Азиада ашылды! Кәмпит-мәмпит шашылды ))
Кеше миллиондаған ел болып, «Азиада-2011» ашылу салтанатын тамашалауға теледидар алдына телмірдік. Осы уақытқа дейін Азиаданы осындай деңгейде өткізген ешкім болмаған шығар. Бір жағынан бұл түсінікті, дамыған елдер өз жерінде Олимпиада, Әлем Чемпионаттарын өткізуге құмар. Ал біздің еліміз әлі мұндай үлкен додаларды өткізуге дайын емес деп ойлаймын. Және де болашақта дайын болса, оған біраз жылдар керек. Ал осы Азиада біздің елімізді дүйім жұртқа болмаса да, біраз елге оң қырынан көрінуге, және де өз елімізде қысқы ойындарды насихаттауға тамаша мүмкіндік.
Көптеген қаржы жұмсалды деп көбі шулағанмен, ол қаржы осындай маңызды заттарға құйылмаса, басқа жаққа ауып кетпесіне кім кепіл? Оның қызығын тым құрымағанда осындай ойын-сауықта көріп қалған жөн деп ойлаймын.
Ашылу салтанаты өте ұнады. Ұлттық нақыштағы элементтер, жалпы қазақ тарихына көп көңіл бөлінгені қуантты. Бұрынғы ата-бабаларымыз сенген Тәңір, Ұмай-ана, одан кейін Ислам дінінің келуі, Алтын адам, бәрі жақсы суреттелді. Дыбыс, жарық, спецэффектілер жоғары деңгейде. Мерекелік шара екі тілде: ағылшын және қазақ тілдерінде болды. Бұл да бір артықшылық болды. Режиссерлерге үлкен алғыс.
Астанада тірідей көру мүмкіндігіне ие болған көрермендер сахнада болып жатқан көріністерден біраз хабарсыз екенін твиттерден оқып қалдым. Ол жағынан нақты ақпаратым аз. Көпшілік болып таңдаған Ескендір Хасанғалиевтің әнұраны да шырқалмады. Сәкесінше ол кісіге туды көтеру мәртебесін беріп, көңілін басқан болар. Әншілер де (Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Батырхан Шукенов, Sumi Jo), костюмдері де өз басыма ұнады.
Ең құртқаны миллиондаған аудиторияға тағайындалған комментаторлар болды. Тыңдап отырып, олар сценариймен алдын-ала таныспаған ба деген ой келді. Болып жатқан көріністерге білетіндерін айтып, білмейтіндерін білдірмеуге тырысып бақты. Тек Досхан Жолжақсыновтың айтары бар адам екені байқалды. Көптеген аңыз-әңгімелерді айтып, біраз да болсын тарихтан хабары бар екенін білдірді. Диас Ахмет-Шаріп те біраз да болсын тәжірибесі бар азамат, алайда көп қателесті. Мадина Сәдуақасованы неге шақырғаны белгісіз. Оның жақсы әнші екені белгілі, бірақ ол ешқандай жүргізушілік, комментаторлық қабілеті жоқ екенін айту керек. Тіл байлық деген нөлдік деңгейде. Және де комментаторлыққа шақырар алдында да ойлану керек қой, ертең миллиондаған көрермен сені тыңдайды, осындай жауапкершілігі мол жүкті алып жүре аламын ба деп. Басында Дәулет Тұрлыханов та келіп, бәрімізбен СССР-ден біраз хабар беріп кетті. Алайда Дәулет ағамыздың осы СССР деп сөйлегені де далада отырып, әңгіме айтқанмен пара-пар болып қалды. Осы күні қазақша КСРО деп айтатынын білмесе керек.
Очм, орыстар айтпақшы «Первый блин – комом». Онда да, келеңсіз қателіктерді есептемегенде жақсы деңгейде өтті. Ендігәрі біздің елде бұдан да үлкен «ашылулар» болғанын тілейміз. Әлі де жұмыс істеу керек, әлі де бәрі алда. Алға, Қазақстан!
ПыСы.Жылдан жылға төсі кішірейе бастағандай, былтырғы концертінде анық байқадым.алдында «апетитті» шақырып тұратын.
Жаблуына кім барад?