ЖЖ-ға қайта оралу
Ал маған Жаңа жылда «Ел Арнадан» көрсеткен «Алтын Асқар» думанды-кеші ұнады. Орысша аты “Голубой киноогонек” деп басында жоспарланған. Жалпы бағдарлама жақсы ойластырылған, әзіл жағынан да біршама қызықты болды деп ойлаймын. Идея «Қазақфильмдікі» болса, музыкалық өңдеу, ұйымдастыру «Ел Арна» телеканалінікі екен. Режиссерлердің бірі болып Санжан Мадиев шығыпты. Жас болса да, жақсы еңбектенді. Жалпы қазіргі қоғамның тынысын жастар жақсы білетін сияқты, сондықтан да біздің қазақ өнерінің басында жүрген ата-апаларымызға осыны ескеру керек сияқты.
Кештің ең изюминкасы номинациялар: «Екінші пландағы үздік апашка рөлі», «Автотұрақта түсірілген үздік клип», «Клипте пайдаланылған үздік машина», «Үздік той өлеңі», «Фильмде қолданылған паразит сөздер» және т.б. қызықты номинациялар болды. Сәйкесінше тек отандық киноөндіріс компаниялары, әншілер, актерлер жеңіп алды. Бір байқағаным, жүлдені алуға көбі келмей қалған сияқты. Бәлкім, осы жолы не қызық болсын деп, менсінбеген де шығар…
Номинациялар табыстау барысында өткен жылы біршама қазақ фильмдері түсірілгенін байқадым. Және де оларға арнап қызықты номинациялар да тағайындалған. Соңында «Қазақфильмнен» осы жылы шығатын фильмдердің қысқа тизерлерін көрсетті. Ал «Қазақфильмнен» өзге де шығатын фильмдерді қоссақ, онда болашақта «Алтын Асқар» шынайы көрініс табатын сияқты. )
Енді сериал түсіруді жөнге салса… Әйтпесе соңғы «Жаным» сериалын Сатеке айтпақшы, легенсіз көру мүмкін емес ))
P.S. Клиптерге, фильмдерге жасалған пародияларды инеттен іздеп көріп едім, таппадым. Кейінірек интернетте де пайда болатын шығар. Өзіме Айқынның “Пах-пах” өлеңіне жасалған пародия ұнады.
Мына жерде біраз бар сияқты.