Авторлық құқық иесі болып табыласыз

Қазір ғана Авторлық құқықтар жөніндегі тиісті орындарға хабарласа отырып, қандайда да бір түрде жарияланған материалдың ешқандай патентсіз-ақ сізге тиесілі екенін (9-бап, 2-тармақ) және ол еңбекті тіркеуден өткізу міндетті емес. Бірақ көп жағдайда бізден авторы екендігімізді дәлелдейтін құжаттар талап етіп, ұялмай, жасаған ұрлығына кінәлі сезінбей тұратындар бар. Ондайларды заң аясында сотқа арыздану арқылы сабаларына түсіруге болады екен.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң
9-бап, 2-тармақ
Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады.
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
рахмет, құнды мәлімет екен.
gerakl
Сонда инетте сенің материалыңды біреу көшіріп алып, өзінің атын жазса — соның туындысы болып кете ма?
Malimetter
Жоқ. Сіздіңкі бірінші жарияланса, сіздіңкі болады. Егер оған дейін (жариялағанға дейін) ұрлатып алсаңы, онда ештеңе жоқ сізге :) Бұл жағдай тіркелмеген шығармаларға қатысты. Тіркелсе, сізден басқа ешкім авторы бола алмайды.
Malimetter
Бүгін ресурс.кз сайтына хабарласып, бізден материал ұрлағанын, оны өшіруін талап еттім. Сөйтсем: «Крутойсың ба не? Авторы болсаңы патентіңді сканерлеп жібер бізге. Тақырыбы көрсетілген болсын!» деп еді. Мен: «Сіз менен құжаттарды талап ететіндей сот немесе тиісті құқық қорғау органы емессіз. Қажетті құжатты сотта ғана көрсетемін» дедім. Артынша мақалада атап өткен органға (Авторлық құқық жөніндегі мекеме екен) хабарластым. Мән-жайды білдім.
Е-мэйліме қарасам, ресурс.кз администраторынан хат келіпті. Былай дейді (аудармасы):
Біз сіздердің сайттан ештеңе көшірмедік (Мәліметтер: бізден көшірген ұрылардан көшірген болып тұр ғой сонда).Сайтыңыздан ондай материалдарды таппадым. Сілтемесін жіберіңіз, қай сайттан көшіргенімізді айтамыз (Мәліметтер: оның маған қажеті қанша?).

Олар қазақша білмейтін сияқты. Зырылдатып көшіре берген.
Altygradus
сонымен ақыр аяғы не болды??
ken
Авторлық құқық иесіз болып табыласыз

Мына жазуды қалай түсінуге болады?
Malimetter
Жақсы ескеріпсіз. Қате кетіпті.
satibaldi
«Гамлетті» мен жазып едім. Лондон қалалық соты арызымды қабылдамады. Медеу аудандық сотына беруге бола ма?
Malimetter
Қыстырылмашы.
satibaldi
Саған ұнамағанмен, бұл фундаменталды сұрақ. Жауабым жоқ десейш одан да, бос әуре болмай.