Алаш Арена - жаңа спорт сайты



Қазнет (қазақша интернет) жақында тағы бір сайтпен толысты. Жаңа спорт сайты жарық көрді. Алаш арена! Спорт жаңалықтары, фото, видео бар. Жанкүйерлер өздеріне сайт ішінен блог та бастай алады. Сайттың орыс тілді нұсқасы да бар. Тек мазмұны жағынан емес техникалық тұрғыдан да жақсы орындалған сайт.

Осындай тақырыптық сайттардың көбеюі қуантады. Алашаренаға өз тақырыбында чемпиондық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

www.alasharena.kz
Әрі қарай

Кириллден төтеге, төтеден кириллге

Бүгін мына сайтты көрсетті бір жігіт:

www.kazakhsoft.com/Convert/Default.aspx?ln=kz



Кириллдегі мәтінді төте жазуға конверт жасайды екен. Және керісінше төтеден кириллге. Бұрынғы транслиттерге қарағанда бұл сапалы жасалған, әріп қатесі минимум.

Жаңа өзім қытайлық қазақтардың бір сайтындағы мақалаларды оқып көрдім. Түсінікті
Әрі қарай

Қазақша-ағылшынша онлайн сөздік

Қазір онлайн сөздіктердің ішінде қазақша-ағылшынша сөздік lugat.kz/ сайты бар. Сайтты жасаушы, идея авторы Ұлыбританияда оқитын қазақстандық жігіт Айбек Өжкенов. «Лұғат» сөзі орта ғасырлық түркі тілінше «сөздік» дегенді білдіреді.
Әрі қарай

box.net - АКЦИЯ!!!

14 қазаннан бастап box.net-те акция болып жатыр. iPhone/iPad-қа қосымша көшіріп алғанға қойманың көлемін 50 ГБ-қа кеңейтеді. Акция 50 күн болады, немесе 2 желтоқсанға дейін. Акция біткен соң 50 ГБ сенің жаныңда қалады.
http://habrahabr.ru/blogs/services/130483/
Әрі қарай

box.net

Box.net

Көлемі 25 мегабайттан аспайтын файлдарды сақтауға таптырмайтын қойма деуге болады. 5 Гбайт орынды тегін береді. Менімше рефераттарын, дипломдық жұмысын, суреттерін, және тағы басқа осы сияқты керек қағаздарын интернетке сақтап қоюға студенттер мен мұғалімдерге тиімді. Тіркелгеннен кейін интерфейс тілі ағылшынша болады. Бірақ «My Account -> Account Settings -> User Settings -> Language -> Русский -> Save» деп орыс тіліне ауыстыруға болады.
Мысалы мына файлды көріңдер.

Мәліметтерді интернетте тегін сақтауға мүмкіндік беретін он қызметке шолу >>>
Әрі қарай