Айналайын LINUX:))))

Linux — бұл…
Әуелі бұл сөзбен таныс емес адамдар үшін бір-екі ауыз түсініктеме беріп кетейін!
Linux — қолданушылар саны күннен күнге өсіп келе жатқан, қолдануға өте ыңғайлы, менің түсінігімдегі және менің практикамдағы ең мықты операциялық жүйе. Жүйені алғаш рет жазған Финляндия Университетінің жас студенті Линус Торвальдс атты жігіт. Осы жүйенің себебімен қазіргі таңда әлемдегі көптеген компьютер қолданушылары максималды қорғаныс, жылдам жұмыс, ең бастысы қаржылай үнемделумен қамтамасыз етіліп отыр. Өйткені Linux жүйесі арнайы лицензиямен тегін таратылады. Менің қолданатыным — Linux Ubuntu 10.10!

Осыдан бірнеше ай бұрын бір мәселелерге байланысты компьютеріме Windows 7 орнатқан едім. Алдын жұмыс істеп көрмегендіктен бе, ыңғайсыз болып көрінді.(XP ұнайтын еді. Қартайды ғой ол байғұс. Бірақ жұмысы баяғыдай.) Шынымды айтсам, мүлдем ұнамады. Күні кеше, қайтадан Linux орнаттым. Сағынып қалыппын. Экраны көз алдымда билегенін-ай:) (Ол да сағынған сияқты)
Әрбір компьютері бар адам өмірінде бір рет болсын бұл жүйемен жұмыс жасап көруі керек деп ойлаймын. Линуксқа әзірге мықты ойындар жоқ. Бірақ жақын арада шығатыны сөзсіз. Ең бастысы мүлдем вирус деген түсінік жоқ. Құжаттарымды вирустанып кетті деп жылап жүрмейсіз. Кез-келген Windowsтық программаның аналогтарын таба аласыз. Не жазайын деп жатқанымды ұмытып қалдым… Толық мәліметті кейіндеу өз блогыма жариялаймын. Сұрақтарыңыз болса, е-mailға немесе осында жазсаңыздар болады. Міндетті түрде жауап беруге тырысам.(Әрине білетін болсам)
Бөлісу:

78 пікір

urimtal
осыған әлі көше алмай жүрмін.
blackbeard
Ұрлай беруді тоқтататын кез келді Асеке:))))
omarbirat
Офистік бағдарламалар жағы қалай екен (әсіресе Access)? Ондайлармен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар ма?
timurrr
Very simple! OpenOffice.org деген MS Office-тің әупінсорс, янғи тегін баламасы бар. Оның жақсы жері сол, кросс-платформа деп аталады. Ол дегеніміз, кез-келген жүйелік ортада (Мак, Линус, Уинда) жұмыс жасай береді. Ал мен айтқан әупінофис болса, кәдуілгі офистің барлық форматын, сен айтқан аксессті де, уорд пен екселіңді де тайсалмай ашып-өңдей береді. Және сол форматта кері сақтауға да болады. Обшым керемет енді!
blackbeard
1)Офистік бағдарламалар жағынан сізде проблема туындамайтынына сенімдімін. Өйткені Линукс жүйесінде бір ғана емес бірнеше офистік бағдарлама қарастырылған. MC Office тің басты қарсыласы болып табылатын OpenOffice, Koffice сияқты бағдарламалар сізге адал (ақша сұрай бермей)да сапалы қызмет көрсетеді. Бір айта кететін жайт, Open Office кез-келген форматта құжат құрастыра алады. Сөзіме дәйек ретінде атап өтейін:
odt, ott, sxw, stw, doc(MC Office 6.0/95/97/2000/2003), docx(MC Office 2007/2010), fodt, uot, txt және т.б.
Ал Microsoft Office өзінікінен басқасын ашпақ түгілі, аңырап жібереді тани алмай. Бұл сөзіммен MC Office ті кемсітіп тұрғам жоқ, Линукстың артықшылықтарын айтып отырмын.

