Жарияланымдар

qyzylordalyq_jigit
Бұл мәселеде пікір білдіру үшін алдымен сауаттылық керек. Қазіргі қалыптасқан жағдайды білу керек. Осы туралы менің ойым төмендегідей:

Елімізде шартты түрде бірнеше контингент бар екені белгілі ғой —
а — көбіне қазақша сөйлейтіндер (10%),
ә — қазақша сөйлей алатындар, бірақ араластырып сөйлейтіндер (50%),
б — қазақша білетіндер бірақ мүлде сөйлемейтіндер (9%),
г — қазақша білмейтін бірақ үйренгісі келетіндер (1%),
ғ — қазақша білмейтін және үйренгісі де келмейтіндер (30%).

Осылардың арасында ұлттық мәселеге өздерінің пікірі айқын топтар олар — а, б, г және ғ. Яғни а және г топтары — ұлттың патриоттары, б және ғ — космполиттер я болмаса басқа елдің патриоттары.
Ал ең қауіпті топ ол — ә тобы. Олар не патриот боларын, не космополит боларын білмей басы қатып жүрген адамдар. Ұлттық идеяларға, ұлттық дәстүр, дін, ділге қарсы жұмыс істейтіндер — осылар. Өйткені нағыз космополиттер (б және ғ топтары) ұлттық идеяны дамытушы кісілерге кедергі келтірмейді, олармен қатар өмір сүреді.
qyzylordalyq_jigit
Иңләндта 3 пәннен емтихан тапсырдым. Бүкіл лексия парақтарын, сосын Пропессор көрсеткен сол пән бойынша негізгі 2-3 кітаптарын не ғылыми мақалаларын (жалпы 500 беттен астам материал) толығымен оқисың, толығымен сараптайсың. Келуі мүмкін сұрақтарды алдын-ала беру деген жоқ. Сосын 3 сағат жазбаша емтихан. Камерамен бақылап отырады, көшіру түгілі сұрақтарды 5 минут бұрын ашып қойсаң да бағаң төмендетіледі.
Онымен қоса курстық жұмыс жазу да бір азап. Көшіруге мүлде болмайды. Компьютер бағдарламалары бар, соған салып, қай жерден көшіргеніңді баттитып береді. Міндетті түрде оннан астам әдебиет пайдалану керек, жұмысты өз сөзіңмен академи тілмен ұғынықты ғып жазу керек. Бірінші курстық жұмыстан -3 алып, әрең өткеннен кейін, кейінгілерін жазу үшін кітапханадан шықпай оқитын боласың.
Дипломдық жұмысты енді айтпай-ақ қояйын…
qyzylordalyq_jigit
Қолдаймын! Мемге айналдыру керек осыны. Үйде, достарым арасында ғана емес, көпшілік орындарда да ай аттарын қазақша айтамын енді. Уәде!
qyzylordalyq_jigit
Нұрберген бауырым, сенің жазып отырғаның дұрыс. Еліміздің тыныштығы үшін соғысқан аталарымызды құрметтеу үшін жылдың шамамен 7 күнінде (5-11 мамыр аралығын айтып отырмын) жыл сайын көңіл бөліп жүрміз. Бұл өте дұрыс. Менің де атам соғысқа белсенді қатысқан, ерлігімен көзге түскен.
Мәселе бұл тағзым күнін атап өту-өтпеуде емес. Мәселе қосарланған стандартта.
Мысалы, мен үшін жылдың ең атаулы күндері — бесеу. Олар Тәуелсіздік мейрамы, Наурыз мейрамы, Құрбан Айт, Ораза Айт және қазақ халқының ашаршылық пен репрессия құрбандарына тағзым күні. Бірақ қалған күндер де өте маңызды, оларды да атап өтуге тиістіміз.
Қосарланған стандарт дегеніміз — жоғарыдағы 5 атаулы күнге үкіметтің аз көңіл бөлуі болып отыр. Жаңа жылға шамамен 30 күн көңіл бөлеміз, Жеңіс күніне шамамен 7 күн, Астана күнін шамамен 10 күн атап өтеміз де, Тәуелсіздік күнін тек 1-2 ғана күн, ал ашаршылық пен репрессия құрбандарына тағзым күнін тіпті мүлде еске алмаймыз. Мысалы, кеше 2 мамыр күні осы тағзым күні болды. Оны айтқан жан болмады, ал Жеңіс күніне 1 апта бұрын қамдану дәстүрге айналған.
