Кешегі түн. Нью-Йорк немесе Қисықша

«Прошлой ночью в Нью-Йорке»-АҚШ пен Францияның біріге түсірген кинокартинасы. Режиссеры Мэсси Таджедин деген бұған дейін көптеген фильмдердің сценаристі, продюсер болған әйел адам. Режиссерлік тұрғыдан бұл кино оның алғашқысы екен. Сондықтан ғаламторда жас режиссер туралы мәлімет аз.

Ал енді Қисықша ревью жасамай-ақ қояйын. (өзі көріп алғаннан соң жасар:) Тек өзімнің фильмнен алған әсерімді айта кетейін.
Фильм еш жасандылықсыз, «наигранность»-сыз өте өміршең болып шыққан. Ең басты рөлде бұл жерде мен үшін Нью-Йорк қаласы болды. Бұрында өзім қызығып, барғым келіп жүрген қала бұл фильмде бар ішкі сырын ашатын тәрізді. Тұрғындардың өмірі, жалпы, Нью-Йорк тынысы сені экраннан еліктіріп тартады. Сондағы бұтақтың сыбдырын, ауаның тынысын, таңның иісін сезетіндейсің. Ең ұнатқан кейіпкерім осы болды.

Ал киноның сюжетіне келетін болсақ, өмірде көп кездесетін, кез келген адамның басынан өтетін жағдайлар баяндалған. Ең басты тақырып әрине, әйел мен ер адамның арасындағы сенім, сезім.

Фильм барысындағы қарапайым да, қызықты диалогтар, емін-еркін қимылдар мені кейде күлдіртіп те отырды. Сонымен өзім бір демде көріп шықтым. Спецэффектілер мен супер сюжет жоқ, алайда қарапайым өмір мен жеңіл мораль бар.

Фильмнің бюджеті-7 миллион $

Ұнаған эпизодтар:

Джоаннаның таңғы кофеге шыққандағы бұрынғы ғашығын кезіктіріп қалған кезі:


Алекстың аэропортта Джоаннаны еске түсіріп отыратын кезі:


Джо мен Алекстың достарымен кафеде отырған кезі:


суреттер: kinopoisk.ru сайтынан алынды
Бөлісу:

4 пікір

qisyq
Кира Найтли осындай рөлдерді жақсы шығара алады, ә? Мына кинода қалай ойнаған екен, білмедім. Рахмет, Айжан, көрермін.
aizhan
расында) бұл кинода да жақсы ойнап шықты, өте шынайы
Zere
Фильмнің атын жақсы аударыпсың. Әйтпесе біздің арналар Нью-Йорктегі кешегі түн дей салатын еді ))
Қарап көру керек екен, рецензияңа рахмет )
bazuka
торрент арқылы инеттен алып қойған едім осы киноны, күнде көрем деп әлі жүрмін. Кира Найтли супер!