Азиада жыры...

Азиада-2011 ойындарының кестесі, хоккей
28 қаңтар, 13.30- 16.00 Кувейт — Қырғызстан
17.00-19.30 Бахрейн — Малайзия
29 қаңтар, 13.30- 16.00 Моңғолия — Бахрейн
***
төрткіл әлем бұл ойындарды төрт көз боп күтті. Көше кезген адамның бірі қалмай, бүкіл жұмыс тоқтайтын шығар. НХЛ матчтарды жіберіп алу қаупінен сескеніп демалыс алса керек.

(түпнұсқасы)

Расписание Азиады-2011, хоккей
28 января, 13.30- 16.00 Кувейт — Кыргызстан
17.00-19.30 Бахрейн — Малайзия
29 января, 13.30- 16.00 Монголия — Бахрейн
***
весь мир ждал этих матчей. Наверно опустеют улицы, остановятся все работы. НХЛ уйдут в отпуск дабы не пропустить просмотр
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
бұдан кейінгі Азиада қай елде өтеді екен? ешкім өткізгісі келмесе тағы да біз өткізуімізге болады ма? және соңғы сұрақ: биылғы Азиаданы өткізуді жеңіп алған кезде біздің басты қарсыласымыз қай қала немесе қай ел болды?
Nurgisa
Сұрақтарыңның арғы жағында жауһар жауаптар тұнып тұрғанын сен өзің сездің бе екен, құрдас…
asaubota
журналистер арасында жүріп журналистеніп бар жатқанымды сезудемін құрдас :) журналистерше болып кеткен сияқты ма сұрақтарым, жауабы сұрақтың ішінде тұратын :)
saken
Азия құрлығындағы қыс болатын жерлер кезекпен өтізе беретін шығар :)

Қытай, Жапония, Корея, Қазақстан… сосын Монғолияда болуы мүмкін.
saken
келесі Азиада Жапонияның Саппоро қаласында өтетін болып бекітіліпті.

kaztrk.kz/kaz/news_aziada/Kelesi_kiski_Aziada_Zhapon_zherinde_otedi.html

мені қызықтыратыны, сол келесі Азиада өтетін қаланың мэріне туды кім тапсырар екен? Астананың әкімі ме екен, әлде Алматы қаласының ба?
asaubota
Саппорода 3-рет өтеді :) (барлығы 8 азиада)
Nurgisa
Ешбір ел өткізуге аса құлықты емес, амал жоқ келісе ме қаржылай көтере алатын «алпауыт» :) Әйтеуір біздікілер әупірідеп олимпиадалық қозғалыс құзырлыларына бізде әлеми қысқы олимпиада өткізуге болады дегенді ауыздарына сап беріп отыр. Шын мәнінде өтер болса, міне сонда болар еді инфрақұрылымның жаппай апгрейді. Әйтпесе, дәл тұмсық тірер тұста, ашылу салтанаты қарсаңында пайдалануға берілген нысандардың сапалық көрсеткіштері қандай екенін… Көтензорлықпен біткен істің тігісі тез сөгілмесі игі, соған тілектеспіз ғой, қайткенмен.
saken
… Ешбір ел өткізуге аса құлықты емес…

меніңше жазғы Азия ойындары мен қысқы Азия ойындарын бір мемлекетке беру керек. Ондай мүмкін емес жағдайларда (қыс болмайтын Азия мемлекеттері үшін) жазғы Азия ойындарын өткізгісі келіп отырған мемлекеттер қыс болатын жерлердің спорт нысандарын жалға алып өткізетін талап қойылсын.
Не дегенмен жазғы Азияданың беделі мықты ғой біршама. :)
Nurgisa
Айтпақшы, радиодан естіп қап ем Азиаданы жарнамалаудан:
«27 елдің өкілдері,
1000 спортшы,
2000 журналис»…

Осы жерде «стоп» дедім ойша. Журналис саны қатысушыдан бақандай екі есе көп болғаны қалай сонда? :) Ресми дерек осыны меңзейді.
asaubota
мүмкін емес 2000 журналист. жұрттың бәрі Азиада фотоларын ресми сайттарынан алып жатыр газеттеріне :)
Nurgisa
Ресми статистика солай дейді:
www.zakon.kz/kazakhstan/197884-start-dan.-pljusy-i-minusy-aziady.html
Радиодан да екі мың деп берді журналис санын. Аң-таңмын. Таңсықтау.
19852407
400 ден сәл асады, ар жақ бер жағы
19852407
2000 емес, 500-ге жуық журналистер бар деді ғой тек
Nurgisa
Әзірге қанжыға 13 алтынмен майланды. Жаман емес. Қытай, Жапония мен Оңт.Корея, шамасы, тарланбоздарынсыз келген-ау деймін… Кеше шорт-тректе дес бермей жатыр еді. Азиада бағдарламасында керлинг болмауы өкінішті.
Abilakim
скелетон деуші ме еді сол спорт түрі де тамаша
saken
скелетон спорты өте қымбат спорттардың қатарына жатады. Яғни оған арналған жолдың құны көкке жетеді дегенді бұрындары бір жерде оқып едім (Сочидегі жолды салу барысындағы ақпараттар ішінде)
saken
керлингті Азияда ешкім ойнай алмайтын шығар ))
Nurgisa
Өткенде өкрсетіп жатыр еді жәшік, өзіміздің жергілікті кәрісіміз баптап жатқандай еді. Біз сол, ет мүжіп жатып, түсінбесек те, крикет, бенди, керлинг сияқтыларды көруге әуеспіз ғой. Экзотика себебі.
omarbirat
Бұл Азиаданы қай ел өткізсе, сол ел бірінші орын алатын заңдылығы тағы бар екен ғой.
sammita
солай дейді ғой, алғашқы күні алған алтындарға сенер-сенбесімді білмей отырғанымда, «Бетпе-бет» хабарына сұхбатқа қатысқан спорт вице-министрі осындай уәж айтты. «Азиада қай елде өтсе, сол ел бірінші орын алады» деп. Оны Берік Уәли қайта-қайта қоштап, «дұрыс онда тұрған не бар, қолда тұрғанда алу керек» деген сыңайдағы пікірін білдірді.
alisha
Дерек/дәйек:
1986 Саппоро Япония (29)
1990 Саппоро Япония (18)
1996 Харбин Китай (15)
1999 Канвондо Китай (15)
2003 Аомори Япония (27)
2007 Чанчунь Китай (19)
19852407
уақақақаққақақаааа нақ, ішім-ай! Министрдің мимін Беркекең бекітіп, бірталай қатқан екен екеуі
asaubota
бұл жарыстың бәсекелессіз екендігін, «несерьездығының» айғағы.
alisha
мүмкін, Қазақтан бұл қағидатқа қарсы келер;) Сосын сонымен мақтанамыз, біз әділеттің ақ жолындамыз деп;)
saken
далада жауын құйып тұр. Далада болатын спорттардың жағдайы қалай болар екен?
Nurgisa
Қосалқы аэродром Астана бар дегендей…
saken
Алматыдағы жаңа трамплинді салуға шамамен 20 жылдай уақыт кетті… Астанадағын салу үшін қанша керек болар екен?