Қадырсыз қадіріміз қашпаса ғой...



Иә, келмек болғасын, кетпек те бар. Бәріміз Оған нәсіп болған сәтте аруланып аттанармыз. Өмірден Қадыр аға Мырзалиев озды дегенді естіп қалдым. Қазақ Қадырсыз қалса да, қадірсіз қалмаса екен деген ой жылт ете қалды. Әй, бірақ қара өлеңіңнің Қадыры кетіп қалды-ау… Сахнаға ең алғаш домбыра алып шыққанымдағы шырқағаным Қадыр ағаның "Қазақтарды шетелдіктерге таныстыруы" еді. Тоғыз жасымда Республикалық орталық телевидение төріне мені жетелеген ән, тұсауымды кескен ән Қадыр ағаға тиесілі еді.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп жасап жатыр анық той!
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ міне осы танып қой!

деп арқыраған ақиық ақынға уақыт кепті…

Жаны жаннатта болғай арда ағаның. Тәсірлі еңбектері халық жадында сақталарына, тау сілеміндей мол мұрасы әлі талай жүректерді жылытып, күш береріне сенем.
Бөлісу:

10 пікір

patick
Бақұл бол, Қадыр аға!
Бұл қайғыға ортақ болып, Қадыр ағаның қазасына қайғырған күллі халыққа көңіл білдіремін.
woo
Біз біреуді өлді деп қайғырамыз ал ертең өзіміз өлетініміз һақ екенін біле түра күпірлік істейміз. Иманы саламат болсын ағаның. Ал біз жастар ертеңімізді ойлайық. Алда қандай күн бар, не күтіп тұр…
ardakkatarbayev
Иманды бол Қадыр аға. Біліп істелген, білмей істелген күнәлар кешірілгей…
Топырағың торқа болсын.
kazprose
Жаны жаннатта болсын марқұмның!
kazprose
kaz.ktk.kz/showVideo/?vid=4662 мына жерден ақын туралы хабарды көре аласыздар.
Bekjan
kazprose, сілтемең үшін рахмет… Қадыр ағамыз туралы біраз біліп қалдық… Шіркін, ағамыздың кітапханасына сүйсіндім… Сонша кітапты жинау, ең бастысы да барлығын оқу деген бақыт қой…

Немерелерінің қазақша сөйлеп отырғандары мені қатты қуантып отыр… Ағамыздың мықтылығы ғой енді ол..Әсіресе, Сырым атты немересінің, сөзінің соңында Алла Тағаланың ризашылығын тілегені дұрыс болды… намаз оқитын бала болуы керек…

Ғалымдар, жаннатқа жақын жандар, Аллаһ Тағала жаннаттан орын нәсіп етсін…
muza
Кадиримизде, Кадир Мырзамызда кашпасагой… Антек олимге шара жоккой.Топырагын торка болсын ага… Оз жолынды куган ултжанды казакжанды избасарларын кобейсин…
alisha
Адам күліп тумайды …

Адам жылап туады.

Жылайтыны туғанда — жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде — жақсылар бар қимайтын, — деп еді. Оның қимастары көп шығар-ау, ал ҚАДЫР — бар қазақтың ҚИМАСЫ!
Abilakim
Иманы жолдас болсын!!!
Кеудедегі қос анар
Лифчиктен босанар
алса бізді түбінде
Ажал емес осы алар-деп жырлаған Қадыр ақсақалда өтті мынау жалғаннан.
monti
арты қайырлы болсын!