Қорқақ хоккей ойнамаса да, қарайды немесе айна қайда? ))


Алдында айтып кеткендей, хоккейге бардық. Біздікілер Оңт.Корей құрама командасын ойсырата ұтты: 11-0. Бір жағынан екінші сүйікті елімді аяп кеттім. Әсіресе, өз туларын құшақтап келген жанкүйерлерді.
Біздің шайбалы хоккейден қыздар құрамасы жайлы, жалпы хоккей жайлы мәліметім аз еді, біраз да болсын ақпарат білісіп қалдым. Хоккейде әр ойын бөлімі – период деп аталады екен. Бір матчта 20 минуттан 3 период болады. Арасында 10 минуттай үзіліс. Хоккейде әдетте «Шайбу!» деп айқайлайтын көрген шығарсыздар. Міне, гол соқ дегенге «Шайбу!» деп айқайладық, оған қоса «Қазақстан!», «Алға, Қазақстан!», сонымен қатар 2 рет гол салған қазақ (то ли татар) қызы Зарина Тухтиеваның есімін қайталаумен болдық. Еліміздің шайбалы хоккейден қыздар құрамасы әлем бойынша 8 орынды, ал Азияда 2-орынға ие екен. Бастамасы жаман емес, бәлкім біріншілікке де жетіп қалар.

Стадион толы болды. Бірақ оң жақ сектор толығымен баннермен жабық тұрды. Интернетте бұл жабылу салтанатына орайластырған шара дегенді оқып қалдым. Оны енді көре жатармыз. Бала-шағасымен келген отбасылар да көп болды. Репортерлер мен фотографтар кішкентай жанкүйерлерді таспаға түсірумен әлек. Артымызда балалар «Шайбу!» деп айқайлағандары да құлаққа жағымды, көңілді көтеріп отырды. )
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына екінші рет баруым. 10 жыл бұрын бір концертке барып едім, сонда жағдайы онша мәз емес еді. Осы жолы толықтай жөндеуден өтіп, іші жарқырап тұр. Алайда дәретханада бірде-бір айна жоқ. Осы мәселе мені толғандырды. Қалайша қыздар дәретханасында айна жоқ? ))

Мақала сілтемесі: http://akzere.dosym.kz/?p=1229
Бөлісу:

34 пікір

Nurgisa
Зере, хоккейге бардың ба, қажетіңді өтеуге ме? :) Жап-жақсы басталып келе жатқан нәрсені қәжетханамен аяқтағаны несі, көтек… ;)
patick
Зерені қолдайм. Мен мысалы, біреуге қонаққ барсам, не бір мекемеге барсам — әжет өтейтін бөлмесі арқылы бағалаймын.
Zere
Сондай сөз бар ғой. Қожайынның кірпияздығын дәретханасына қарап бағала деген ) Жалпы айтарым ол емес, барлық дәретханаларда айна қойылады емес па? Әсіресе, осындай мекемелерде. Меніңше ақша экономдап қалған.
Nurgisa
Сонда, мысалы, көмескілеу бір үйде тұратын кісінікіне қонаққа бара қалсаң, аздап сарғыштанып қалған қәжетхана интерьері қонақ күтуші тарапқа қалың 2 қоюға негіз бола ма?
Zere
Бұл жерде интерьер жайлы емес, жалпы тазалық жайлы айтылса керек.
Nurgisa
Тазалық емес, айна туралы сияқты еді әлқисса уәжіңіз :) Дегенмен, өзіңіз білдіргендей, маңызды емес…
TOTY
Менде Зерені қолдаймын, мынадай дүйім жұртты жинаған шарада қарапайым айнаны ұмытып кеткені несі?

