introduction...

Алғашқы қадам әрқашан қиын келеді. Дабайдағы екінші постым осы. Жалпы блог деген жақсы ғой. Бір блоггер айтқанындай: «Алғашында мен бұны тек, жұлдыздар мен танымал адамдар ғана жүргізеді деп ойлағанымын»,-деп еді. Мен де солай ойлап едім… Кешке теледидар көріп отырып, 7 арнадан On.kz сайтының жарнамасына ілініп, алғаш рет сонда тіркеліп едім. Расында Он.кз әлеуметтік тордан гөрі блоггерлермен толысқан. Сонда бастап едім блог жазуды. Ә дегенде не жазарын білмей, Дәурен Қуат ағама жіберген мақаланы жарияладым. Алғашқы пікірлер, алғашқы ойлар… Ақырындап сіңісіп те кеттік. Түсінбегенді Жалғас Ертайдан сұрап отырып (ол кезде «бастық» «онбағанның» басы-қасында жүр еді), үйреніп отырдым. Қарашаның басында «дабайлаған» бір-екеудің сөзін түсінбедім. Дабайы несі деп қойдым))) Қазір өзім дабайлап отырмын. Бұл постты не айтары да, не берері де жоқ. Жәй жаздым. Алдағы күндері «серьезный» пост жарияламақпын, тақырып ескерткіштердің сапасы мен мәніне арналмақ деп анонс беріп қояйын)
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
бізде интернет мәдениеті әлі дұрыс қалыптаспай келе жатыр. жұрт блоггингті де, микроблоггингті де дұрыс түсінбей келеді. бізде адамдар өздерін жазуға міндеттейтін сияқты. Агенттегі микроблогты жұрт уже агенттен кем емес қылып тастады, Кездесу.комда да жазу керек екен деп не болса соны жазып кетті. Блогтарда да сол, жазу керек екен деп жаза береді. Жазу міндет емес, мен мысалы кей адамдарды білемін блогы жоқ, бірақ блогтарда каментшы болып жүреді. Камент жазу да мәдениет.
біраз уақыт керек сияқты, уақытпен бәрі дұрысталады. қазір блог жүйелері көбейіп келеді, әсіресе oitobe.kz, on.kz сияқты. осындай жобалар көп болса және белгілі бір бағыты, тематикасы болса қоланушы мәдениеті де жақсы дамиды.
muza
Аршат осы бирнеше жерден корип калдым арбир блог топтамаларынын озиндик тематикасы болсын деп.Далирек айтканда Дабай.кз-тин алдагы уакыттага тематикасы устанган багыты калай болмак.
Кездесу жайлы айтканыныз оте орынды.
Сосын озимди тек кана пикир жазушы ретинде корип келдим осы уакытка дейн.Кейде орыс сайттарында кейде турк сайттарында кобирек бос уакытым болганда акпараттык сайттарда пикир жазганды унатам.Маган осы сендердин пост жазатын ауруларын жугып кетпесе екен.Пикиримди жазып журе берсем екен деймин :)
asaubota
Дабай.кз — еркін тақырып. бірақ еркін екен деп не болса соны жаза бермеу керек. еш дәлелсіз біреудің жеке басына қатысты мақалаларға, эротикалық мазмұнға және боқтық, бейәдеп сөздерге рұқсат бермеймін.

мақала жазып тұру міндетті емес, пікір жазып та қатысып тұруға болады. жақында тағы да жаңа «фишкалар» қосылады.