарикте…
urimtal
енді сайлау жыры басталатын болды. Біздің блогкэмппен жағаласып…
saken
Саяси ойындар ғой… әйтеуір қайырын берсін.
sammita
иә, ал біз ойыншықтармыз((
omarbirat
Халық — жай ғана көрермен. Ал ойыншықтар — ойынды тым қатты беріліп көремін деп, орындарында отыра алмай тықыршып, сахнаға жүгіріп шығатын фанат көрермендер (қуыршақшының арбауына ұшырағандар) :))
Abilakim
Баяғыда "өмір деген -театр" деген ұғым бар болатын. Қазір "Өмір деген қуыршақ театры-біз сол театрдағы қуыршақтармыз" деу керек секілді.
sammita
үзінді:
"… Тағдыр-театр, өмір-пьеса тәрізді,
Актермын мен аңдап басар әр ізді.
Пьеса қанша созылғаны сөз емес,
Оны қалай ойнағаным маңызды.."