Arular.kz
Рейтинг
+6.88

Қазақтың ұлттық ойындары

Жамбы ату

Қазақтың көне ойындарының бірі. Шауып келе жатқан аттың үстіндегі ойынға қатысушы садағымен нысанаға тігілген жамбыны атып түсірген. Жамбы ретінде күміс немесе алтыннан жасалған тайтұяқтар немесе теңгелер тігіліп отырған.Жамбыны атып түсірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне қалдырып отырған. Бұл ойынға жігіттің жігіті қатысқан екен.Кей ертегілерде хандар жамбыны атып түсірген жігітке қызын берген делінеді. Кейінгі жылдары бұл ойын сәл өзгеріп шауып келе жатқан аттың үстіндегі жігіт белгілі сызықтың тұсына келгенде қолындағы найзаны ілулі шығыршықтан өткізуге тырысатын болды. Жезқазған қаласындағы Жамбылдың 150 жылдық тойында осы нұсқа ойнатылған еді.

Үш табан

Асық ойыны- Үштабан Үштабан Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін үш(асық санын қалауыңызша өзгерте аласыз, тым көп болмағаны жақсы 3-5 аралығы) асық және бір сақа болуы шарт.