Жаңа жылмен құттықтама сен мені!


Жаңа жыл мерекесі дегенде ойыма бірінші желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні келетін. Ғажайыпқа толы Аяз атасымен ерекшеленетін бұл мерекені барынша жақсы қарсы алуға тырысып, алдын ала дайындалып, мәз-мейрам болып жататынымыз есімде… Ауылда керемет шыршалар мен әсем шырағдандар болмаса да, көтеріңкі көңіл күйдің әсерінен ондай жоқшылықтар еленбей де қалатын. Үйдегілердің рұқсатымен аулада өсіп тұрған қараталдың шағын бұтағынан шырша жасайтынмын. Оны да ағам әрең дегенде үйдегілердің айғайымен істейтін. Бір ренжіп, бір қуанып, әйтеуір оны үйге қойып бергеніне риза болып, еңбек сабағында жасаған ойыншықтар мен базардан сатып алған жылтырақ нәрселермен орап безендіретінмін. Қазір еске алсам сол кездегі жаңа жылды қарсы алған кездерім өте қарапайым, бірақ бақытты сәттерімнің бірі екен.
Арман қуып, алдыма қойған мақсатпен Алматыға келдім. Қалалықтардың жаңа жылды тойлауы өзгеше екен. Ауылда жоқ деген шыршалардың да, ойыншықтар мен шырағдандардың да түр түрі болғанымен, ауылдағыдай мейірімді, абыр-сабыр болып жатқан жұртты көрмейсің. Ол менің табиғатыма жат құбылыс еді. Бірте-бірте жаңа жылды тойлауға деген құлшынысым бәсеңдей бастады. Биылғы жылы да туған-туыстарға азын-аулақ сыйлықтар жасадым да, достарымды хабарласып, кейбіреулерін агент арқылы құттықтай салдым. Күндер әйтеуір өтіп жатты… Бір күні әріптесім Ерқұлан шағын блогына былай деп жазыпты: «Алла жалғыз! Тумады да, өлмеді! Иса — оның баласы емес! Пенде еді. Туған күнін тойлайтұғын „Құдайдың“, Жаңа жылмен құттықтама сен мені!». Бұл өлеңді оқыдым да, ойладым. Расында да мен өзі нені тойлап жүрмін деп… Жаратушы бір Алла, Мұхаммед оның елшісі дегеніммен, мына тойлап жүргенім оған қарама-қайшы, менің бұл жүрісім екіжүзділік емес пе?! Жаңа жылымыз Наурыздың қадірін енді түсінгендеймін.

Наурыз мерекесі мен үшін наурыз көже ішумен шектелетін. Биылғы жылдан бастап өзіміздің жаңа жылымыз Наурызды ерекше тойлауды мақсат еттім. Ауылда жүргенде жаңа жылды қалай керемет тойлайтынымыз әлі есімде, сол кезді аңсап жүр едім. Енді жаңа жылымыз Наурызды тойлауға сондай құлшыныспен кірісемін! Маған сәттілік тілеңіздер, бауырлар!
Бөлісу:

