Мұңды күлкінің Төресі



Мысль о смерти более жестока, чем сама смерть.

Боэций


БАҚ біткен Құдайберген Сұлтанбаевтың жексенбі күні қайтыс болғаны жайында жазып жатыр. Аяқ астынан. Пайғамбар жасынан 64-ке қараған шағында қазақ әзіл-сықақ театрының қара нары жүрек талмасынан бақиға аттаныпты.

“Жақсы көрген пендесін Құдай қинамай алады” деп отырушы еді осындайда үлкендер. Кім біледі. Рас та шығар.

Құдайберген Сұлтанбаевтың бейнесі маған бала кезден ыстық та ерекше жақын. Ол кішкене кезімде қырылдап-сырылдаған кеңестік “Рекорд-340″ дейтін телевизордан көрген “Тамашаларымызбен” байланысты ма екен, білмедім… Әйтеуір ауық-ауық осы Ағаның бейнесін көріп қалғанымда басқа ешбір сахна сипарға сезінбейтін ерекше құрметті өзімнен байқаушы едім.

Жақында “Ғашық жүректегі” балгер әйелдің рөліндегі кейпіне ерекше сүйсініп, мәз болып қайтып едім… Осындай актерлар тұрғанда қазақ сатирасының мұрты бұзылмайтындай болушы еді… Енді, міне…

Қазақтың әзіл-сықақ театрларының әртістері көбінесе бір типті болып келеді. Газет-журналда болсын, Республика сарайының сахнасында болсын, бір ауылға гастрольдеп барғандағы алаңқайда болсын түр-келбеті, сиық-сымағы, пошымы бір-бірінен аумай қалған секілді болады да тұрады маған. Сол бір ырқ-ырқ күлкі, әлем-жәлем кейіпкерлер…

Ал Құдайберген ағаның жөні бөлек еді…Тым бөлек еді…Әзілдерінен мен бір мұң көруші едім…Күлетінмін, бірақ, күлкім қайғылы бір тұманға оранып кете беруші еді… Езу тартатынмын, бірақ, оным жылаған адамның кейпіне ұқсап қалушы еді…

Жаныңыз жаннатта болсын, мұңды күлкінің Төресі…
Бөлісу:

14 пікір

Abilakim
бір кездері тоқсаныншы жылдары ма… реп айтып шығып еді ғой «Тамашаға»…
asaubota
өкінішке орай интернетте бұрынғы Тамашаның видеолары почти жоқ екен. Казтюбтен таптым, бірақ видео ашылмайды.
1806
«Парламенттегілердің бәрі әртіс, тек ішіндегі профессионалы — мен»
omarbirat
«Тамашаның» соңғы тарланы еді.
Nurkoke
Қайран,Құдайберген аға, сіздің сатираларыңызды тыңдап өсіп едік! Тұнып тұрған талант,қазақы әзілдің қас шебері келмеске кетті, бірақ халық жүрегінде мәңгі қалды!
Gastarbaiter
Езу тартатынмын, бірақ, оным жылаған адамның кейпіне ұқсап қалушы еді…
Білмеймін. Құдекең сахнада дәуірлеген заманда мен бала едім. Мен ол кісінің әзіліне, әсіресе «Жан жағымд жайпасам, кеміре берсем, семіре берсем, әкел әкел әкел әкел уахахахахаааааа» деген өлеңіне еш мағынасына үңілмей мұңсыз күлетін едім.
boztorgai
студент кездегі алғаш осы кісімен кездесуіміз еріксіз еске оралады
asaubota
Қисықтың Керектегі алғашқы жазбасы мұңды басталған екен, пәлендей плюс те жинамапты
zholantai
Күлетінмін, бірақ, күлкім қайғылы бір тұманға оранып кете беруші еді…
ну и сөйлем