2) Linux тың өзінде Wine деген программа бар. Бұл программа Windows тың программаларын Линуксте қосуға мүмкіндік тудыратын программа. Мысалы, мен бүгін ғана Total Commander (Windowsке арналған) бағдарламасын Линукске орнаттым. Ешқандай тоқтаусыз жұмыс жасап тұр. Солай айтқанымдай Photoshopты (Portable нұсқасын) да орнатып алсаңыз болады.

3) Арнайы бағдарлама іздеп Интернеттен сандалмайсыз. Өз компьютеріңізден Ubuntu Бағдарламалар Орталығы (Центр приложений Ubuntu) дегенді бассаңыз болғаны операциялық жүйе көз алдыңызға барша бағдарламалар мәзірін жайып салады (Оның үстіне судай тегін бағдарламалар). Қалауыңызды ала бересіз.

Айта берсек толып жатыр…
omarbirat
Рақмет!
Опен Офис .mdb файлдарын да аша ма?
Сосын, жұмысым TRADOS бағдарламаларымен байланысты болғандықтан, олардың Линукспен үйлесімділігі мазалап тұр да.
Былай, пайдаланып көру екен деп мен де ойлап отырмын.
timurrr
Омеке, тағы да қайталаймын
әупінофис болса, кәдуілгі офистің барлық форматын, сен айтқан аксессті де, уорд пен екселіңді де тайсалмай ашып-өңдей береді.
omarbirat
Үлкен рақмет! Нақтылап алайын деп едім :)
timurrr
«если че, кетекке кірдің» дейсің ғо:))))
omarbirat
Ей жоқ, бұзылып жатқан бір қосалқы ноутбугім бар. Соған орнатып көрсем бе деген ой ғой.
timurrr
Бұзылып жатқан ноутты аяғынан тұрғызып жіберетіндей Линухта күш бар ма екен?:)))
omarbirat
Операциялық жүйесі ұшып кеткен ноутқа орнатса болатын шығар?
timurrr
Аааа, әриие. Пыросто ол бұзылған компқа жатпайды ғой?
timurrr
Өте тамаша жазылған пост! Мадис! Әне-міне жазам ба деп жүр ем. «Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?»:)
blackbeard
Жөн екен:))))
timurrr
Не ғо… Менің проблемам мегалайнды қосу боп жүр. Не қылсам болады екен ә? Менікі нан (драйвер) сұрамайтын модем ед. 192,168,1,1ге барсам да аша алмай отырм:( Кешіріп қой шәйнекті
blackbeard
Негізі Линукс кез-келген драйверді аутоматты түрде орнатады (Кейбіреулерін айтпағанда). Ал сіз модемді қосқан кезде ол бірден шығуы тиіс. Ал егер шықпаса мына жерден қарап реттеуіңізге болады.Интернетке қосылу құрылымдары Осы жерде барлығын егжей-тегжейімен көрсетіп береді. Шұбатып жазбай-ақ қояйын!))))
timurrr
Айттым ғой, менің модемім нан сұрамайды деп. Яғни драйвер қажет емес. Уеб-интерфес арқылы тілдесесің. Алайда, мен сол админ панельге кіре алмай отырм. Жарайд, басыңды қатырмайын. Шұқысам табам ғой өзім де, пыросто іздеп қиналмай, сенен сұрай салғаным ед-то…
blackbeard
Сіздікі Linux па өзі? Сіз отырған жүйе Linux емес-ау шамасы...?
timurrr
Линух болмағанда ше? Дәл сол убунуту 10 да 10 ғой
yerbol89
Дұрыс Саке! Бірақ мен Win7 ауысатын ойым да, құлшыныс та жоқ. Қанша дегенмен Линукс Windows7 төтеп береді дегенге сенімім аз. Майкрасофт өзінің тамаша (бест оф зе бест) ОЖ Windows 7 шығарып, Линуксты мақтайтындардың аузына құм құйды. Мен 5-10 жыл осы Жетіде қалатын шығармын. Барлық жағдай, қажеттілік жасалған. Линуксқа көшкім-ақ келген. Бірақ мен қолданатын ОЖ емес екен. Сенің қажеттіліктерімді қанағаттандыра алмайды. Линукс тегін деген көкелерімізге, Линукстың Редхад деген нұсқасын алып көрсін, сонда көреді кімнің тегін, кімнің ақылы екенін… )))) осы жазғаным ұнамайтындарға, бұл тек менің ойым халықтікі емес, сондықтан жауап ұнамады деп минустап тастамаңыздар ))))