Басқа маңызды даталарды да ұлықтау мәселесін қолға ала бастауымыз керек деп ойлаймын.
qyzylordalyq_jigit
4\1 жеребесі:
Malaga v Borussia Dortmund
Real Madrid v Galatasaray
Paris St Germain v Barcelona
Bayern Munich v Juventus
qyzylordalyq_jigit
Қазір ШЛ матштарын UEFA-ның сайтында тікелей көруге болады дейді тегін, рас па екен. Үйде өрмек жоқ тексерейін десем.
qyzylordalyq_jigit
Ult bolsa, patriottyq sezim bolady.
Patriottyq sezim bolsa, ultyna jan ashu sezimi bolady.
Ultyna jan ashysa, tasjurek egoist bolmaisyn, altruist bolasyn.
Altruist bolsan, jaksylyk jasauga beiim bolasyn.
Jaksylyk jasasan ozinnin konilin tok bolady.
Konilin toq bolsa, uzaq omir suresin.
qyzylordalyq_jigit
Қазақ ұлтын қанының тазалығы, гені, ДНҚ-сының мықтылығы үшін сақтап қалу керек. Бұрынғыдай емес, сапалы білімге барлық ұлттың қол жетімді заманы енді ғана туды. Осы кезде ғана нағыз алғыр ұлт анықталады.
20-30 жылдан кейін ұлтымыз инновация мен мәдениет жағынан көш ілгеріде болады.
Сол үшін очм
qyzylordalyq_jigit
Turik tilin mysal retinde jazdym. Orys tilinen baska da shet tilderi bar goi degim keledi. 20 jyl boiy orys tilin uirendim, rahmet. Endi baska da shet tilderin uirengim keledi — agylshyn, turik, baska da tilderdi
qyzylordalyq_jigit
Арналар пакеттері деген болады ғо, сондай бірнеше пакет жасау керек:
— Очень русский пакет (100 русскоязычных + 0 казахоязычных + 0 иноязычных)
— Средне русский пакет (50 русскоязычных + 3 казахоязычных + 3 иноязычных)
— Мало русский пакет (10 русскоязычных + 40 казахоязычных + 10 иноязычных)
— Қазақша пакет (40 қазақ тілді + 3 орыс тілді + 3 ағылшын тілді + 3 түрік тілді)
qyzylordalyq_jigit
Егер мен кабел ТВ-ның басшысы болсам, онда былай жасар едім:
Қазақстанның 40 арнасы, Ресейдің 3 арнасы, Англияның ағылшын тілінде 3 арнасы, Түркияның түрік тілінде 3 арнасы болар еді.
Ал қазір қалай? Қазақстанның 15 арнасы, Ресейдің және шет елдің орыс тілді 50 арнасы.
Осы жағы түсініксіз мен үшін. Неге мен өзіме қызықсыз және миыма зиянды орыс тіліндегі арналар үшін төлеуім керек???
qyzylordalyq_jigit
Ал мен сол шулы Stretford End-пен бұрыштас жерде, Солтүстік мінбеде, шатырдың дәл астындағы VIP-ложаның қасында отырдым. Матч кезінде VIP-ложадағылармен пікір алмасып отырдық.
qyzylordalyq_jigit
Ұмытпасам, белсенді фанаттар осы қаптал мінбеде отырушы еді ғой. Қайта нағыз шудың ортасында отырған секілдісің ғо.
qyzylordalyq_jigit
посттағы кілт сөйлемдер:
— Назар аудару әдісі азаматтарға ғылым, экономика, психология, нейробиология және кибернетика сияқты салалардан білім алуға мүмкіндік бермеу мақсатында жұмыс істейді
— қарапайым адамдар мен биліктің білімі арасындағы айырмашылық ұлғая береді
qyzylordalyq_jigit
Жоғарыдағы 9 фактордың нақты көріністері:
1. Декрет туралы заң
2. Әліпби ауыстыру
3. Кеден Одағына өту
4. 2020 жылы бәр қазақша сөйлейді
6. Челах ісі
7. Түрлі ән шоулары, ән конкурстары
qyzylordalyq_jigit
13 саны сәттілік әкеледі. Кезінде 13 вагонмен барып, 13 вагонмен қайтып келген бір саяхатым өте сәтті болған. Ал жалпы, барлық санға бірдей қараймын.