Arular.kz
Рейтингі
+1115.81
Тәжірибе
3513.92

AKY

Жарияланымдар

image image

Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

Былтыр блогиада аясында инстааналар туралы жазған едім. Одан бері көп нәрсе өзгерді. Dubsmash секілді қосымшалардың шығуына орай инстааналардың қарапайым аккаунтынан инстаграмның кішкентай жұлдыздары пайда бола бастады. Бәлкім біразыңыз білетін де
image image

Дағдарыс дауасы - «Силициум-Казахстан»

Осыдан тұп-тура екі ай бұрын бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының қайта жандануы мүмкін деген сыбыс шығып, ол туралы мен де бірдеңе деген едім. Зауыт ашылғанда басшы ретінде тағайындалып, кейін істі болған Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі...

Информатика магистрі дәрежесін қосымша алғыңыз келсе...

Егер Сіз экономист, құрылысшы немесе инженер болсаңыз бері келіңіз. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Сіздің сала бойынша «Информатика магистрі» дәрежесін қосымша алуға мүмкіндік пайда болды. Университет «Желілік магистерлік программа «Информатика – қосымша мамандық» білім бағдарламасына абитуриент қабылдауды бастады. Бұл мамандық басқа сала мамандарына Информатика магистрі дәрежесін қосымша алуға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарлама Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отыр. Бағдарлама мақсаты – өзінің алғашқы мамандығының дағдыларын информатика облысындағы теориялық және техникалық дағдыларымен үйлестіре білетін әмбебап мамандарды даярлау. Жоба Евросоюздың 5 университеті (Германия, Литва, Польша, Финляндия, Франция елдерінен), Орта Азияның 10 университеті (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрменстан...

«Силициум-Казахстан» кремний зауыты қайта жандануы мүмкін

Ресейлік «Титан» компаниялар тобының басшысы Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында топ қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтыпты. Ол кім тағы дейсіз бе? Бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының басшысы. Тіпті «Силициум-Казахстан» 2010-жылы ең жоғары сапалы кремний өніміне қол жеткізген көрінеді. Бірақ аталмыш зауыт қалай салтанатты ашылса, солай тып-тыныш жабылыпты-мыс. Енді Сутягинский сол тірлікті қайта жандандырғысы келіп отырған сыңайлы. Ол жақсы ма, жаман ба, әзірге белгісіз. Михаил Сутягинский «Ресей мен Қазақстан – ынтымақтас мемлекеттер, олар бірнеше мемлекетаралық бірлестіктерде бірге жұмыс істеп отыр. Кремний секілді стратегиялық өнімді бірге өндіру жай пайда немесе табыстың мәселесі емес. Бұл сонымен қоса ұлттық мүдде мен қауіпсіздік мәселесі»...
image image

Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Иә, шынымен, мерейтойға бергісіз өтті. Банкет, мол дастархан, табақ тарту, бас ұсыну, сыйлық сыйлау, шапан жабу… Додасы бар, доданың жеңгені бар, ән, би… Көңілді. Бірақ әңгіме онда емес. 1-күн 20-түнгі препатиден титықтап шыққан біздер, шаршағанымызға қарамастан 21 күні «Талдықорған, қайдасың» деп...
image image

Блогиадашылар әні

Блогиадаға бір ән арналмаса оғаш шығар? :) Барлық қатысушылардың атынан «Блогиадашылар әнін» қабыл алыңыздар. Орындайтын Асқар Базарбай. Блогиадашылар әні Сөзі: Әйгерім Кеулімжай Әні: Асқар Базарбай 1. Көктем қызу басталды, Көркем көңіл, жас жанды Отыз екі блоггер, Сақадай-сай аттандық....
image image

Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады? Табысты қалай көбейтем? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Бұл мәселеде бізге тәуекел-менеджер, құрбым Мәдина көмекке келеді. Депозит Қаражат сақтаудың ең кең таралған және ең түсінікті құралы – депозит. Сонымен қатар ол қаражат құюдың ең сенімді жолы...
image image