timurrr
7 маған да ұнамай жүр. Басында ұнамаса да, ХП-дан аттап басқым келмесе де, амалсыз көшіп ем, дәл қазір Виста Ултимат "ұрып тұр" мен үшін (әлде менің компым үшін). Бірақ енді Линукстың аты Линукс қой. Біздің компанияның өзі кейбір серверлерін Уиндадан Линухқа аудармақшы…
yerbol89
Әрине! сервер жағынан Линуксқа ешкім әңгіме айта алмайды. Линукстың серверге арналған тамаша дистрибутовтары көп. Ал былайша серверден бөлек Виндоус ортасы тамаша жұмыс істегенге. Жақында Windows 7 SP1 шықпақшы. Сол кезде барлығы тамаша болады. ))
blackbeard
ә демей, әлем халықтары Линукске өтеді деген ойдамын. Microsoft қашанға дейін өз өнімдерінің Қарақшылық жолмен таралуына жол қойып отыра береді ойлайсыз? Қазаққа тегіннің бәрі жақсы ғой! Енді Linuxтың қашанға дейін тегін боларын көреміз:)))
yerbol89
Ха-ха-ха! Саке біз қашан Барлығымыз Линукске өтеміз. -Америка барлық елдер, крилл қаріптеріне өткен кезде. Бұны мен неге айттым, себебі Линукс 5-10 жылда, өзінің пайызын 6-8% пайыз өзінің үлес салмағын көтеретін шығар. Бірақ одан асып кете алмайды.
blackbeard
Ол күн де туааар:)
blackbeard
Стив Джобс бір кісіге есептеудің процесін тездетедін, үлкен бөлмелерді қажет етпейтін шағын компьютер жасап шығырамын деген кезде әлгі кісі ішек сілесі қатып күлген көрінеді...;)))
(Ел аузынан)
muza
Бул ел аузынан емес Технологиянын ен мыкты ащы анекдоттарынын биригой негизинде :)
timurrr
Мынадай әнек оқығаным есімде «Благодаря пиратам у Гейтса разумное богатство»
muza
Windows 7 Server Pack 1 bolar. Aitpese sizdiki Service Pack dep okilip ketedi eken :)
yerbol89
Жоқ. Менің айтып тұрғаным Service Pack 1
muza
Odanda Ubuntu-nin songi versiyasin korsenizshi.Service Pack 1-den alde kaida artiktau :)
blackbeard
Мына жігіттің айтып тұрғаны шынында да рас әңгіме:)
yerbol89
Әнгіменін торкіні Тимур агасынан басталды гой. Ол кісі менде Жетінші дұрыс ісмейді деп. Ал мен алдымен Инукс туралы жауап беріп, Виндоус 7 қате дегенге айтқан әңгімем «Виндоус ортасы тамаша жұмыс істегенге. Жақында Windows 7 SP1 шықпақшы.»
muza
Siz aitip turagndi endi tusindim .Men Vistamen shatastirippin.Gafu etiniz…
Al Windows 7 SP1-ge keler bolsak,en basti ereksheligi Remote FX bolsa kerek.Kashik kamputerlerde Aero kasietin koldanu siyakti birdene…
Jazda bir korgenim bar edi.Umitip kalippin.RC versiyasi shikkan kezde.
timurrr
Дұрыс қой, сервис пак. Өйткені уинда7 деген сервер жоқ білуімше. уин 2008 бар.
blackbeard
Серверлік рыноктың 85-90 пайызы Линукстың еншісінде. Сондықтан сіздің компанияның бұл қадамы дұрыс деп ойлаймын.
timurrr
Әрине. Бірақ сөздің шынына келгенде біздің компанияға бәрібір сияқты:) Қандай суммаға қандай прогалар сатып алып, көп ұзамай лақтыратынын естісең…
muza
Осы кеше Гана турктердин Пардус деген Линух жуэсин бираз тексерип, шукылап, кемдиктеи мен артыкшылыктарын корип шыккан едим.Бугинде Мына жерден мынадай пост кору оте керемет.Ким не деседе Линух-ка коп ештене жете бермейдигой.Арине Гоогле агамыз Андройдтын ПС-лерге арнаган верциясын шыгарып жибермесе.Осы Убунтуда косымша Пакет деген тусиник барма.Откенде таба алмай койдым.

