​БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида

Шаршау, бойкүйездік, жалқаулық, ұйқысыздық, тершеңдік, денеден және ауыздан шығатын жағымсыз иіс… Мұндай жайсыздықтан бауырды тазарту арқылы құтыласыз.

Толығырақ мына сілтемеде: ​БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида

​Шаншу қадалғанда не істеу керек?

Шаншу — сіз елемейтіндей, мән бермейтіндей ауру емес. Шаншуды уақытында жазбасаңыз, асқынып кетуі мүмкін.

Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ. Бала кезімізде әжелеріміз пештің жанындағы көсеуді темірге ұрғылап алып, қадалған шаншуды түйрейтін. Сенім бе әлде ем бе, әп-сәтте жазылып шыға келетінбіз.

Шаншу қадалған тұсты көтере алмай, тіпті дем жетпей қиналатынымыз жасырын емес. Мұндай жағдайда дәрігерлер қыздыратын жақпамай беріп, 5-7 күнге ем жазып береді. Негізінде жатып алып жағдайын жасайтын ауру емес. Әрине қалжыңдауға да болмайды. Бірақ өз бетіңізше ем-дом жасап, 1-2 сағат шамасында айығып кете аласыз. Сонымен салқындап қалған адамның арқасына шаншу қадалып, мазасын алып жатса, сіз де қарап тұрмай алдымен ырымын жасаңыз. Оны жоғарыда айтып өттік. Ендігі кезекте үй жағдайында жасалатын ем жолдарын ұсынамыз.

1. Сұйық демделген 1 шыны шайға 1 шай қасық бал араластырып, ішкізіңіз. Жылы орап жатқызып қойсаңыз, бір терлегеннен-ақ аттай болады.
2. Бұл кезде аяғына, табанына аздаған көлемде қыша немесе бұрыш сеуіп, уқалаңыз. Бұл ем табаныңызды қыздырып, суықты алады.
3. Ас бөлмеңіздегі картоп пен ақжелкенді үккіштен өткізіп араластырыңыз. Оған бал қосып, мұқият араластыру керек. Дайын болған езбені шаншу қадалған тұсқа таңып қойсаңыз, түйін жазылып, ауырғаны басылады. Ем кезінде жылы оранып жатыңыз немесе жылы киініп алыңыз.
4. Кез келген өсімдік майын қыздырып, шаншу қадалған жерге жай қимылмен жағып, уқаласаңыз да керемет ем болады.
5. Шаншу қадалған жерге қыздырылған тұз бассаңыз да көмегі тиеді.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА,ERNUR.KZ.

​Есте сақтау қабілетін жақсартатын емдік сусындар

Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа, өмірде көп нәрсе жоғалтасыз.

«Бір сағаттан соң есіме салшы», «Қайда қойғанымды ұмытқаным-ай...», «Есімнен тарс шығып кетіпті» деген сөздерді сіз де жиі айтып жүрсіз бе? Бұл есте сақтау қабілеттің нашарлағанынан дерек береді. Мамандар есте сақтау қабілеттің нашарлауына:

1. Мидағы ақпараттың көптігі;
2. Дұрыс тамақтанбау;
3. Ұйқының қанбауы;
4. Бір орында отырып жұмыс істеу;
5. Жағымсыз әдеттер;
6. Стресс пен күйзеліс себеп болады дейді.
Демек, өміріңізге көп кедергі келтіретін емнен тезірек арылуға кірісіңіз. Ол үшін үйде мына сусындарды дайындап ішсеңіз болғаны.

1. Күніне 3 рет 1/3 стақан қияр сусынын ішіңіз. Бұл есте сақтау қабілетіңізді артырады.
2. Жарты стақаннан қияр мен қызанақ сусынын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық сарымсақ сусынын қосып ішесіз. Бұл емдік сусынды күніне екі рет таңертең және кешке қолдану керек. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, оң нәтижесін байқайсыз.
3. Жарты стақаннан сәбіз бен қызылша шырынын араластырып ішіңіз. Емді күнде таңертең ашқарынға қабылдау керек.
4. Қаражидек көздің көру қабілетін жақсартатынын білесіздер. Мұның есте сақтау қабілетті арттырып, мидың жұмысын жандандыратын да қасиеті де бар екен. Ол үшін күніне 2 рет жарты стақан қаражидек ішіңіз. Емді таңертең және кешке жүргізу керек.
5. 2 дана ірі пиязды еттартқыштан өткізіп, сүзіп алыңыз. Оған сондай көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан қабілдайсыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.
6. Жарты стақаннан грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішсеңіз деесте сақтау қабілетіңізді жақсартады.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА, ERNUR.KZ.

Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз.

Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз.

1-рецепт
1 ас қасық түймедақ (ромашка) пен 2 ас қасық жөке гүлін (липа) 1 стақан қайнатылған суға салып, қайнатасыз. 5-7 минуттан соң отты сөндіріп, 20 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 5-6 рет жүргізу керек.

2-рецепт
Ұнтақталған қырықбуынның (хвощ) 5 ас қасығын 400 мл қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15 минуттан соң сүзіп алып, тамағыңызды шаясыз.

Оқи отырыңыз: ЖӨТЕЛ үш күнде ЖАЗЫЛАДЫ

3-рецепт 2 ас қасық таңқурай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып тұндырып қойыңыз. 10 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды шаясыз. Бұл әдіс тамақтың қызарғанын кетіреді, мазасыздықтан арылтады әрі баспаны жедел түрде емдейді.

4-рецепт
1 стақан үгілген қызылшаға 1 ас қасық 6 пайыздық сіркесуын араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң қызылшаны сығып, тұнбаны сүзіп аласыз. Дайын болған емдік тұнбаның 1-2 ас қасығымен тамағыңызды шаясыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

5-рецепт
Жарты литр суға 3 шай қасық пияздың қабығын салып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң ыдыстың қақпағын жауып, тұндырып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, тамағыңызды, жұтқыншағыңызды шаясыз. Пияздың қабығынан дайындалған тұнба тамақтың қызарғанын кетіреді әрі емдейді.

6-рецепт
100 грамм қабығынан тазартылған сарымсақты жарты стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 6 сағаттан соң дайын болған емдік сусынды жылытып тамағыңызды шаясыз. Бұл емді күніне 3 рет үзбей 3 күн жасасаңыз, баспа ауруынан түбегейлі айығасыз. сурет: medknsltant.com

7-рецепт
4 ас қасық балғын немесе кептірілген жолжелкен (подорожник) жапырағының үгіндісін 200 мл қайнаған суға салып, тұндырасыз. 30 минуттан соң дайын болған тұнбаға шамалап бал араластырып, тамағыңызды шаясыз. Емді әр сағат сайын жасау керек.

Оқи отырыңыз: ИММУНИТЕТТІ көтеретін ЖЕТІ әдіс

8-рецепт
3 ас қасық балға 1 ас қасық алоэ шырынын араластырыңыз. Осы қоспамен бадамша безін сыртына жағып, массаж жасай отырып уқалайсыз. Емді күніне 1 рет 14 күн жүргізу керек.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА, ERNUR.KZ.

Блогиада #22. "Бақсы-шмақсы" (с)

Бұл пост өзім туралы материалдар сериясының соңғысы болсыншы :)

Блог - patick: Блогиада #22. Бақсы-шмақсы ©
Тәуелсіздік алып, елге Ислам кеңінен тарай бастағанда бәрі бақсы-емшілерді жек көре бастапты, байқаймын. Ол, аздай бәрін топтастырып, бір категорияға енгізіп жіберіпті. Әйтеуір, шариғатқа сай келмейтіндердің барлығы кәпірлер, шайтандар, міскіндер, басқа да зұлымдар.

Менің түсінігімдегі халық емшілері мүлдем басқаша. Әрине алаяқтары да кездеседі, бірақ ол туралы кейінірек. Емшілер біздің өңірде (Атырау облысы) бірнеше санатқа бөлінеді: сынықшылар (адамның, малдың қираған сүйектерін жинайды), үшкірушілер (көз тиюден емдейді), тәуіптер (ғылымға белгілі сырқат түрлерін халық тәсілімен емдеу), т.б. осылай кете береді.

Ислам жолында жүргендерге бұл әңгіме ұнай қоймас, ал реалисттер тіпті күліп қарауы мүмкін. Бірақ бұндай нәрсе айтылуы тиіс және ғылыми болсын, басқа да болсын тараптардан өз бағасын алуы тиіс деп есептеймін.

Батыста «аруақ» деген ұғым бар. Ол Оңтүстіктегідей «елес», «жын» немесе ұран шақыруды білдірмейді. Ол қасиет деген мағына береді, сәйкесінше бойына ерекше қасиет дарыған адам — «аруақты» деп аталады. Менің өз жұртымда да, нағашы жұртымда да осындай адамдар болған, қазір де бар. Мен оларға сенбес те едім, егер менің өмірімде бұл жайт орын алмаса.

Нағашы атам — Займолла, Ұлы Отан соғысының ардагері, коммунизммен тәриеленген адам. Бірақ сынықшылықпен айналысуына бұл кедергі бола алмады. Бұл қасиет анасынан берілген. Ал оның анасы Атырау облысына белгілі Сәт бабаның ұрпағы екен. Батыста «Иә, Сәт!» деп сыйынып жатады, ежелде өмір сүрген осы адам туралы небір аңыздар өте көп.

Нағашы ата
Блог - patick: Блогиада #22. Бақсы-шмақсы ©
Нағашы атам Кеңес кезінде де емдеген. Бұл қасиетті адам өзі қаламайды, түрлі аяндармен беріледі екен. Бірде тентек коммунистердің бірі менің нағашы атамның үстінен арыз түсіріпті, «кісі емдейді», "үйінде отырып алаяқтықпен пайда табады" дегендей мотивтері бар екен. Үйге милиция келгенде атамның айтқаны:
— Мен бойымдағы күшті ешкіммен бөліспесем ауырып қаламын, — деп жауап беріпті. Шындығында, нағашы атам ешқашан ақша алған емес.

Әкемнің әңгімесі
Блог - patick: Блогиада #22. Бақсы-шмақсы © — 1980 жылдары мотоциклдің астында қалып, бір аяғым қирап қалды. Операция жасалып, бірнеше айдан кейін гипстелген аяқпен үйге шықтым. Кейін анықталғандай, сынған сүйектің екі бөлшегі орындарынан ығысып, бірінің үстіне бірі шығып кетіпті. Бір аяғым содан қысқа болып қалды. Сүйек сынықтары бекімей жатып, операцияны екінші рет жасаймыз деді. Бұған шыдай алмаған мен ауылға кетіп қалдым. Қайын атамның үйіне барып, сол кісіден ем алғым келді.
Ол мені төсекке жатқызып, аяқ жағымда отырды. Қолын да тигізген жоқ. Бірақ сирағымдағы қираған сүйек бөлшектерінің «кілт-кілт» етіп қозғалып жатқанын сезіп жаттым. Көзбен-ақ, жинап берді. Ауылға екі балдақпен барып, қалаға 21 күннен кейін таяққа сүйеніп қайттым.

Қазір әкем шауып жүр. Бұрын бір аяғы іске жарамай қалды дегенге сенбейсің. Есімде, бала болып өтірік айтсақ бәрін біліп отыратын. Ойнап жүріп, қолдың, тобықтың буынын ауыртып аламыз ғой. Сонда атам марқұмның алдына барамыз. Ол кісі осындай жағдайға қалай душар болғанымызды егжей-тегжейлі біліп отырады.

Жылан аруақ
Қасиеті Сәт бабадан тараған адамдардың бәрінде ортақ бір тіршілік иесі бар — жылан. Кейбір адамдар менің нағашымды «Жылан аруақ» деп те атайды. Бұл қалай көрініс табады?
Блог - patick: Блогиада #22. Бақсы-шмақсы ©
Мысалы, қолыңызды оқыс сындырып алдыңыз делік. Аруаққа сенетін адам болсаңыз, қиналғанда «Сәт баба қолдай гөр», «Займолла атаның аруағы» деп жалбарына бастайтыныңыз анық. Сол түні міндетті түрде түсіңізге жылан енеді. Ол маңайызда жүруі мүмкін, немесе ауырған жеріңізде жатуы мүмкін. Бұл жақсылықтың белгісі.

Айтпақшы, жылан кейде маған да енеді кейде. Түсімде ешқашан шағып көрмепті, менің бойымда да қорқыныш болмайды, керісінше бір жақындықты, мейірімділікті сеземін.

Марқұм нағашы атам сұрайтын: «Жылан түсіңе енді ме?». Жауабы маңызды емес, өйткені енгенін ол біледі ғой, білген соң сұрап отыр.

Негізі аруақ нағашы атама анасынан мұра болып қалған. Одан бөлек екі бауырына да беріліпті. Бірақ мен білетін туыстардан нағашы атамның қасиеті ең мықтысы болыпты. Ол туралы анам былай дейді:

Анамның әңгімесі
Блог - patick: Блогиада #22. Бақсы-шмақсы © — 1990 жылдары көк мұздақта тайып құлап, екі жамбасым шығып кетті. Төсек тартып жаттым, отыра да алмаймын, жүре де алмай қалдым. Бұл хабар ауылдағы әкеме де жетті. Телефонмен қажетті ем-домын айтып жіберіпті. Сол айтқан нәрселерін жасап 9 күн жаттым. Бірде көзім ілініп кетіпті. Бөлмеге ұзын жылан арқалаған үш қыз кіріп келе жатыр екен. Шошып ояндым. Бірнеше минуттан кейін тағы көзім ілініп барады, әлгі картина тағы қайталанды. Осы түстен кейін диванда екі қолыма сүйеніп отыр едім. Алдымен бірінші жамбасым, содан кейін екінші жамбасым «тырс» еткен дыбыс шығарды. Сөйтсем, белім өздігінен орнына түсіпті.
Аздап өзіме келген соң ауылға бардым. Әкем беліме қарап отырып, мырс етіп:
— Қап, бір жамбасың бәрібір түспей қалыпты, — деді бірдеңе біліп тұрғандай дауыспен. Менің ойымша, жылан ұстап келген қыздар әкемнен келген сигналдар болса керек. Сөйтіп, алыста отырып емдегені ғой.

Атам қайтыс болғанда өз қабілетін менің анама табыстапты. Бірақ, бұл энергия да әр адамға әр түрлі деңгейде беріледі ма деймін. Анамның өзі де айтады, қасиеттің көрініс табу деңгейі адамның ниетіне де, өзін күтіп ұстауына да байланысты деп. Анам күні-түні жұмыста, үйге шаршап жетеді. Сондықтан да шығар атам секілді ерекше сынықшы емес. Бірақ келген адамның бетін де ешқашан қайтарған емес. Біздің сенімде ем-дом үшін ақы алуға қатаң тыйым салынған. Ауырып келген адам нияз байлап, аздаған тиын-тебенін мұқтаж жандарға береді немесе "қолыңыз ауырмасын" деген ниетпен менің анама тастап кетеді. "Қанша беремін?" деп қалтасына қолын салып ыңғайланған адамның талай рет айқай естігенін талай көргенмін.

