ЖОО-да емтиханның қандай түрі дұрыс деп ойлайсыз

Дәл осы уақыт ЖОО дардың барлығында делік жазғы сессия өтіп жатыр. Біреудің қуанатын, біреудің құлайтын біреудің жылайтын енді бірееуді мұғалімнің артынан жүгіріп типа оқымыстылардың алаңсыз ауылға қайтатын уақыты. Қазіргі кредиттік жүйе бойынша базалық пәндер бланкі, жалпы білім беретін пәндер компьютермен тест тапсыру арқылы емтихан өтеді, Осыған көзқарастарыңыз…

ЖОО-да емтиханның қандай түрі дұрыс деп ойлайсыз

Бөлісу:

20 пікір

asaubota
маған Түркиядағы емтихан жүйесі ұнайды. мысалы кей сабақтардан тест болады. 25 сұрақ беріледі, әр қайсысы 4 баллдан. егер 3 қате істесең 1 дұрыс жауабың күйіп кетеді. яғни бостан босқа барлық сұрақтарды белгілей алмайсың. менің ойымша әділ. бізде мысалы дым білмесе де тек С-ларды белгілеп шығады, оның бірнешеуі дұрыс болады. бұлай дұрыс емес.

сосын мынандай емтихан түрі бар: барлық стдуенттерге сұрақ қағаздары таратылады. ішінде 3 немесе 5 сұрақ болады. 1 сағат ішінде соған жауап жазасың, есеп шығарасың. мұғалім өзі қояды бағасын, кейде есепті шығарып үлгере алмасаң да қойған формулаң, идеяңа қарап та бағалайды.
007
мысалы дым білмесе де тек С-ларды белгілеп шығады, оның бірнешеуі дұрыс болады.
ұбт ға дайындық кезінде сынып жетекші математикадан солай істеуді айтып еді 1 ден 25 ке дейін 1 нұсқаны белгілесе 5 дұрыс жауап келеді
torgai
Тисе терекке дегеннің сиқы ғой тест деген. Әрі компьютермен тапсырсаң. Досым 11 жыл жақсы оқып, БҰТ-тан құлады. 22 балл алды. Нұсқа номерін көрсеткендегі 1 сан компьютерде қате қабылданыпты. Кейін аппеляциясына жауап келді солай деп. Келер жылы қайта тапсырып 105 балл алып, қайта түсті қалаған оқуына.
temir1986
Тесстік жүйе түгелімен қате. Кредиттік де. Еш білім ала алмайсың одан.
Adiletshu
Жалпы ЖОО білім алмайсың. Диплом аласың. Ал білімді өз бетіңше ізденіп аласың
007
негізі бұл ойыңыз дұрыс, кредиттік жүйеде оқытушы тек бағыт көрсетет,қалғанын өзің ізденуің керек, университтеттің кітапханасындағы жалғыз жарым қазақша әдебиеттен жазып алып келгеніңнен балл төмендейді,ғылыми әдебиеттердің көбісі орыс тілінде, оқып жатқан мамандықтан бұрын жартылай кәсіпқой аудармашы боп шығасың 4 жылда
asaubota
жалпы Қазақстанда оқымаған дұрыс, егер шын білім алғың келсе. диплом керек болса ғана оқи салуға болады.
Zilola
Емтиханның керегі жоқ, жеке өзім емтихан болатыннан бір күн бұрын жаттап алып, емтиханнан бағамды алып табалдырықтан шыға бере түні бойы жаттағандарымды миымнан өшіріп тастайтынмын. Бұрынғы алған бағаларға қарап бағалаған дұрыс деп ойлаймын. Мектеп журналы, табель дегендер заңды құжат деп табылса деген ниет. Сосын ортақ база ашып, барлық бағалар да сонда түсіп отырса, құжаттарды қолдан жасау деген де болмас ед деген де ой бар. Әйтпесе біздің елде журналдар оңай жоғала салады.
Менікі жай әңгіме ғо, өзім мектеп бітіріп, диплом алып алған соң білгішсініп отырғаным ғо )))
007
қазір журнал электронды нұсқада, университеттің порталында тұрады, апта соңында оқытушылар баға енгізеді, студенттің оқу үлгерімін кез келген адам кез келген уақытта кез келген жерде инет арқылы қарай алады, ауылдағы ата-аналарға жақсы болды балаларын қадағалап отырады