Wi-Fi kiltterin sindiru ushin Linux-tin BackTrack juiesi bar.Ote sapali turde kriptografiyalik paroldardi sheshe aladi nemese sheshkize aladi.

Linux jaili aita beresingoi.Bitpeitin bir jir emespe bul degenin :))
timurrr
Гоогле агамыз Андройдтын ПС-лерге арнаган верциясын шыгарып жибермесе
Гугл ағаң уже хром ос шығарып тастаған жоқ па?
muza
Хром ОС олда Линух-тын бир агайыны негизинде.Бираз Андройд Бираз Линух коспасы бар.Олардики ешкандайда улкен жаналык емес.Жане де Рынокка Жаналык аштык деп буны айтада алмайды окинишке орай.
timurrr
Бәлкім кәдуілгі толыққанды жүйе жасадық деп мақтана адмаса да, мобайл жүйе жағынан рынокта жаңалы боп тұрғанын неге жасырамыз? Мен кереметпін деп шыққан уинфоун7-ні қылғындырып-ақ тұр. Ойланып-толғанып, мақтауы асса да сынуы оңай терезе ғой деп, уинфоунды емес андройдофонды алдым мысалға.
muza
Токтай турыныз.Андройд жайында бул жерде ангиме бастамай-ак кояйык сонына жете алмай каламыз.Баска бир пост бастаныз сол жерде ангиме болсын ол жайлы :)
blackbeard
Қосымша пакет дейсіз бе? Ондайын байқамаппын! Мүмкін басқаша аталатын шығар? Не қызмет атқаратын еді?
muza
Писи пакет депте аталады.Жогарыдагы сиз айткан программалар жиынтыгыннан баска косымша мындаган программаларды бир жерде жинактаган пакет.Кейбир Линух жуэлеринде Писи пакет деп журеди.Ал Убунтуда оны таба алмадым.Форумына бару керек сиякты осы :(
blackbeard
Менеджер Пакетов Synaptic дегені бар ғой! Мен көбінесе осы жерден де қараймын!!!
muza
Voo voo dal sol Synaptic.Ai min jasaniz BlackBeard.Kazir Ubuntu-nu virtualga ornatip bastapta kettim :)
umirbek
Androider -дің біреуі:), тамаша Андройдер көбейсін. developer.android.com/ -ға келіңіздер. Қазақ контенттерін мобайл бағдарламаларына-да көбейтейік достар. Алғашқы андройд жұмысым Қазақ-Ағылшын-Монғол тіліндегі сөздік болды. Сосын техникалық сөздіктерді en.wiktionary.org сайтынан тура іздеп табатын мини бағдарлама. Сосын әр түрлі ойындар дегендей
yerbol89
Линукс отнатуға ынтасы ұрып тұрған жігіттер, одан да iAtkos орнатыңдар. Сонда нағыз ОЖ қандай екенін көресіздер. megatorrents.kz/forum/viewtopic.php?t=214773
muza
Bunin Linux-ka ne katisi bar.Bul degenimiz Mac OS emes pe?
yerbol89
Аха Mac OS! Бірақ өзіміздің x86 разрядты процесслерге орнатылатын ОЖ. Сіз қалай Windows пен Linux өзіңіздің компьютеріңізге орнатсаңыз, бұны да солай жеңіл орнатуға болады.
timurrr
Алмаға һәм Макқа сөз жоқ!
blackbeard
Mac пен жұмыс істеп көрмеппін! Бірақ, Silk Way Cityдегі (Алматы қаласындағы сауда орны) Apple орталығына кіріп біраз шұқылап көрген едім. Тартымды, жаман емес! Жұмыс үстелінің және жүйенің кейбір элементтері Linuxқа келеді екен!
yerbol89
Құдай қалана Лептоп алсам міндетті түрде, осыны орнатып аламын. ))))
yerbol89
"қалана" қаласа, осы движокты жақсылап тексеру керек болды. Қате кетсе өңдеу, батырмасы жоқ болғаны өкінішті.