11 пікір

urimtal
Сәттілік!!! Наурыз көже жасап, достарыңды шақырсаң соның өзі бір үлкен мейрам ғой!
asaubota
ес білгелі Жаңа жылды атап өтеміз. бірақ ешқашан Исаның туған күні деп атамаппыз, Жаңа жыл — жаңа жыл. яғни жыл бітті, жаңасы келді. Григориан календарымен өмір сүріп жатқандықтан, осы календарьдың жаңа жылын күтуіміз заңды сияқты. менің түсінуімше жаңа жылға қарсы адамдар — григориан календарын мойындағысы келмейтін адамдар. олай болса олар үкіметке қарсылықтарын білдірулері тиіс, өздері қалаған календарға өту жөнінде.
muza
Жана Жыл!
Осымен 5 немесе 6 жыл болдыгой деймин.Жана Жылды атап отпегели.Жеке оз басым гана карсымын жане де ешкимди менин пикириммен келис деген емеспин.Ешкимге де Жана Жыл тойлатпа деп айтып кормедим.Адамнын ишки сезими деген баргой, сол сезим сол дауыс мени ар жылы жана жылдан алыстатып турады, жыл откен сайын алыстай беретин сиякты.Биракта буган Исанын туган куни деп карамаган дурыс.Казир Кудайга шукир Курбан айтты да ораза айтты да озимиздин тол мереке Наурызга да жаксы курмет корсетилип озиндик статустарын берип жатыргой.Кош журе тузеледи дейдигой.Сана-сезим дузелгенде буларда биртиндеп оз жолын табар.
Сизге саттилик…
omarbirat
Не де болса, ниетке байланысты. Аршат айтқандай, Исаның туған күні деп тойлап жатқан жоқпыз. Мен үшін ағайын-туыстармен телефон шалысып, болмаса бір дастархан басында табысып отыру үшін тағы бір сылтау ғана.
Түптеп келгенде, Наурыз да мұсылманның мерекесі емес қой, қарап тұрсаң :)
Abilakim
Бұл жаңа жылдың бізге жат мейрам екені рас.Бірақ мемлекеттік тұрғыда тойланатын осы күнді «сен тойлама» деп біреуге айта алмаймыз. Осы күн Исаның туған күні болсын-ақ. Мұхамед с.ғ. туған күнін тойлаймыз ба, тойлаймыз ғой. сол секілді өз дініне беріктер тойлай берсін.Исаның туған күні еді деп тойламасақ та еске алсақ қателесеміз бе? Мәселе мәселенің қай жағынан келуімізде. Иса-құдайдың жіберген пайғамбары.Оның жолының бұрмаланғандығын білеміз.Бірақ жәй ғана Иса пайғамбардың туған күні деп атап өте берейік тіпті қажетсініп бара жатсақ.Діни ұстанымымызды өзгертпей әрине. О баста Исаның кім болғанын біліп барып. Иса-мұсаның жолын жалғастырушы. Оған жеке кітап түскен жоқ.мұсаға түскен кітаптың екінші бөлігі түскен. ал, біздің пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ. шын мәнінде тойлануға лайықты пайғамбар.
Erbol
Күнтізбе бойынша жаңа жыл күні деп белгіленген соң, басқа ел тойлап жатқанда теріс қарап отыра алмайсың ғой.Ресми түрде жаңа жыл.Орыстың дін адамдары болмаса, көпшіліктің жаңа жыл деп тойлайтыны белгілі ғой.Ал наурызға келсек төл мерекеміз, ата-бабамыздың жаңа жылды қарсы алған күні.Сондықтан оны да ерекше көңілмен қарсы алу парыз. Сәттілік саған Мика!!!
Zilola
Желтоқсанның 31 нен 1-ші қаңтарға қараған түні күнтізбе 1 жылға жылжитын екенін бәріміз білеміз, причем тут Наурыз? Иса Мәсіхті де ойлап жатқан біз жоқ, календарьдің соңы мен басына қарап тойлата береміз. Ад Наурызды шатастыру мүлдем қараңғылық
muza
Зилола сиздин айтканынызды былай жорамалдауга бола ма?«Мысалга 15 маусымда сиздин туган куниниз, сиз жасыма жас костым деп тойлатасыз ал енди бири тагы бир жыл арта калды деп тойлатады.Ал енди бири несине тойлатам олимге бир адым жакындадым » дейди.Сол сиякты Жана Жыл негизинде Жана Жыл емес жай гана Кунтизбедеги Сандардын орын ауысуы болып табылады.Басканын бари далбаса.Наурызда сол.Тойлатар болсак тик турып Желтоксанымызды, Бизге жат болсада миллиондаган Санлак берген 9 мамырымызды неге тойлатпаска.
mikazhan
...өте жақсы ұсыныс)