Nodar
Маған ҰБТ ұнайды. Шындап, яғни өтірік тест жаттамай, 5-6 ай дайындалсаң 110-дан жоғары жинауға болады. Жақсы дайындала білсең, 11 жыл бойы оқымаған, меңгермеген біліміңді жинақтап, бекітіп алуға жақсы. Математика мен тарихты әсіресе. Тапсырғаныма 5 жыл болса да, қазір де 110-нан жоғары ала алам. /тексеріп көргем/.
Zilola
Бірде апельсин қабығынан пирог пісіріп, үйге қыдырып келген ініме ауыз тигізіп «неден жасалған» деп сұрадым, сөйтсем «мен тарихтан жаңылсам да, тамақтан жаңылмайтын адаммын, апельсиннен» деп жауап берді.
Айтпағым, тап осы інім мектепке чисто для галочки баратын, бірақ әкесі өз біліміңмен түсесің оқуға деген соң, ҰБТ-ға жатпай-тұрмай дайындалды, әке-шешесі репетитор жалдады. Не керек сол інім грантқа түсті.
Соңғы түзету:
007
құтты болсын, мамандығының рахатын көрсін!
Adiletshu
Мектеп бітіргеніме 7 жыл болды. Жақсылап 3-4 ай дайындалсам 100 баллдан асыра алам
Zilola
мектеп бітіргеніме 12 жыл болды, дайындықсыз мектептің ҰБТ-сынан 100ге жеткізетініме сенімдімін
qyzylordalyq_jigit
Иңләндта 3 пәннен емтихан тапсырдым. Бүкіл лексия парақтарын, сосын Пропессор көрсеткен сол пән бойынша негізгі 2-3 кітаптарын не ғылыми мақалаларын (жалпы 500 беттен астам материал) толығымен оқисың, толығымен сараптайсың. Келуі мүмкін сұрақтарды алдын-ала беру деген жоқ. Сосын 3 сағат жазбаша емтихан. Камерамен бақылап отырады, көшіру түгілі сұрақтарды 5 минут бұрын ашып қойсаң да бағаң төмендетіледі.
Онымен қоса курстық жұмыс жазу да бір азап. Көшіруге мүлде болмайды. Компьютер бағдарламалары бар, соған салып, қай жерден көшіргеніңді баттитып береді. Міндетті түрде оннан астам әдебиет пайдалану керек, жұмысты өз сөзіңмен академи тілмен ұғынықты ғып жазу керек. Бірінші курстық жұмыстан -3 алып, әрең өткеннен кейін, кейінгілерін жазу үшін кітапханадан шықпай оқитын боласың.
Дипломдық жұмысты енді айтпай-ақ қояйын…
konvict
IELTS немесе TOEFL жүйесін енгізсе деп ойлаймын. Немесе түрккияның нұсқасы да жақсы. Айтпақшы, мұндай жүйені әлі күнге түрік лицейлері қолданып жүр
sigma
Негізі мына нұсқа, басқа нұсқа деген дұрыс емес сияқты. Әр нұсқаның плюстері мен минустері болады. Жалпы мәселе 11 бітіргенше не боларға білмейтін бала мен «Балам пәлен жерде оқид» деп айту үшін оқуға түсіретін, онымен қоймай мен сияқты болсаң өлмейсің деп өз мамандығын теліп қоятын ата-анада.
Біздің колледждерде кімдер оқиды? Колледжде сотқар, қиын балдар, жанашыры жоқ жетім балдар, үлгермейтін балдар, ҰБТ тапсыралмай қалғандар.
Бізде конкурсқа өтетін балл жинай алмайтындар басқа жолдармен грантқа түсіп жатады. Қайдан сапа болады? Орамалын байлап ЖОО бітіред қайдан маман болсын? Жалпы қайда жүрсең де «біреудің аманатынсыз» болмайд, жүргенің сосын «балластарды» сүйреп.
Әр адам 11 бітіруге құқылы екенін білсе, қанша топас болса да, мектеп 11 бітіртсе екен, ЕНТ рейтингін қумай. колледжге шикілей барып (9 класпен), кез келген мамандық оқымаса. Колледжге 11 бітіріп баруға болатынын ескерсе.
temir1986
кеңестік жүйені қолданбай өнбейді ештеңе