Arular.kz
Рейтинг
+6.11

Махаббат қызық мол жылдар

image image

Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечита

Жігіт болғаннан кейін өміріңде бір рет болса да "қыз алып қашу" операциясына қатысып көрген дұрыс. Ауыл арасындағы «сыпсың» әңгімеден "қыз алып қашудың" неше-түрлі оқиғаларын естіп жатасың. Арасында сәттісі де болады, сәтсізі де болып тұрады. Тіпті кейбірінің ісі насырға шауып, беташарға деп...

Жұмыстық қатынас (Махаббат қызық мол жылдар 2)

«Махаббатсыз дүние бос». Сезім мен сырға толы 2013-тің көктемі де өзінің міндетін мінсіз атқарып, жазға эстафетаның шоқ жалынын ұсынды. Ал біздің ыстық сезім, ынтызар көңіл, сағыныш пен сырға толы таңға ұласар түндеріміз ой жүзінде қалып, реалды өмірде іске аспағанын ойласам, өзегім өрттей жанады. Сол бір кездер-ай дейсің. Өзіңді саябақта өсіп тұрған жұпар иісті гүлге теңер едім. Сол саябаққа ерекше ынтызарлықпен аяқ басып, хош иісті гүлдің арасындағы «отырғышқа» жайғасып, жан дүниеммен, ыстық деміммен иіскеп, бауырыма алсам да тоймас сезімді айтсаңшы. Алаулаған өрт сезімнің мәңгілік емес екенін білсемші. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қадіріңді жете түсінбедім-ау. Әрбір күнді бірге өткізгенмен не пайда? Көз алдымда күлімдеп тұрғанмен не пайда? « Жұмыстық қатынастан » не пайда? Сезім шоғына балқымаған соң… Күлімдегеніңмен, жұмбақ жанарыңнан бір сырдың барын анық...

махаббат қызық мол жылдар

Құдай ау қайда сол жылдар махаббат қызық мол жылдар Ақырын — ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар, — деп Абай атамыз жырлағандай сезім мен сырға толы жастықтың 24-ші көктемі өтіп жатыр. Бүгін мен өзімнің әріптесім Алина атты қыз туралы жазайын деп отырмын. Жұмысқа бірінші келгеннен, оң көзқарас қалыптастырған, осы бір сүйкімді әріптесімнен өзімді алыстау ұстайтынмын. Жеңіл әзіліне жылы ғана күліп, тереңдеп ойнап, әзілдесе бермейтінмін. Өзімді одан төменірек санайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе, екеуміздің құрдастығымыз бар, әлде ол төмен түсті жоқ, мен аздап өзіме сеніңкіредім ба, ашық жарқын араласа бастадық. Жұмыс уақытында, жәй сәлемдестіктен, зілсіз де болса «жаным»,«алтыным», "құдай бере салғаным" деген сияқты сөздер қолдана бастадық. Екеуміз де ортақ айтатынбыз. Әзіліміз де жарасып кетті. Осылайша, «сананы жіпсіз байлаған, әріптестік махаббатымыз...

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді. Одан айырылып, жабырқаған сәттерде мұңымды бөлісетін адам табылмай қала ма деп қорқам. Мұндай жағдай бұған дейін болған… Мәселе мынада. менің ер бала жолдастарым көп. Қыздармен бөліскенше сол сырларымды ер баламен бөліскенім әлдеқайда жақсы. Өз ойым, олар ешқашан сенің арқаңа түкірмейді, әрдайым қысылған, қиналған сәтте жаныңнан табылады. Бірақ сол достарымның уақыт өте келе маған деген достық адал сезімдері махаббаттың сезіміне айналуына қапа болам. Сөйтіп олар менің досым емес, маған ғашық адамға айналады… Біртіндеп арамызды суытамын да жоғалып кетемін, себебі олардың сезіміне солай жауап бере алмаймын. Айтайын дегенім, осы бойжеткен қыз бала мен жігіттің арасындағы достық сезімді қалайша сақтап қалуға болады? сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді күтем. Себебі тағы бір досымды жоғалтқым келмейді…

Сүйіктіңізге хат жазасыз ба?

Қыз бен жігіт жүріп жүрген кезде ерлі-зайыптылар сияқты оларда да ұрыс-керіс болып тұрады. Сондай кезде көбісі шыдамай бірін бірі тастап кетеді. Бір-бірі туралы неше түрлі сөздер айтып, ұмытуға тырысады. Мәселені шешіп көруге тырысу керек менің ойымша. Біз де жас болдық, біз де қателіктер жібердік. Мен мәселелерді хат арқылы шешуге тырысушы едім.

Бір-екі шумақ

Адамзат сезімі… Жүрекке әмір жүрмейді Сұраулы жүзбен қарайсың маған. Жақындасам жалтардың. Көңілім, неге болды екен алаң, Жаныңа батты-ау, шаңшар мұң… Айтқызбай-ақ, сездің бе, әлде, іштегі сырын сезімнің. Жүргенім де меңіреу халде, Жетегінде төзімнің. Мұз еді жүрек көргеннен сені, Шуағың тиіп еріп еді… Қайтейін бірақ, Мен емес теңің. Ойласам қайғы төгіледі. Аңсаған күнім алыста тегі, Білемін, қайта келмейді. Түсінсең жаным кешірші мені, Жүрекке әмір жүрмейді (Жаңғырық Бестәңірі) Келе берем Бардым. Тостым. Сен жоқсың, сезіндің бе? Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де. Білесің бе? Мен сені шын сүйемін, Келе бергім келеді кезігуге. Тосып тұрмын, Уақыт өтіп барады. Бір көруге өзіңді кетіп тағат. Ойыңа да келмеді-ау, бәлкім сенің, Мен келер деп кешігіп, тосып қалады. Айыға алмай түйіткіл жебелерден....