Алаяқтар
Оларды тану қиын емес, бұндай емшілер ел кезіп, өзін жарнамалайды. Жасаған еміне ақы алады. Сосын 100 пайыздық жақсы нәтижеге кепілдік береді, әрине ауызша. Нағашы атам соларды жек көрсе де, өзі соның құрбанына айналды. Ел кезіп, ақыға кісі емдеп жүрген бір жас жігітті үлкен ұлы алып келіп, төсекте жатқан атамды емдетпек болды. Ешбір нәтиже болмады. Көп кешікпей Атырау өңірінің бүкіл батыс бөлігіне ерекше қасиетімен атағы шыққан атам бұл өмірмен қоштасты. 2000 жылдардың басы болатын.

Енді бұны не деп атаймыз? Дін тұрғысынан бұл күнә, ал ғылымда, мен білсем, нақты түсіндірме жоқ. Әйтеуір бұл қасиеттің ерекше энергия екені белгілі. Қалай десек те, бұл біздің ұлттық культіміз, Исламға дейін де болған, Ислам келгенде онымен конфликтіге түспей қатар өмір сүріп келген. Менің ойымша, бұндай ерекшелік әрі қарай да өмір сүруге толық құқылы.

Бәрі Алланың әмірімен болады дейді ғой, мүмкін бұл да Құдайдың берген сыйы шығар. Жоғары айтылған әңгімеде аздап бұрмалау болуы әбден мүмкін, бірақ аталған қасиеттердің өтірік екеніне ешбір нұқсан келтіре алмайды. Бәрі шынымен, осы өмірде орын алған оқиғалар.

P.S. Жоғарыда Х-адамдар әлемі кейіпкерінің суреті иллюстрация ретінде бекер таңдалған жоқ. Менің ойымша, шын аруақты адамдар да Марвелдің мутанттары секілді ерекше жандар :)
Әрі қарай

Емшінің “шипасы”

Ауылдан нағашы ағамыз хабарласып, Гүлжиян тәтеміздің соңғы кезде сырқаты сыр беріп жүргенін, сол үшін қалаға барып дәрігерге көрінуге бел байлап отырғандарын жеткізді. Тәтемізді күтіп алу, баратын жеріне апару, қайтадан шығарып салу сияқты шаруалар маған қадалып тұрып міндеттелді.
Әрі қарай

Жаужапырақ;сермене(Мелисса)

Түрлері:
Дәрілік жаужапырақ – көпжылдық өсімдік, 0,5 -1 м биіктікке шейін өседі. Тамырлары көптармақты. Сабағы тікбағытталған төртқырлы көпбұтақты, бас жағы сәл еңкіштеніп(салбырап) өседі. Жапырақтары бір біріне қарама қарсы орналасып, сопақшаланған жұмыртқа тәрідес болады да қырлыар емшектеліп келеді: Сабақтың жоғары жағындағылары қанық жасыл түсте болса балағына қарай ашық жасыл түсті болып беттері түкшелермен көмкерілген. Гүлдері екі жынысты, ақ және күлгін түсте, ұсақ түрде болады. Гүл табақшасы жасыл, қоңырау тәрізделген; екі ерінді тәжі бар. Дәндері сопақшаланған ұзындығы 2мм диаметрі 1мм. 1000 дәннің салмағы 0,6 грамм
Әрі қарай

Күміс қатерлі ісікті емдей ме?

Күмістің адам ағзасына пайдасы зор деседі. Күмістің денсаулыққа пайдасы ғылыми түрде дәлелденген бе?
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы

Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған.
Әрі қарай

Ешкі сүтінің пайдасы зор

Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары
Әрі қарай

Жылан етін жейсіз бе?

Енді бірер күнде шілде түседі. Ел арасында осы шілде уақытында ем үшін жылан жейтіндердің, сорпасын ішетіндердің бары жасырын емес. Тіпті кейбіреулерге кемпір-шалдар тарапынан жылан ұстап беру жөнінде ұсыныс түсіп жатады екен. Ал жылан қандай ауруға
Әрі қарай