blackbeard
Ал құрметті ТАҚСЫРЛАР!!! Рұқсат болса сіздерді жалғыз қалдырамын!!! Қайырлы түн!!! Әңгіме жақсы-ақ өрбіп жатқан еді. Өкінішке орай ұйқының келіп қалғаны қиын болды! Аман болыңыздар:)
muza
Посттагы пикирлерге карап отырып бизде де коптеген Линух кызыгушылары мен профтары бар екени коринип тур.Осы кезинде Убунту казакшага аударылып журген еди кандай жагдайда екен?
blackbeard
Соны өткенде естіген едім! Мүмкін көмек керек болар деп ойлаған едім! Бірақ оны ақтаруға шамамыз жетпей қала ма деген үрей де жоқ емес! Аяқталса қуана қуана қазақшысын қойып алар едім!
muza
Siltemesi bolsa laktirip kalsaniz.Ne bolip jatkanin karastiraik.Mumkin bizdin de komek tiip kalar.2 soz bolsada :)
timurrr
Қателеспесем, мың болғыр жігіттер Убунтуды аударып тастапты ғой? Мен қондырғанымда қазақша интерфес болды. Тіпті қондырып бастағанымда-ақ көз сүйіндірді. Алайда алғашқы настройкаларында өз тілімді өзім түсіне алмағандықтан һәм линухтың шәйнегі болғандықтан терминдерді түсіне алмадым. Форматтауды «Пішіндеу» деп тікелей аударып жіберіпті. Дәл сол кнопканы басуға сәл-ақ қалдым. Енді болмағанда бүткіл жесткиімді сүртіп тастайтын едім:) Бірақ маңыздысы сол, аударылыпты. Қайтадан қондырып көрмесем енді қазақшасын…
asaubota
пікір санына қарап Линукске қызығушылар көп екен деп отырмын. көшіп көру керек еді, жұрттың бәрі мақтап жатыр. біз сияқты консерванттарға көшу қиындау болатын сияқты. жаңа машина алып, соған Линукс қойып солай көшіп кетпесем.
umirbek
Егер сіз Linux жүйесін отырғызып, Linux-ке көшуді жоспарлаған болсаңыз сіз үшін оның көптеген түрлерінен тандау жасауыңыз керек, Linux distribution -дар өте көп. Кейбірінін қолданушыларыда көп. Немецтердің Suse, француздардың Caldera, ресейлік ASP, америкалық Red Hat, Mandrake, Sun Microsystems корпорациясы шығарған Solaris, Hewlatt Packard корпорациясы шығарған HP-UX деген сияқты атай берсе көп.
timurrr
Өмірбектің айтуы дұрыс. Бірақ менің ойымша, ең оңтайлысы — Убунту. Немесе серверге РедХат. Русимилиано деген жігіт бір жылдары маған Мандрива деген нұсқасын пихать етіп жіберген. Ұнамады.
timurrr
Русимилано — Он же Русик — Он же Русланннн
umirbek
Ия негізі жәй қолданушыларға Үбүнтү қатып тұр. Виндоуз сияқты вирусқа басылмайды жылдам дегендей. Негізі Виндоузда виртуаль диск пайда болдырып Үбүнтү екеуін қатар керектену керек.
sigma
Соляра мен HP-UX линукске жатпайды, олар да линукс сияқты юникс негізінде жасалған. Бір сөзбен айтқанда бір атадан туғандар, оларды линукстің балдарымен шатастырмаңдар
qisyq
Ең бастысы ниет қой, жігіттер, ниет. Ниет болса шай табылады.
timurrr
Yahooooooooooooooo! Ubuntu-dan jazyp otyrmyn. Inetti kostym. Aldynda kasayrysyp otyr edi, endi dym bolmagandai ozdiginen-ak, ewkandai nastroika jasatpai kosyldy.