Қазнеттегі сквоттерлерге бірер ақыл-нақыл



Бақсақ, dabai.kz о баста abai.kz-ке үндес келгенмен, қисыны мен болмысы өзгешелеу боп түзіліп жатқан сыңай бар. Осыларға тақылеттес тағы нендей сайттар ашуға болар еді? Шағын брейнсторминг бұған дәнекер болсын:

www.babai.kz — жаңа заман ұрпағы алғыр, зеректеу келеді дегенді жиі естиміз. Тентектікке салынып, мойынсұнбай кеткен кездері тәртіпке шақыру қиын боп жатады. Мұндайда осы аттас сайт ашып, тілазарды жөнге салардай мәтіндік, видео мысалдарлы орналастыруды ойластырып көруге болады.

www.jabai.kz — Жабайы табиғат, флора мен фауна әлеміне арналған сайт болуы мүмкін. Контенттік толтырылымы тұрғысында ботаниктердің, биологтардың құнды кеңестерімен жаңартып отыруға болады.

Өзге мысалардарыңыз боп жатса, бөлісе отырыңыз, біліс болсын.
Бөлісу:

32 пікір

asaubota
sabai.kz — қазақша садо-мазо сайты
Nurgisa
www.referendum.kz
www.el-bussy.kz

сияқты сайт атауларының да перспективасы жаман болмауы керек сықпытты.
omarbirat
www.oibai.kz — сенсацияқұмарларға арналған шок-сайт
Nurgisa
:) :) мына идеяң "ұрлауға" тұрарлық екен, Омеке ;)

www.onbai.kz — елдегі ең бай он адамның рейтінгін Форбс журналындағыдай ай сайын жаңартып отыратын бақталас-сайт.
asaubota
kabai.kz — (қап, әй) еліміздегі қазақ тіліндегі тұңғыш лузерлер сайты :) (біздің қазақтар лузерлердің сайтын жасаса да, порно сайт жасаса да «тұңғыш қазақша» дегенді қосып қояды)
qisyq
agai.kz — ағайларына ғашық болып жүрген оқушы (студент)қыздардың форумы, чаты, әңгімелері, сырлары жарияланатын сайт.
apai.kz — апайларына ғашық болып жүрген оқушы (студент)ұлдардың форумы, чаты, әңгімелері, сырлары жарияланатын сайт.
Сайттың порнографиялық мазмұнға ие болып кетуі әбден мүмкін.
asaubota
apai-agai.kz, agai-apai.kz — ЖООдағы апай мен ағайлардың «романдарын», стуент-мұғалім "қарым-қатынастарын" суреттейтін компромат сайт.
Сайттың порнографиялық мазмұнға ие болып кетуі әбден мүмкін.
omarbirat
www.kalai.kz:
1) нені қалай істеу керектігін түсіндіретін он саусағынан өнер тамған ісмерлердің (очумелый қолдардың) «how-to» сайты;
2) көпшілік "қалай" деп амандасатындықтан, Интернеттегі еркін әңгіме-дүкен құруға арналған бір әлеуметтік желіге де сұранып тұрған сияқты, ойымша :)
2) www.bilai.kz: БЫЛАЙ.КЗ — жоғарыдағы бірінші нұсқаны оқыңыз
asaubota
solai.kz — kalai.kz және bilai.kz сайттарынан дым түсінбегендердің ең соңында келетін сайттары. бірақ бұл сайтта басында айтылған екі сайтқа кері сілтеме жіберіледі, қайтып келгендер наққа жіберіледі :)
qisyq
alai.kz — өмірі ешкіммен келіспейтін, www.kalai.kz, www.bilai.kz, solai.kz, olai.kz сайттарындағы жандарды наққа жіберетіндердің, өз дегендерінен таймайтындардың сайты.
qisyq
olai.kz — www.bilai.kz сайтында көрсетілген ісмерлердің ақыл-кеңестеріне келіспейтіндердің сайты.
qisyq
torai.kz — мүмкіндігі мол, түрлі бағытта жүргізуге болатын сайт.
togai.kz — орманшыларға арналған сайт.
arai.kz — «Арай» журналының сайты.
qisyq
davai.kz — орыс тілінің тазалығы үшін күресетіндердің сайты:)
omarbirat
www.jogei.kz
«Жоқ, ей» — шық бермес шығайбайлар мен барлығын жоққа шығарушылардың сайты :)
qisyq
koiei.kz — "қой, ей!", барлық нәрсеге таң қалып жүретіндердің сайты.
asaubota
zayep.al — үйленгісі келетіндерге, күйеуге шыққысы келетіндерге арналған сайт.
Abilakim
bratan.kz -бір-біріне братан деп сөйлейтіндердің, көше салтын қатты ұстанатындардың сайты.
slyzhak.kz-бір әскери бөлімде болғандардың сайты.
chmo.kz-олимпиада жеңімпаздарына арналған сайт (чемпион мировой олимпиады)
Bekjan
Служак.кз жақсы идея… :)
asaubota
www.yagopnik.com деген бар ғой, соның қазақшасын жасауға болады братан.кз деп
Nurgisa
www.kanagattandyrmagandyktarynyzdan.kz — Қанағаттандырылмағандардың мұң шағу сайты

www.adilakim.kz — Уәдесін орындап, халықтың ықыласына бөленіп жүрген әкімдер туралы сайт.

www.abilakim.kz — Әбіләкім Субіләкім туралы
asaubota
www.kanagattandyrmagandyktarynyzdan.kz

бұл денсаулығында, жыныстық күштерінде проблемасы бар еркектердің мұң шағу сайты шығар.

ал қанағаттандырылмағандарға www.kanagattandyrylmagandyktarynyzdan.kz доменін ұсныуға болады :)
Abilakim
бұл сайт жөнінде Гастаның құлағына алтын сырға
Gastarbaiter
бұл сайт жөнінде Гастаның құлағына алтын сырға
Төсекте менен қиянат көргендей айттың ғой.))))
Daniar-Alan
oblakim.kz — облыстық әкімдердің жеке форумдары. Түскен әкім бірден банға
Zere
Креатив рулеззз ))
VKM
osek.kz-күнде таңертең, кім, не бүлдіргені туралы оқитын сайт
tukbilmes.kz-мынау не, анау не деген сұрақтарға жауап беретін сайт
wokynwy.kz-шоқынбаса да,қазақша жаңа үйреніп жүрген қазақтарға арналған сайт:)
asaubota
osek.kz жақсы идея екен
qisyq
Неге шоқыншы???
Gastarbaiter
emdom.kz — Медициналық сайт.
mastar.biz — аноним алкоголиктер сайты.
kelіn.kz — Қазақы семьяға келін болғысы келетін тәрбиелі, инабатты, иманды и.т.д қыздарының аккаунттары мен суреттері жинақталады. Бір түндік емес, өмірлік жар таңдаушыларға кіріп, танысып, сынауына болатын сайт. Ара-тұра, қазақы дәстүрлер, келіннің міндеттері мен, дипломатиялық қатынас негіздері жайлы мақалалар жарияланып тұрады.
Daniar-Alan
көр.қаз — жалдамалы көр қазушылар сайты