Хоккейге бардым


Өткен демалыс күндері (жұма, жексенбі) хоккейге бардым, астаналық «Барыстың» ойындарына. Бірінші ойында Татарстанның Нижнекамск қаласының Нефтехимигімен ал кеше татарлардың және жалпы КХЛдың мықты командаларының бірі «Акбарспен» ойнады. Екі ойын екі түрлі болды. Бірінші ойын қызықсыз және көрермендер қолдауы аз болғанымен, кешегі ойын атышулы «Акбарспен» болғасын ба өте қызықты болды. Нағыз шоу болды. Алғашқы ойынды 1-2 есебімен жеңілген «Барыс», «Акбарспен» 2-2 тең ойнады, 5 минуттық овертаймда да жеңімпаз анықталмағасын, ойын соңында буллит болды. Буллитте «Акбарс» жеңіп кетті.
Бірінші ойынға билет алып, өз орнымда отырып қараған едім. Ал кеше билеттер ерте бітіп қалыпты. Кассалардың жанында бір кемпір 4500-ге сатып тұр бір билетті. Оны алу лохтық болатын шығар деп, жоғарыға секторлар жаққа көтерілдік. Ойым сол жердегі билет тексерушілермен «былай» келісіп, кіріп кету. Тағы бір ойым, алғашқы ойында байқап қалған бір коридорым бар еді, ол жерде көп тексеруші бола қоймайды. Дәл ойлағанымдай болды, неге екенін білмеймін адам көп болса да сол коридор бос тұр екен, «техникалық түрде» (технично) сол жерден өтіп, секторға кіріп кеттік. Бірақ дым орын жоқ, амал жоқ ойынды баспалдақта отырып және кіреберісте тұрып қарадық.


Ойынның басында команданың талисманы көрермендерді "қыздырады".


Оркестр және тірі дауыспен екі елдің әнұрандары орындалады.


Ойын басталды!

Астанаға келіп жатсаңыз міндетті түрде хоккейге бір рет болса да барыңыз, өкінбейсіз.
Бөлісу:

11 пікір

Nurgisa
Күшті бейнебаяндама! Бара алмағаным өкінішті. Біздің жұмыстағы қыз-қырқын былтыр барып тұратын үзбей, «мықты еркектерді көріп қайтайық» деп :) Салават Юлаевтар кеп жатса барып қайтатын екен…
qisyq
Астанаға барып жатсақ, есте болатын дүние екен мына хоккей…
Рахмет, Арщат.
qisyq
Тфу, пікір өзгертуге болмайды, ә!? Аршат деп оқыш, қате кетіпті.
Nurgisa
Рахмет, Арщат.
Қисық Арщат емес, Аршат Аршат. Ащы естіліп кетеді екен, бір түрлі :) ;)
qisyq
Енді, админ деген ащы болу керек қой:)))
TOTY
«Ақтөбе» ұранын көтеріп, Аршат та қалыспайды екен, а..:)
Nurgisa
Иә, қалыпты жағдай ғой. «Сибирь» мен «Витязь» арасындағы ойында Ростовтық біреудің «Алға, Ростов!» шарфын көтеріп тұрғаны сияқты, мысалы.
asaubota
шарфым менің — туым менің!
Nurgisa
Туың ше?… Бірақ мынандай қақаған қыста екі шарф киіп жүрудің еш сөлекеттігі жоқ шығар, иә?