пы.сы. ***Бір жағынан екінші сүйікті елімді аяп кеттім. Әсіресе, өз туларын құшақтап келген жанкүйерлерді.
Зережан, тағы бір мәрте «туыстарыңды» көруіңмен құттықтаймын. Кореянфанатик ретінде… дегенім ғо…
Zere
Рахмет, Тоты! Олар да мықты екен негізі. Анау өздерінің ұлттық барабандарын да көтеріп келіпті.
monti
барабан уау. :) бару керек ед! сосын ұлттық киімде отқан шығар ;)
Zere
Жоқ, бірақ таза кәрістер болды. Біздікілер сияқты жартылай орыстар емес )))
qisyq
Жігіттердің әжетханасындай айна бар шығар, себебі олар (жігіттер) айнасыз жүреді, ал мен көрген қыздың бәрі өздерімен кішкентай айна алып жүреді ғой.
Айтпақшы, фотоаппаратпен өз-өзіңді суретке түсіріп алып (немесе біреуге түсіріп берші деп сұрап), сосын ан жер, мын жеріңді жөндеп алсаң болады емес пе…
Zere
Менің өзімде айна бар ғой әрине. Очм, уже маңызды емес.
asaubota
Азиадада осындай жарыстарда үлкен бәсекелестік болмаса да, біздікілер жеңетіні белгілі болса да, Зере сияқты қыздар, отбасылар, кішкентай балалар барып, қарап, бірдеме үйреніп, қызығып қайтатынына қуанып отырмын. :) шын айтам. сол жағынан жақсы ау деп ойлап отырмын Азиада туралы.
monti
папочки, біздің қыздар бұзықтау* кен :) Сеулдіктерді аяп кеттім. физич. көп соққы алд ғо прям :( біреуі ваще тұра амай жатты(((
Zere
Ия, біздікілер мықты екен. Корейлік қақпашы да осал емес. Бірнеше шайбаны қағып алды. Әйтпесе счет бұдан да көп болар еді.
Nurgisa
Счет көп болмайды, "ірі" болады, імно :)
Zere
Ірі деп оқыңыз.
asaubota
кәрістің хоккейші қыздары да ниче екен былай :) қақпашылары шығар тек жақсы ойнаған.
Zere
Жапондар мықты ойнайды дейді. Соларды көру керек.
asaubota
ерлерде де қыздарда да финалда Жапония мен Қазақстан ойнайды. басқа елдер шынымен хоккей ойнау білмейді. мысалы кәрістер тек имитация жасады, коньки тебу білетіні болмаса былай екі пас бере алмады бір біріне.
Nurgisa
Кәріс хоккей ойнады дегенше, қазақ крикет ойнады десейші
saken
(( билет болмады… «Ел арнадан» көріп жүрек ауырттық.

Нағыз стадионнан барып көретін ойын болды бірақ.
TOTY
Мен де кеше «Ел арнадан» тамашалап, «жүйкемнің қаншалықты дәрежеде» екеніне көзім жетті… /шолушының сөзінен/
monti
айна, мелоч ғо. қайта бәрі жөндеуден өтіп үлгердік ғо! ;)
ЗереЧ-ка, экономдамай/ақ, проста ұмтып кеткен шығар :)
Nurgisa
әй, монти, мәдәдес! Әптимис сендей болсын! :) Айнасыз да өз еңсесін қашанда биік ұстайтының білініп тұр! Жарайсың!
saken
айна ерлер жағында да жоқ, тәк штө ол жағынан теңдік сақталған. :))

Жөндеуі жақсы жасалынған. Ең алғашқы жарысым барып көрген дзю-додан Әлем кубогінің жарысы етін. Опшым шетелдіктерге ұялмай көрсетіп жап-жақсы жарыстар өткізіп отыруға болатын орын.

