Ең фашист халық - 2

Фашистік көзқарасқа тағы бір-екі мысал.
Кезекте тұрған халыққа келіп: «Соңы кім?» деп сұрап көр! Бұндайда орыс «вон тот молодой человек» немесе «эта женщина» деп жауап береді. Қазақтан сұрасаң: «Ана орыс», «Мына орыс әйел» деп жауап береді. :)
Бірде аптауызда келе жатсам, бір қазақтың үлкен жастағы азаматы мен орыстың әйелі екеуі ұрысып келе жатыр. Ұмытпасам, ұрыстың тақырыбы — аптауыздағы сервис-қызмет ахуалының нашарлығы. Содан екеуі ұзақ айтыса келе, қазақ азамат: "Ұнамаса, кет онда Ресейге" деп қойып қалды. әлгі әйел біртүрлі болып кетті.
Жалғасы бар…
Бөлісу:

29 пікір

sammita
дұрыс айтқан. Мен де солай айтам шектен шыққан орыстарға.
alisha
мен де осыған ұқсас бір жәйтке куә болғам. Қауырт шақ, автобуста кісі ығы-жығы. Орын жоқ. Алдыңғы қатарда бір қазақ бала отырды, шамасы сол 25-30-дарда болар. Тура соның тұсында еңгезердей орыс әйел тұрды. Екі-үш аялдамадан кейін әлгі жігіт автобусқа мінген бір апаға орнын бермек болып түрегеліп еді, анау орыс өзіне орын берді деп ойласа керек жамбасының жайлы жағымен жалп етті. Сонда жігіт: «Мен саған емес, мына кісіге беріп жатырмын, тұр!» деді. Біз аң-таң. Онымен қазақ апа сыпайылық танытып, келесі аялдамадан түсетінін айтып, отырған жоқ. «Апа, сізге орын беріп жатырсам. Орысқа орын беріп не жыным бар?» деп қояды.
alisha
Универде бір ағай айтатұғын: «Маршрутта орыс әйел отырып кеткен орынға отыру мүмкін емес. Бейне бір орындыққа сиіп кететіндей...Үстерінен жылқының исі шығады. Ал біздің қазақ келіншектері отырған орынға „с удовольствием“ отырасың»,- деп))
patick
ұят ай
alisha
айтпақшы, ол ағайдың алдынан сен де өттің))) иманды болсын!
patick
Р. ма? :)
alisha
Жоқ, қартаңдауы…
nurbergen_makym
Қыз-қырқынды жақсы көруші ед, жарықтық...)))))))) «Есік алдына шықсаң, кілең Далбай шалдың немерелері бір-бірін пәмиләсімен шақырад!» дейтін, шалың!
alisha
ее, айтпа, бірақ соның еш сөзінен ерсілік көрмеуші ем, ағай қайда тұрасыз десе: «Жындыхана жақта» деп жауап беретін)) расында солай — тұғын. Алаша руынан екі қыз үнемі бір-бірінің қасынан шықпайтын. Соларға: «Екеуің қанша бірге жүрсеңдер де бәрібір палас бола алмайсыңдар»,-деп әзілдеуші ед, жарықтық!
asaubota
Мазгай шалдың да немерелері сондай ғо :)
nurbergen_makym
Сөзіміз ауыр болмасын, бұдан да сорақысын айтушы ед, ол.
Nurgisa
Сөзіңіз ауыр боп кетті, Нұреке :))))
sammita
орыс кемпірлер автобусқа кірсе, міндетсіп орын сұрап алады. Негізі біздің жастар сыпайы ғой бірден орын ұсынады. Ал қазақ апалар мінсе, орыстың балалары ұшып тұрып орын бермейді.
nurbergen_makym
Кеттік, «Манежный» алаңына!
omarbirat
Есікте апташколда оқып жүргенде, қаланың екінші шетіндегі доқтырханада шопырлық комиссиядан өту (= спрапкі сатып алу) керек болды. Содан бірінші кездескен мәшинеге міне салдым. Артта бір жас жігіт пен үлкен әйел отыр екен. Қазақтар. Аналарды түсетін жерлеріне келгенде, жүз теңге ұстатып түсіп кетіп бара жатқан соң, жүргізуші (күрд ұлтының өкілі, алдында месхет түрік екен деп отырыппын) «Оу, мінген кезде адам басына 100 теңгеден деп келісіп едік қой, мыналарың не?» деп еді, қазақ әйел «Біз ылғи 50 теңгемен жүреміз ғой» деп қалды. Ал содан Hi-Wi басталды. Жүргізуші келіскен ақшамды беріңдер деп әлек, аналардың мойындайтын түрі жоқ. Қасындағы жігітке, «Жаңа келісіп едік қой? Жігіттік сөзіңді айтсаңшы?» деп еді, ол тұрып: «Ей нақ, сен кімнің жерінде жүрсің?» деп қойып қалды.
nurbergen_makym
Лібә, Нью-Йоркте «такси» тегін шығар, онда?
)))))))))))))))))))))))))
qisyq
Есік жақтансың ба, Омар бырат? Болсаң, онда ұлтаралық қарым-қатынастың лап-лап-лап етіп тұруын құлақпен естімеген, а көзбен көрген адам болдың ғой. Есімді білгелі біздің жақта (сол Есік жақ) ұлт-ұлт болып қырылысушы ед, қазір оралмандар дар местныйлар болып соғыса бастапты дид.
omarbirat
Ащысайданмын. Ыңғайы солай келгесін, апташколды Есікте оқып едім.
Ұлтаралық қарым-қатынастар туралы естуін естіп жатырмыз ғой. Мынауы — көзім көргені.
Ана клиенттер өзінің қазақтығының құнын 100 теңгеге бағалағандай көрініп қалды, шынын айтсам.
asaubota
мұндай адамдар өз бастарына дискриминация болып көрсін сол кезде түсінер. надандық қо просто.

дискриминацияның ең жаманы — өз еліңде жүріп, өз ұллтастарың тарапынан дискриминациялану :(
alisha
мұның озық үлгісін біздің жағалылар жақсы көрсетіп жүр ғой :-(
Zere
Жалпы өз басым бөлініп, бір-бірін қайда баруын меңзеп тұруды қолдамаймын. Олардың орнында біз де болуымыз мүмкін еді. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Олар да біз сияқты адамдар.
asaubota
жалпы қазақ бөлінгенді, өзін басқадан жоғары көруді жақсы көретін халық. жарайды басқаны басқа ұлт деп бөлсін, сосын өз ара облысқа бөлінеді, облыс ішінде ауданға, аудандағылар ауылға, ауылдағылар ескі ауыл, клуб жақ, мектеп жақ болып бөлінеді. обшым бөлу, бөлінудің бір амалын табады қазақ.
Nurgisa
Бәсе, чатта тек Ақтөбеліктерге ғана сәлем беріпсің. Басқаларға не қимағансың, не шаштарын тап-тақыр қып алып тастағансың, імно…
alisha
Сағыздықтардың Шанхай мен Орталық болып бөлінетін білетін шығарсың, Аршат, масқара ғой, адам да өлді солардың кесірінен… басқаны айтамыз-ау…
alisha
мұндай бөлінушіліктер ешкімге таңсық та емес сияқты, бейне табиғи құбылыс сияқты қарайтындаймыз кейде…