Кофеханалар шеруі

Кофе мәдениеті елімізге енді-енді еніп жатқан секілді. Әлбетте кез-келген бұрышта сапалы кофені өзіңмен ала кететін дүңгіршек жоқ, дегенмен қаладағы арнайы кофеханалар саны көбейіп келе жатыр. Астанада 50-ден астам кофехана бар екен, ал Алматыда бұл сан 100-ге жетіп жығылады. Енді әзірге Алматымен сервис жағынан...
image image

Қыс. Тондар тартысы

Вуухх, күн суып кетті, ә? Дәл қазір ауа-райы -7 болып тұр. Тоңайын дедік пе. Тонды шығару керек болды енді. Тон демекші, Астананың қысына қалың киінбесе болмайды. Әлбетте жып-жылы пуховик немесе илі тон (дубленка) біздің қысқа дәл-ау, дәл. Бірақ түгі жылтыраған күзен тонды қай қыз қаламасын? Ал олардың бағасы кем...
image image

Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

2010 жылдың жазында қазақстандық интернет-басылымдарда қазақша фастфуд туралы жаңалық бұрқ ете қалған болатын. Олардың айтуынша, астаналық зейнеттегі әскери қызметкер, инженер Рахат Икибаев қазақ ұлттық тағамдарын популяризациялау мақсатымен қазақша фастфуд дайындау әдісін ұсынған. Оның бұл бастамасы жастар...
image image

Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен

Сәлем, достар! «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына тағы да онлайн-сабақтар легін жалғастыруды жөн көрдім. Бұл жолғы скринкасттарымның ерекшелігі – оған өзімнен бөлек қонақтардың қатысуы. Яғни «скринсұхбат» деуге болатын шығар. Скринсұхбатқа қонақ ретінде Codeo.kz cайтында IT-салаға қатысты тұрақты түрде...
image image

Акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынова: «Вумбилдинг – әйел денсаулығының кепілі»

«Вумбилдинг» терминін ең алғаш тұрмысқа шығып, жас босанған құрбымның аузынан естіген болатынмын. Тіпті ол әлдебір әйелдің қынабымен ауыр темірді қысып көтеріп тұрған видео сілтемесімен бөліскенде, «сонша зерттеп, соңына түсетіндей не көрінді екен оған?» деп қалғаным рас. Босанған соң әйелдерде не түрлі мәселелер...
image image

Мен неге үнемі тек өз атымнан жазамын?

Осы кезге дейінгі виртуал өмірімде бір де бір жалған аккаунт ашып көрмеппін. Барлық форум, блогтұғыр, әлеуметтік желілерде сол Әйгерім Кеулімжай деген бір атым. Себебі: 1. Саясатта шаруам жоқ Байқағаным, саяси көзқарасын тықпалау үшін немесе қоғамдағы кейбір болып жатқан құбылыстарға қатысты ойын қызмет...
image image

Тоғызқұмалақтағы кейбір амалдар

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты білмейтіндеріңіз кемде-кем болар. Иә, баяғыда ата-бабаларымыз қой бағып жүргенде жерді қаза салып қойдың құмалақтарымен осы ойынды ойнап, өз математикасын дамытқан-мыс. Кейін түрлі бағалы ағаштардан әдемі тоғызқұмалақ тақталары жасала бастаған. М.Әуезовтың «Абай жолында» осы...
image image

Математика жайлаған апта

Иә, бұл апта расында да математика жайлаған апта болды өзі. Қайда барсам — математика… Жә, басынан бастап айтайыншы. Бұлдыр математика Бұлдыр математикаға дүйсенбі күні-ақ тап болдым. Кафедрамыздың шақыртуымен бізге дәріс оқуға түу Жапониядағы Осака университетінен профессор Умано Мотохидо келіпті....
image image

Шетелде білім алу туралы 7 миф

Жылдан-жылға түрлі бағдарлама, стипендия көмегімен немесе өз қалталарынан қаржы шығарып шетелге білім алуға кететін қазақстандықтар көбейіп келеді. Өткен 2013 жылғы дерек бойынша шетелде оқып жүрген қазақстандықтар саны шамамен 67 мыңға жеткен екен. Бұл аз сан емес. Осыған орай біз шетелде оқумен біреуді...