Ойынға келсек қашанда, асықпай жүретін әдетімізбен ойын басталуға бес минут қалғанда келсек… билет жоқ кассада. Содан даладағы сатармандарды іздедік. Сонымен алғашқы кездескені 750 теңгенің билетін 1500 теңгеден "ұсынды". Досымыз екеуміз қалтамыздан ақшамыздан шығарамыз дегенше мына жағынан тағы бір клиенттің келе қалғаны… көзімізше екі мың теңгеге кетті де қалды ))) коммерция деген осы екен ғой. ))
Содан алдымыздан тағы біреуі кездесе кетпесі бар емес пе? түріне қарасам қазақта емес, Қазақстандықта емес. Сөйтсем Кореялық екен. Билет сатып жүр, қасындағы аудармашысымен. Бізге кімнен алсақта бәрібір ғой. Әрі алдындағы жігітке қарағанда «иманы» бар екен, 750 теңгенің билетін 800ден береміз дейді. Әлқисса содан билетті алып спорт сарайының алдындағы кіре берістегі турникетке келсек, жаңағы құрғыр билетіміз тексеру аппаратынан өтпейді? ( Бір уақытта қасымызға сол жерде жүрген еріктілердің бірі жүгіріп келді де билеттегі датаны көріп өткізіп жібере салмасы бар емес пе. Бар рахметімізді айтып билетте көрсетілген орынға жетіп келсек, орнымызда Кәреянің жанкүйерлері отыр барабандатып )) Оларға тұр деуге досым да, мен де кәрей сериалынан басқа ештеңе көрмегенбіз, бір ауыз кәрісшеміз жоқ. Сөйтіп басымызды қасып тұрсақ сол секторға қарайтын бір қаракөз қарындасымыз жүгіріп келіп: «Ағай, бұл ара шетелден келген қонақтардың орыны еді. Ренжімеңізші, мына жаққа барып отырыңызшы» деді. Қашаннан қонақ сыйлап қалған халықпыз ғой, содан басқа жақтан орын іздеп кеттік. Сосын шамалыдан кейін досым айтады: «Бағанағы кәріс билетті ішке кірген жерлестерінен жинап сатып жүр» демесі бар емес пе? Бәсеее… няғып бағана билетіміз тексеруден өтпей қалды деп едім…
Олар тек сериалдарында ғана ақ адал көрінеді екен ғой, шын өмірде кәдімгі адам екендіктері бір жарыста ақ белгілі болды бізге.

Бұның бәрін неге шұбыртып жазып отыр дейсіздер ғой? Просты осы сайттағы «кейбір» қазаққа баға бергіш бауырларыма, бізден басқа мемлекеттерде де өз ұлтын ұятқа қалдыратындардың өріп жүргенін жеткізгім келеді. Әйтпесе сол қанша жерден турист болып келіп отырған, экономикалық жағдайы бізден әлдеқайда жоғары мемлекеттің азаматы, пайдаланылған, жарамсыз билет сатып не пайда табамын деді екен?

пысы: залдағылардың бәрі дерлік Зарина деп айқайлауы да фашизмнің белгісі ма екен? әйтпесе сол ойында Заринадан да басқа жасындай жарқылдаған спортшы қыздар болып еді...
Zere
Дұрыс айтасың, Сәкен. Әйтеуір кіргендерің жақсы болды.
Ал Зарина деуі енді атының тез жатталып, айқайлауға да ыңғайлы болған соң айтқан ғой. Әйтпесе басқаларының аты да фамилиялары да ұзақ екен.
asaubota
кешегі ойынды Тухтиева өзі алып шықты. жақсы ойнайды екен.
omarbirat
Заринаның пәмилесі ұйғырдікі сияқты ғой. Так што, фашизм жоқ :)
Nurgisa
Сәкен, пікіріңе үлкен рахмет. +1! Көп ой түйгізді.
Кәрістерде де жұмыртқадан жүн қырқып, пайдакүнемдікке бой алдыру бар екен ғой.
Jacqabaies_Chirac
еш сөлекеттігі жоқ
monti
бір қарын май іріп кетті деңіз :(
sammita
50 теңге пайда үшін алып сатып жүргені несі деп отырсам. Бақылау деген шетін жыртып кіргізуші еді кансерттерде, әлгі турникет жаңашыл бір құрылғы болғаны ғой.
saken
менде сол шетін жыртпайтындары дұрыс емес екенін түсіндім. Турникетте билетті өткізіп, штрих коды арқылы регистрация жасайды екен.