Жаужапырақ;сермене(Мелисса)

Түрлері:
Дәрілік жаужапырақ – көпжылдық өсімдік, 0,5 -1 м биіктікке шейін өседі. Тамырлары көптармақты. Сабағы тікбағытталған төртқырлы көпбұтақты, бас жағы сәл еңкіштеніп(салбырап) өседі. Жапырақтары бір біріне қарама қарсы орналасып, сопақшаланған жұмыртқа тәрідес болады да қырлыар емшектеліп келеді: Сабақтың жоғары жағындағылары қанық жасыл түсте болса балағына қарай ашық жасыл түсті болып беттері түкшелермен көмкерілген. Гүлдері екі жынысты, ақ және күлгін түсте, ұсақ түрде болады. Гүл табақшасы жасыл, қоңырау тәрізделген; екі ерінді тәжі бар. Дәндері сопақшаланған ұзындығы 2мм диаметрі 1мм. 1000 дәннің салмағы 0,6 грамм

Жаужапырақты көбінсі иісі арқылы іздеп табады. Түп түгелімен әсіресе жапырақтары лимон аңқып тұрады. Осы себептен “лимонды жалбыз” аталып кеткен. Ерекше хош иісті болып келетін кезі гүлдемгендегісі(гүлдеген соң ауырлай түседі). Жаужапыраққа ерекше иіс беріп тұрған оның құрамындағы (ерінгүлдерге тән қасиет) эфир майлары. Осы топқа жататын басқа да өсімдіктер, мысалы лаванда, жебіршөп; тасшөп(тимьян), ащы жалбыз, шалфей, гүлшетен(розмарин), майоран сияқтылардың өздеріне тән айырықша күшті иістері болады. Иісінің тартымдылығына байланысты жаужапырақты аспаздарда жиі қолданады.

Жаужапырақ – әлемде ең әйгілі хош иісті-дәмдеуіш және емдік қасиеті бар өсімдіктер қатарында, адам өмірінде көп ғасырдан бері өзіне тиселі орнын алып үлгерген. Көне римляндықтар оны осыдан екімың жыл бұрын күтімге алып, баптап өсіре бастаған.

Көне заманнан бері адамдар бұл өсімдікті тәбет ашу мақсатында қолданып келген. “Мелисса” сөзі грек тілінен аударғанда ара, бал деген мағына береді. Өсімдіктің латынша атауы – “ара жұлдызы”. Ара ұясының қабырғасын осы шөппен сүртсеңіз болды аралар бейне бір сиқырланғандай сол жерге қаптай бастайды. Әрине оларды сиқырлаған өсімдіктің хош иісі. Жаужапырақпен сүртілген осындай ара тұзақтарын омарташылар ормандар мен жайылымдарға аралады үйір қылу үшін іледі. Оларды жаңа орындарға осылай үйретеді. Егер жаужапырақпен денеңіздің ашық жерлерін сүртіп алсаңыз аралар шақпайды. Ал енді бұл өсімдіктің ел арасында балшөп аталып кетуіне себеп – балтүзгіштік қасиетінің жоғарылығы болса керек. Бір гектар гүлдеп тұрған жаужапырақ алқабынан 150 кг ашық түсті құнарлы бал алынады екен.

Қолдану тәсілдері:
Балғын немесе кептірілген жапырақтарын дәмдеуіш ретінде түрлі тағамдар даярлау кезінде қосады. Балғын кезінде, майдалап турап салаттарға қосса ол тағамның тек иісі аңқып дәмділігі артып қана қоймай дәрумендік қасиетіде күшейе түседі. Кептірілген жапырақтарын өзін ғана немесе басқа да дәмдеуіштермен қоса көкөніс, ет немесе балық негізге алынған қыстық салаттарға сондайақ омлет немес күріш тағамадарына қолданады.

Жаужапырақтың балғын жапырақтарын түрлі соустарға, суптың барлық түрлеріне(жеміс, бұршақ, кртофель, саңырауқұлақ), көкөністен жасалатын тағамдарға қосады. Көбісі жаужапырақты иісі тәбет ашардай болу үшін сүтке, қатыққа қосады. Кептірілген жапырақтарынан шай шығарып, компоттар мен үй квастарын хош иістендіру үшінде қосады. Балғын жапырақтарын сыраның және қолдан жаслаған шараптардың дәмін жақсарту үшінде қолданады.

Медициналық қолданыстар:
Халықтар арасында жаужапыраққа оның емдік қасиеттеріне сай басқа да атаулар берілген: жүрек шөбі, “жүректі тыныштандыру” – тыныштандыратын қасиетіне байланысты болса керек; әйел шөбі, етеккірдің келу мерізімі бұзылған кезде, жүктілік кезінде болатын кеселде мен ұстамалы ауруға қарсы дауалық қасиеті үшін.

Жаужапырақтың қасиетін бірінші болып байқап дұрыс баға бергендер арабтар болды: олар бұл шөпті эпилепсияны, психикалық ауруларды, апоплексияны(миға қан құйылу түрінде болатын ұстама ауыру), апатияны және меланхолияны емдеуге қолданған сондай ақ бұл шөпті өздерінің “өмір эликсирі” шөптерінің қатарына қосқан.

Ортағасырларда Жаужапырақты ағзаға қуат беруші компоненттер ретінде қолданған, жүрек жұмысын жақсарту мақсатында ең үздік дәрумен ретінде танылды. Францияда жапырақтарынан әйелдер босанар кезде арнайы самса жасап жегізгенді дұрыс санайды екен.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше