Ресей үкіметі Microsoft-тан Linux-қа көшпекші



Біздіклер де бұл батыл қадамға бара қояр ма екен?

Жаңа ғана осы ақпартты көзім шалды.
Путин Ресей үкіметі алдағы бес жылдағы кезеңде компьютерлік операциялық жүйелерді ауыстырмақшы екен. Бұл уақытты өтпелі кезең деп атапты. Себебі осы уақыт аралығында олар Open Source бағдарламалар арқылы өздерінің IT құрылымын дамытпақшы.

Мәселен, Куба Linux негізінде өздерінің Nova деп аталатын жеке операциялық жүйелерін жасап шығарған. Сөйтіп, америкалық компания өніміне тәуелділіктен құтылған.

Өткенде мен де Linux қолданып көрсем бе деп ойлап едім. Кейбір таныстарымнан байқап едім. Әзірге Linux-қа көшудің жеке өзім үшін қандай рисктері болатынын бағамдай алмадым.
Бөлісу:

9 пікір

omarbirat
Линукс өзі тегін таратылатын операциялық жүйе емес пе еді? Әлде қателесем бе? «Убунту», бірдеме дегендерге тапсырыс бердім дегендерді Интернеттен көзім шалып қалғаны бар еді бір.
omarbirat
Опшым, тегін болмаса да Малкрософттың өнімдеріне қарағанда арзан ба, бірдеңесі бар :)
urimtal
Дұрыс айтасыз, тегін ғой. Кез келген адам өз ыңғайы мен қажеттілігіне қарай бейімдей алады. Бір жігіт тіпті қазақшалап, соған арналған бағдарламаларды да қазақшалапты. baurzhan.info/ мынау соның сайты.

Біздің алғашқы планшетіміз үшін операционканы да соның негізінде жасаған деген сыбыстар бар. Негізі Linux-ты қолданып көргім келіп жүр.
jazzgyw
Шамаласам Линакс немесе Линукс ыңғайына қарайлап, бул озі бөлек дүние операциялық жүйе секилди коринди маган.нақтыласам бар білетінім аты бір жұмыс принциптері ұқсас болса да,өзге тұстары көп.тізбелеп жату ұзаққа созылар.әйтсе де бір ғанасы мұны ең алғыр бағдарламашылар құрастырған
jazzgyw
өрімтал ағылшынша у мен жазылса линукстың да Линөкс болуы жөн болар
urimtal
Linux — open source болған соң, сөзсіз қолданушы үшін артықшылықтары мол болар. Себебі таңдау еркін береді ғой. Ал Micrsoft-қа тұтас жүйе болып байланып қалған соң, амал нешік :(

пысы. urimtal ол fatal error-дың салдары ғой. Былайша айтқанда, exception. :)
muza
Линух немесе Линукс ушин Ричард Столлман мен Линус Торвалдска ракхмет айту керек сиякты.Бири ГНУ-ды бири де Линух ядрасын шыгарушыларгой.Линух алемде Мас ОС немесе Виндоус сиякты арнаулы бир жуэ дамыту орталгы болмайтын Ашык соурсе код колданушы программисттер жйынтыгынын виртуал алемде бир пикирди мын жерден ар-турли козкараспен караулары аркылы сапалы жуэ шыгару жолы десекте болады.
Ал жаналык керемет.Откенде де бир жерлерден окыганда сенбеген едим.Кейнирек шындык сиякты коринди Виндоуска жаным аши бастады :)
Казахстан бундай дарежеге жету ушин улкен бир реконструкция керек шыгар.Бизде али тех универлердин озинде асиресе ИТ жагында жургендердин копшилиги Линух-тын не бале екенин биле бермейди.
Оз басым БакТрак, Убунту, ФрееБСД сиякты бираз версияларын колданып кордим.Ар кайсысынын озиндик ерекшелиги бар.
urimtal
Рахмет, muza! Қателеспесем, ҚБТУ-дағылардың Linux-қа қатысты бір жобалары бар ғой деймін. Өткенде бір жерден көзім шалып қалған. Негізі Microsoft-тың өнімін қарақшылық жолмен тұтынғанша оқу орындары Linux-қа көшкендері орынды сияқты. Мамандардың осығай орай пікірлерін сұрағанмын. Келесі аптаға мақала әзірлеп жатырмын, инш!
RauRau
Линукстың өзіндік артықшылығы көп, ол серверлік ОЖ болып табылады. Бірақ бізідң қолданбалы программалардың барлығы Microsoft тың ОЖ негізделіп жасалғандықтан әзірге ол бізге ертерек. Қазір байқап жүрмін көп жерде серверлерде Линукс қолданылып жүр…